34
қалыптастырып, оқу қабілеттерін дамытуға бағдарланған. Пәндердің оқу бағдарламасы
оқушылардың төменде аталған мүмкіндіктерін дамытуды көздейді:
-
зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беру;
-
кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын
белсенді дамыту;
-
өзіндік рефлексияға және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру;
-
қазір және келешекте кез келген өмірлік жағдайда кездесуі мүмкін негізгі жаһандық
проблемаларды түсінуге және оларға сәйкес әрекет ете білуге ынталандыру.
Мектептегі негізгі пәндерді оқу арқылы оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып, өзінің
оқуы үшін жауапты болуға үйренеді. Оқушылар өзіндік көзқарасы мен пайымдауын
қалыптастырып, дамытуға, мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге дағдыланады.
Мысалы, олар дәлелдерді талдау мен бағамдауды және ойлау дағдылары туралы ойлануды
үйренеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс орнату арқылы олар ақпаратты тиімді
пайдалануды үйренетін болады.
Оқыту үдерісінде белгілі бір нақты пәнді зерттеу маңызды болғанымен, пәнаралық
жұмыстарды жүргізу пәндерді анағұрлым сапалы меңгеруге оң ықпалын тигізеді. Кэрру
(Kerry, 2007) тұжырымдағандай, пәнаралық байланысты қолдану білімнің өзара тығыз
байланыстылығы туралы Джон Дьюидің еңбектеріне негізделеді. Оқыту мен оқудағы бұл
бағытты сындарлы оқыту теориясын жақтаушылар қолдайды, оқушылар бірлескен жұмыс
барысында пәнаралық проблемаларды талқылап, өзара пікір алмасады (Hayes, 2010).
Оқушылар әртүрлі пәндер бойынша оқыту аспектілерін пайдалана алады немесе бір пән басқа
пәнді оқытуды жетілдіруге негіз бола алады. Пәндер бойынша білімді ықпалдастыру
оқушылар үшін білім беру үдерісінің өзара байланыстылығы мен маңызын арттыруға
бағытталған. Орта буын және жоғарғы сынып оқушылары жаратылыстану және химияны
басқа пәндермен байланыста қарастыруы тиіс, себебі пәнаралық байланыс олардың оқуын
барынша тиімді модельдеуіне мүмкіндік береді.
Жаратылыстану және химия сабақтарында пәнаралық байланысты жүзеге асыру
оқушылардың пәндерге қызығушылығын арттыруға және білім сапасын көтеруге,
оқушылардың ғылыми ойлау деңгейін дамытуға, оқу пәндеріне біртұтас жүйелі көзқарас
қалыптастыруға,
оқушыларды
шығармашылығын
дамытуға
және
ғылыми-зерттеу
жұмыстарына тартылуына мүмкіндік береді. Пәнаралық байланыс сабақта тақырып бойынша
басқа пәндерден білімін пайдалану, кешенді эксперименттік жұмыс орындау, кешенді
экскурсиялық сабақ өткізу және көлемді оқу материалын жалпылама қорыту барысында жүзеге
асады.
Жаратылыстану ғылыми дүниетаным негізі ретінде табиғат туралы ғылыми білімдердің
жүйесін құрайды, әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан
бейнесін сипаттайтын табиғаттың негізгі заңдарын түсіндіреді. Қазіргі заманғы дүниетаным
әлем мен ондағы байланыстарды көрсететін «табиғат-адам» жүйесіндегі байланыстар туралы
білімге негізделген. Қазіргі кезеңде жаратылыстану ғылыми білімін қалыптастырудың
әдістемесі табиғат пен адамның біртұтастығы туралы ілімге, сондай-ақ, табиғат пен адам
тіршілігінің ерекшеліктерін біртұтас-жүйелі талдау тәсілдеріне негізделеді. Бұл ғылыми
жаратылыстану пәндерінің бір-бірімен тығыз байланысын көрсетеді, сонымен қатар
«Жаратылыстану» пәні сыныптағы басқа пәндермен тығыз байланыста болатын өз
деңгейіндегі бір ішкі жүйе ретінде көрініс табады. Сондықтан, сабақтарда пәнаралық
байланыстарды және жаратылыстану біліміндегі сабақтастықты қарастыру қажеттілігі
туындайды.
7-кесте
. «Жаратылыстану» пәнінің басқа пәндермен байланысы
Достарыңызбен бөлісу: