Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Оқу бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы



Pdf көрінісі
бет4/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
1541881748 (1)
2 Физика 9- сынып Рентген сәулелері саба жоспары (1), 1516596066288, osh sor geografija 9-klass kaz, ТАҚЫРЫП, test base 294, test base 294
 
Оқу бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы 
Технология, коммуникация және ғылым салаларындағы елеулі өзгерістер әлемдік 
экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу 
үшін қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Сонымен қатар, қарқынды жаһандану 
ұлттық экономикаға да ықпал етуде, оның үстіне қазіргі уақытта экономикалық дамуды 
қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артып отыр. Женевадағы 
Халықаралық еңбек ұйымының (2006) баяндамасы мұның жеке азаматтар үшін 
маңыздылығын көрсетті: «... көлік және коммуникация саласындағы елеулі жетістіктермен 
қатар, сауда мен капитал ағымын ырықтандыру: өз еңбегінің жемісін сату үшін әлемдік 
нарықта өзара бәсекелестіктегі жұмысшылар мен жұмыс берушілердің саны күннен-күнге 
артып келе жатқандығын көрсетеді» (VII б.). Жаһандану тек жұмыс орындарына әсер етіп 
қана қоймай, сонымен қатар, оның қолжетімді жұмыс түрлеріне және сәйкесінше, жұмыс 
табу үшін қажетті білім мен дағдыға да әсері артып келеді.
Гриффин және басқа авторлардың (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) айтуы 
бойынша: «...экономикасы дамыған елдерде өнеркәсіптік өндірістен ақпараттық қызмет 
көрсету және байланыс қызметін көрсетуге ауысып жатқаны айтарлықтай байқалды» (17-
б.). Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі ХХІ 
ғасырда басқа да негіздер бар: өзара қарым-қатынастың арттыру; әлеуметтік өзгерістер; ауа 
райының өзгеруімен байланысты проблемалар; бүкіл әлемдегі халық санының қарқынды 
өсуі; шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі; осылардың барлығы мектеп оқушылары 



қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу үшін бұрынғыға қарағанда анағұрлым 
көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді.
Білім – елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ 
мерзімді стратегия. Көптеген авторлар, соның ішінде Виллем Те Вельде (Willem te Velde, 
2005) жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білімнің қажеттігі туралы өз 
пікірлерін айтты. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін 
білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. М. Муршед және басқа 
авторлар (Mourshed, M. et al, 2010) жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында өзгеріс 
енгізу үдерісіне қатысатын жүйелердің саны артып отырғанын, білім беруді 
реформалаудың қарқынды артып келе жатқанын атап көрсетті. 
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы 
мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені 
үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар 
туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда 
қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. 
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жоғарыда сипатталған жаһандық 
проблемаларға жауап бере алатындай жұмыстар республикалық деңгейде жүргізілуде. Оқу 
бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне 
қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының 
жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап 
етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, 
іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. 
Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін 
қабылданған шаралардың бірі болып табылады. 
Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартын бекіту, «География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша үлгілік 
оқу бағдарламасын әзірлеу осы үдерістің құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушылардың 
жаратылыстану ғылымдарын зерттеуі «Жаратылыстану» пәнінен басталады. Бұл олардың 
әлем туралы білуге құмарлығын арттырып, дүниетанымын кеңейтуге, қоршаған әлемді 
ғылыми тұрғыдан түсініп, ол туралы біртұтас көзқарас қалыптасуына, бұл әлемді бағалап, 
сақтай білуіне көмектеседі. «Жаратылыстану» пәнін оқыту оқушылардың зерттеу, ойлау 
және коммуникативтік дағдылары мен біліктерінің негіздерін қалыптастыруға бағытталған. 
Жаратылыстану негізгі орта (7-9-сыныптар) және жалпы орта (10-11-сыныптар) білім 
деңгейінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Химия», «Биология», «География», 
«Физика» пәндерін және жалпы орта білім (10-11-сыныптар) деңгейінде қоғамдық-
гуманитарлық бағыттағы «Жаратылыстану» пәнін зерделеуге арналған ықпалдастырылған 
курс болып табылады. 
Жаратылыстану-ғылыми білімнің құрамдас компоненті ретінде «География» пәні 
табиғи, қоғамдық, әлеуметтік нысандарды, құбылыстарды, үдерістерді өзара бірлікте 
қарастыратын маңызды пән болып табылады және оқушыларды түрлі географиялық 
жағдайларда адамдардың өмір сүру деңгейімен, шаруашылықтың жүргізілуі жайлы 
деректермен таныстыра отырып, адамзаттың өмір сүру ортасын кешенді қарастырады, 
оқушылардың дүниені нақты заңдар бойынша қалыптасатын және дамитын аумақтық 
табиғи-қоғамдық жүйелер түрінде қабылдауын қалыптастырады. Жаратылыстану мен 
географиядағы зерттеу тәсілдерімен байланысты ақпаратты өңдеуде ақпараттық 
технологияларды қолданудың маңызы зор.
«География» және «Жаратылыстану» пәндеріне қатысты академиялық тілді қолдану 
оқушылардың айқын және жатық сөйлеу дағдыларын дамытуға, қоршаған әлем 
құбылыстары мен табиғат жағдайларын сипаттау үшін тілдік құралдарды тиімді таңдап 
пайдалануына мүмкіндік береді. География мен жаратылыстануды табысты оқыту 
мұғалімнің кәсіби тәжірибесі мен құзыреттілігіне, оқу үдерісі нәтижелеріне басым көңіл 
бөлуіне байланысты. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет