43
алып, соған сүйене отырып оқыту үдерісіне өзгеріс енгізіп, түзетіп отырады. Қалыптастырушы
бағалау кезінде оқушы оқу үдерісіне белсене араласып, одан қандай нәтиже күтілетінін
түсінеді. Сонымен бірге, өз жұмыстарына өзі баға берумен қатар,
сыныптастарын бағалау
арқылы өзінің оқуын жетілдіреді.
Қалыптастырушы бағалаудағы мұғалімнің рөлі:
-
оқу мақсатына сәйкес ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендірілген бағалау
критерийлерін анық жазады;
-
оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар дайындап, оларға
қатысты дескрипторлар құрастырады;
-
оқушыларға тиімді
кері байланыс ұсынады;
-
оқыту және бағалау үдерісіне түзету енгізеді.
Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін жеке, жұптық, топтық жұмыс
түрлерімен қатар, оқушыларға ауысып отыратын топ құрамында жұмыс істеу ұсынылады.
Сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалауды ықпалдастыру барысында оның төмендегі
қағидаттарын ескерген жөн:
-
қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісінің бір бөлігі («оқу үшін бағалау»);
-
барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер
бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);
-
бағалау белгіленбейді (таңба қойылмайды);
-
оқушылардың оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге
асады;
-
әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі;
-
бағалау нәтижелері оқыту мен оқу сапасын, білім беру бағдарламасын жақсарту үшін
қолданылады.
Сабақты өткізуге дейін сабақтың әрбір кезеңін қалыптастырушы
бағалау тәсілдерін
қолдану арқылы мұқият жоспарлау және әріптестерімен талқылау мұғалімдердің қызметіндегі
жақсы тәжірибе болып саналады. Сабақтан кейін сабақ жоспары бойынша қысқаша
түсініктемелер жазып, сабақты талдау, рефлексия жасау мұғалімнің жұмысын жетілдіре
түседі. Бұл мұғалімге
келесі сабақты жақсартып, онда қолданылатын әдіс-тәсілдерді,
тапсырмаларды, ресурстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл басқа
мұғалімдермен ақпарат алмасып, озық тәжірибелерімен бөлісуге жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: