Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет22/122
Дата12.03.2022
өлшемі1,66 Mb.
#135293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   122
Байланысты:
02 Мұғалімге арналған нұсқаулық
Геомет 11 сын ЖМБ КМЖ, 1606281078, 1553972817, The best language learner Лучший знаток языка, 1530560643, Шаблон 4 к.1сем рк1, null, жоспар рухани, Modern English period, Кіру билеті, fizika-7-synyp-test-sratary-5-nsa..... (1), stud.kz-21511, Жетекшілік жоспар Раушан, Жетекшілік жоспар Раушан
Химия есептерін шығаруды 
оқушылардың химияны оқу кезіндегі өздік жұмыс әдісі 
ретінде қарастыруға болады. Химия есептері оқыту сапасын жетілдіруге, білімді бекітуге, 
пәнаралық байланысты орнатуға көмектеседі. Оқушылар есептеу арқылы шеше білуі тиіс 
есептердің түрлері пәннің оқу бағдарламасында көрсетіледі. Сондай-ақ бағдарламада 
химиялық реакцияларды бақылаумен және түсіндірумен, нақты заттарды алумен, заттың 
химиялық құрамын анықтаумен және оны танумен, қоспаларды бөлумен, заттардың құрамы 
мен қасиеттерін салыстырумен байланысты сапалық есептер де көзделген. Оқыту кезінде 
аралас есептер де кеңінен қолданылады. Оқушылар үшін есепті таңдаған кезде мұғалім оны 
келесі мақсаттар тұрғысынан бағалауға міндетті: 
1.
Есепті шешу барысында қандай ұғымдар, заңдар, теориялар, фактілер бекітілуі тиіс? 
2.
Есепті шығарудың қандай амалдары қалыптастырылуы тиіс? 
3. Есеп шығару барысында қандай ойлау дағдылары дамиды? 
4. Бұл есеп қандай дидактикалық функцияларды атқарады? 
Егер мұғалім теориялық материалды бекітуді алға мақсат етіп қойса, онда есеп шығару 
әдісі оқушыларға белгілі болуы тиіс. Егер мұғалім шешу әдісі бойынша есептің жаңа түрін 
түсіндіргісі келсе, онда оқушы оқу материалын жақсы түсініп, еркін жұмыс істей білуі тиіс. 
Есептердің жаңа түрін үйрену үшін жеке сабақ бөлу керек. Мұғалім мұндай сабақта алдымен 
есепті шығарып көрсетеді, одан кейін тақтадағы өз жазбаларын пайдаланып, оның шешімін 
тағы да пысықтайды және оқушылар жазып алуы үшін есепті шешу жолын нақты 
тұжырымдайды. Осыдан кейін басқа оқушылардың қатысуымен және мұғалімнің 
жетекшілігімен ұқсас есепті шығару үшін тақтаға бір оқушыны шығаруға болады. Осындай 
бекіту жұмысынан кейін оқушыларға өз бетімен шешуге есептер беріледі. Мұндай есептер үй 
тапсырмасына да енгізіледі. Кейінгі сабақтарда үйретілген есепті шығару дағдылары 
бекітіледі және соңында осындай есептер бақылау жұмысының тапсырмасына енгізіледі. 
Шығармашылық тәсілдерді талап ететін күрделі есептерді оқушылардың қабілетіне 
байланысты мықты оқушыларға өз бетінше шығаруға беруге болады.
Бақылау.
Бұл сезу органдарының жұмысына сүйенетін, таным қызметінің белсенді 
әдісі. Сәтті болуы үшін бақылау бірқатар талаптарға жауап беруі тиіс: 
1) алдын ала ойластырылуы, яғни бақылау белгілі бір мәселені шешу үшін жүргізіледі;


20 
2) жоспарлылық, яғни бақылау алдын-ала әзірлеген жоспар бойынша жүргізіледі;
3) белсенді бақылау, яғни оқушы үдерістерді жай ғана бақылап қоймай, өзінің білім 
қорын пайдаланып керектісін бақылап, таңдайды;
4) жүйелілік, яғни бақылауды белгілі бір жүйе бойынша әртүрлі жағдайларда бірнеше 
рет жүргізгенде ғана қажетті ақпаратты алуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет