Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


«ГЕОГРАФИЯ» ЖӘНЕ «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет12/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
Байланысты:
1541881748 (1)
2 Физика 9- сынып Рентген сәулелері саба жоспары (1), 1516596066288, osh sor geografija 9-klass kaz, ТАҚЫРЫП, test base 294, test base 294
«ГЕОГРАФИЯ» ЖӘНЕ «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР 
 
Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің 
қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды. Хэтти (Hattie, 
2011) білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін жүргізілген 60155 
педагогикалық зерттеу аясында 9000-нан аса метаталдау әдісін пайдаланды. Олар алдында 
қол жеткізген жетістіктерден кейін оқушылардың алға жылжуына мұғалімдердің 
педагогикалық шеберлігі айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрсетті. 
Мұғалімдер пайдаланатын әдіс-тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. 
Педагогикалық әдістемелерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру 
стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктері мен нәтижелілігін 
төмендетеді. 
Оқу бағдарламасының, оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылуы 
қажеттігінің мысалын Хименес-Алейксандренің (Jiménez-Aleixandre, 2008) дәлелдерді 
құрудың оңтайлы оқу ортасына арналған ұсынысынан көруге болады (2008, cited by 
Katchevich et al, 2011): 
1) Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалап, өздері 
ұсынған қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы 
тиіс. 
2) Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған 
рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін 
оқыту
 
тәсілдерін
қолданулары керек.
3) 
Оқу
 
бағдарламасы
 
проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс. 
4) Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді 
бағалауда
 
білікті болуы керек және 
оқушыларды тек жазбаша тестілеу бойынша ғана бағалауға болмайды. 
5) Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай 
алынғанын талдай білуі тиіс. 
6) Оқушыларға диалогке және бірлескен оқуға қатысуға мүмкіндік беру керек. 
«География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламаларындағы оқу 
мақсаттары оқушылардан өздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой-пікірлерін білдіріп, оны 
талдай және бағамдай білуді талап етеді. Бағалау жүйесі «География» және 
«Жаратылыстану» пәндерін оқытуда критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау» 
тарауында қарастырылады. Сонымен қатар, педагогиканың түрлі аспектілері, атап 
айтқанда, оқушыға бағдарланған әдіс-тәсілдер, проблемаларды шешу, рефлексиялық оқу 
және бірлескен оқу тәсілдері қарастырылады. 
Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. 
Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту 
кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы оқыту 
тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы 
тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған 
дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе
онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болады. Мұндай үстірт білім 
оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан 
ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. 
Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді 
қатысуы керек. Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз 
дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығулар орындауға мүмкіндік беру аса 
маңызды болып табылады. 
«География» және «Жаратылыстану» пәндерінің мұғалімдері оқушыларды өздігінен 
білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, 
жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны 
қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады. Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл 


17 
қасиеттерді әртүрлі оқыту тәсілдерін қолдану арқылы тәрбиелейді және дамытады: 

сенімді қатынас пен ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру үшін жағдай жасау; 

оқушылардың жеке мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, 
сараланған тапсырмалар әзірлеу; 

пәнаралық сипаттағы зерттеу сұрақтары мен тапсырмаларын құрастыру;

топ жетістікке жетуі үшін әр оқушының түрлі рөлде жұмыс атқаруына мүмкіндік 
беретін топтық жұмысқа жағдай жасау;

өз ойын жеткізе білу және дәлелдер келтіре алу, мәселелерді анықтау үшін өз 
пікірлерін жеткізу, болжам құру және ұсыныс жасау қабілетін дамытуға 
ынталандыратын жағдайлар жасау; 

оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне негізделген белсенді оқуды 
ұйымдастыру; 

оқушылардың сабақта зерттеу жұмыстарын жүргізуі, тәжірибелер жасауы мен түрлі 
дереккөздерді пайдалануын қажет ететін проблемалық жағдаяттар туындату; 

зерттеу тақырыбын өз бетінше таңдауын, жоспарлауын және зерттеу нәтижелерін 
ұсынуын 
ұйымдастыру 
арқылы 
оқушылардың 
зерттеу 
жұмыстарына 
қызығушылығын қолдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет