Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет16/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54
Байланысты:
1541881748 (1)
2 Физика 9- сынып Рентген сәулелері саба жоспары (1), 1516596066288, osh sor geografija 9-klass kaz, ТАҚЫРЫП, test base 294, test base 294
Экскурсия
 
сабағы оқу әдісі және сабақты ұйымдастыру үлгісі ретінде география мен 
жаратылыстануды оқытуда маңызды орын алады. Экскурсия мектептің немесе сыныптың 
аумағынан тыс, табиғи немесе өндірістік нысандарға саяхат арқылы жүзеге асырылатын 
оқыту тәсілі және оқу үдерісін ұйымдастыру түрі болып табылады. География мен 
жаратылыстануды оқытуда экскурсия оқу-тәрбие жұмысының бір түрі болғандықтан, 
оқушылар топтық экскурсияны табиғат аясында, далада, мұражайларда, өзен аңғарында т.б. 
өткізеді. 
Экскурсия алдын ала белгіленген тақырып бойынша және белгіленген мерзімде 
бағдарлама бойынша өткізіледі. Мазмұнына байланысты 
тақырыптық
 
экскурсия

кешендік
 
экскурсия

кіріспе
 
экскурсия

қорытынды
 
экскурсия
 
түрінде болуы мүмкін. 
Тақырыптық
экскурсия география не жаратылыстану пәнінің нақты бір тақырыбына 
арналады. 
Кешенд
і экскурсия мазмұндық жағынан ұқсас тақырыптар бойынша бірнеше пән 
көлемінде ұйымдастырылады, мысалы, география, жаратылыстану, биология. Бұл 
пәнаралық байланысты көрнекі көрсетуге мүмкіндік береді. 
Кіріспе
экскурсия тақырыпқа 
кіріспе жасау мақсатында ұйымдастырылады; қарастырылатын тақырыптың тәжірибелік 
маңызын көрсетіп, оқушыларды сабаққа қызықтыруды көздейді. 
Қорытынды
экскурсия 
оқушылардың белгілі бір сала бойынша оқып үйренгендерін қорыту, өмірмен 
байланыстыру мақсатында ұйымдастырылады.
Экскурсия теориялық білімді тәжірибемен байланыстырумен қатар белгілі бір сала 
мамандарының жұмысымен танысуға да мүмкіндік береді. Оқушыларға экскурсиядан соң 
танысып-білгендері бойынша таныстырылым дайындау, баяндама жасау, т.б. түрінде ой-
түйіндеу тапсырмаларын беруге болады. Экскурсияны қорыту үшін саяхаттан алған 
білімдері мен орындаған жұмыстарын бағалауға мүмкіндік беретін пікір алмасу, талқылау 
түрінде қорыту сабағын өткізуге болады. 
География мен жаратылыстануды оқытудағы топтық экскурсияның маңызы: 
- оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-өрісін кеңейтеді; 
- оқушылардың іздемпаздығын арттырады; 
- өзі тұратын өлкені тануға, табиғатты зерттеуге талпындырады; 
- оқушылар өзін заттарға дұрыс қарауға, адамның еңбегін бағалауға дағдыланады. 
Оқушылар экскурсия барысында өзін қоршаған орта, табиғат туралы, оның 
физикалық-географиялық және табиғи-әкімшілік ерекшеліктері туралы білім алып қана 
қоймай, сонымен қатар, келешектегі оқуы мен кәсіби қызметі үшін зор маңызы бар өз 
бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгереді. 
Топтық экскурсияны бірнеше түрге бөлуге болады: 
- табиғатқа экскурсия
- мұражайға, ботаникалық баққа, зоологиялық паркке, географиялық кешенге 
экскурсия; 
-табиғи-аймақтық кешендерге жасалатын экскурсия. 
Географияны оқыту барысында экскурсия ұйымдастыруда бірқатар ережелерді ескеру 
қажет:
- белгілі бір физикалық-географиялық кешендерді таныстыру арқылы тәрбиелік 
маңызы бар жұмыстар жүргізу; 


21 
- табиғи-әкімшілік кешенді оқып үйренуді кезеңдер бойынша бірте-бірте жүзеге 
асыру; 
- топтық экскурсия барысында бақылау жасау, географиялық қабықта болып жатқан 
оқушыларға әлі белгісіз құбылыстар мен үдерістерді түсіндіру кезінде салыстыру әдісін 
қолдану;
-табиғатты зерттеудің тәжірибелік маңызына оқушылардың назарын аударту, 
балаларды табиғатқа мұқият қарап, қамқорлық жасауға, оның байлықтарын қорғауға 
тәрбиелеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет