9
1-сурет
. Оқу бағдарламасының үйлесімділігі
Үйлесімділік оқу бағдарламасы мен бағалау модельдері әзірленетін жүйе деңгейінде
ғана емес, әр сыныпта, әр сабақта қолданылады. Мұғалімдер өздерінің оқыту қызметі оқу
бағдарламасының іске асырылуына қолдау көрсететініне, ал бағалау оқушыларға қажетті
ақпаратты жеткізуге және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге көмектесетініне сенімді
болуы керек. Бұл мұғалімдердің тиімді оқытудың түйінді үш компоненті – оқу
бағдарламасы, педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің оқушылар үшін бірлесіп
қалай тиімді қолданылатынын толық түйсінуінің маңызды
болып табылатынына назар
аудартады.
Пән аясында оқушылардың қол жеткізуі көзделетін оқу мақсаттары оқу
бағдарламасында ұсынылған. Оқушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз
ету үшін мұғалімдерге оқу жоспарында ұсынылған тапсырмалар мен кәсіби дайындығын
пайдалану арқылы қажетті педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдана білуіне әдістемелік
қолдау көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: