Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет8/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54
Байланысты:
1541881748 (1)
2 Физика 9- сынып Рентген сәулелері саба жоспары (1), 1516596066288, osh sor geografija 9-klass kaz, ТАҚЫРЫП, test base 294, test base 294
 
 
 


10 
«ГЕОГРАФИЯ» ЖӘНЕ «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОҚУ 
БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 
«География» және «Жаратылыстану» пәндерінің оқу бағдарламаларының негізгі 
мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа пәндермен 
сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің үздік 
дәстүрлерінің негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.
«География» пәні
. «География» пәні табиғи, қоғамдық, әлеуметтік нысандарды
құбылыстарды, үдерістерді бірлікте қарастыратын маңызды пән болып табылады және 
табиғаттың, халықтың және қоғамның өзара әрекеттесу проблемаларының кең ауқымын 
қамтиды. Бұл пән оқушыларды түрлі географиялық жағдайларда адамдардың өмір сүру 
деңгейі, шаруашылықтың жүргізілуі жайлы деректермен таныстыра отырып, адамзаттың 
өмір сүру ортасын кешенді қарастырады және дүниені нақты заңдар бойынша қалыптасып, 
дамитын аумақтық табиғи-қоғамдық жүйелер түрінде қабылдауды қалыптастырады.
Географиялық білім жергілікті және ғаламдық деңгейлерді қамтитын көптеген 
геосаяси, саяси, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық сипатқа ие проблемалардың 
шешімін, географиялық заңдылықтарды түсінуге көмектеседі. Сондай-ақ қоғамның 
аумақтық бөлінісін ұйымдастырудың және табиғатты пайдаланудың тиімді жолдарын 
дәлелдеуге, қоғамның қауіпсіз даму стратегияларының негізін жасауға, белгілі бір уақыт 
пен кеңістікте қоршаған табиғи ортаны тиімді пайдалану және сақтау проблемаларын 
шешуге мүмкіндік береді. 
«География» пәнін негізгі орта білім деңгейінде (7-9-сыныптар) оқытудың мақсаты 
дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдай білетін, географиялық ойлау қабілеті 
дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін және қолданатын, географиялық 
мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу үшін оқушылардың білік пен дағдыларын қалыптастыру 
және дамыту болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерді шешу 
қажет болады: 
- географияның ғылыми пән ретіндегі рөлі мен оның қазіргі заманғы адамзат 
мәселелерін, сондай-ақ ғаламдық мәселелерді шешудегі әлеуетін түсінуге мүмкіндік беру; 
- оқушылардың бойында табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарға, осы 
байланыстардың кеңістіктік ерекшеліктеріне ғылыми көзқарастарды қалыптастыру
- қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми-
жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін ашу;
- оқушылардың географиялық зерттеу әдістері мен зерттеу дағдыларын игеруіне 
ықпал жасау; 
- оқушылардың география ғылымының түсініктері мен терминдерін меңгеруіне ықпал 
жасау; 
- оқушылардың кеңістіктік ойлауы мен картографиялық дағдыларын қалыптастыру; 
- географиялық білімді күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде пайдалану дағдыларын 
қалыптастыру. 
Жалпы орта білім деңгейінде «География» пәні бойынша оқу бағдарламасының 
мақсаты – оқушылардың қоғам мен географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерінде 
туындаған геоэкологиялық, геоэкономикалық, әлеуметтік, геосаяси және ғаламдық 
проблемаларды шешуге бағытталған географиялық білімдерін, біліктері мен дағдыларын 
қолдану үшін жағдай жасау. Аталған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешу 
қажет: 
- оқушылардың бойында географиялық кеңістіктік ойлауды, географиялық мәдениет 
пен тілді дамыту; 
- геоэкологиялық, геосаяси, геоэкономикалық, әлеуметтік үдерістер мен 
құбылыстарды зерттеу үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті ұстанымдар туралы 
түсінікті дамыту; 


11 
- оқушыларға картографияны, геоэкологияны, геоэкономиканы, геосаясатты, елтану 
мен адамзаттың ғаламдық проблемаларын зерттеу барысында геокеңістіктік деректерді 
өңдеудің заманауи әдістерін қолдану үшін жағдай жасау; 
- оқушының бойында қазіргі дүниенің географиялық көрінісін іс-әрекеттер арқылы 
зерттеп-тану барысында құндылықтар жүйесін қалыптастыру; 
- геокеңістіктік әдістер және деректермен жұмыс істейтін мамандық пен кәсіп иелері 
атқаратын әрекеттерді орындату арқылы оқушыларға кәсіби бағдар беру (оқу 
бағдарламасы, 10-11-сыныптар). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет