Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет7/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54
Байланысты:
1541881748 (1)
2 Физика 9- сынып Рентген сәулелері саба жоспары (1), 1516596066288, osh sor geografija 9-klass kaz, ТАҚЫРЫП, test base 294, test base 294
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері: 
-
пән мазмұнын жобалаудың спиральділік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді 
арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді 
тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру); 
-
таным заңдылығы мен пәндік амал-тәсілдердің неғұрлым маңызды түрлері бойынша 
ойлау дағдыларының деңгейлеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқу 
мақсаттарының иерерахиясы; 
-
білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық 
мақсаттардың пәнішілік байланыстарын барынша ескеруге мүмкіндік беруі; 
-
бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланысты жүзеге асыру 
барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
-
бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сай болуы
әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару; 
-
оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде 
технологияландыру болып табылады (Ұлттық білім академиясы, 2016). 
Оқу бағдарламасының үйлесімділігі 
Жоғары көрсеткіштерге жеткен білім беру жүйелерін талдау оқу бағдарламасының 
«үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса маңызды болып 
табылатынын көрсетіп отыр (Schmidt and Prawat, 2006). Оқу бағдарламасын жаңарту 
тұрғысынан «үйлесімділік» оқу бағдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде 
орындалатынына қатысы бар барлық компоненттер бірлесіп әрекет етіп, бір-бірін 
толықтырып, нығайтады дегенді білдіреді (Oates, 2010). Демек, оқу бағдарламасының 
мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс 
(Roach et al., 2008). Мұны төмендегі сызбадан (1-сурет) көруге болады: 



1-сурет
. Оқу бағдарламасының үйлесімділігі 
Үйлесімділік оқу бағдарламасы мен бағалау модельдері әзірленетін жүйе деңгейінде 
ғана емес, әр сыныпта, әр сабақта қолданылады. Мұғалімдер өздерінің оқыту қызметі оқу 
бағдарламасының іске асырылуына қолдау көрсететініне, ал бағалау оқушыларға қажетті 
ақпаратты жеткізуге және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге көмектесетініне сенімді 
болуы керек. Бұл мұғалімдердің тиімді оқытудың түйінді үш компоненті – оқу 
бағдарламасы, педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің оқушылар үшін бірлесіп 
қалай тиімді қолданылатынын толық түйсінуінің маңызды болып табылатынына назар 
аудартады. 
Пән аясында оқушылардың қол жеткізуі көзделетін оқу мақсаттары оқу 
бағдарламасында ұсынылған. Оқушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз 
ету үшін мұғалімдерге оқу жоспарында ұсынылған тапсырмалар мен кәсіби дайындығын 
пайдалану арқылы қажетті педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдана білуіне әдістемелік 
қолдау көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет