Жолдасова Айнур Алибековна
Төлеби ауданы, Ақбастау ауылы,
Ақбастау ЖОМ, бастауыш сынып мұғалімі
ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНЕН «ЕГІНШІ МЕН ҚАСҚЫР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚҚА РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
«Шәкірті білімді болу үшін, ұстазы білікті болу шарт».(Назарбаев)Ұстаз заман талабына сай болу үшін, әр уақытта ізденіп, білімін шыңдап тұру қажет. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекшелік - оның сабақты түрлендіріп өтуі, баланың жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атану , оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Қазіргі таңдағы өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл ұстаз болуы тиіс.
Сондықтан да мен педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудағы 3 айлық ІІІ деңгейдегі оқуға келіп, Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасы бойынша көрсетілген 7 модульді оқып, оны сабақ барысында қалай енгізу керектігін үйреніп , сабақта 7 модульді кіріктіре отырып түрлі әдіс- тәсілдерді пайдалану арқылы, оқушыларға әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне жетуге болатынын түсіндім. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде өзін еркін ұстап, дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. (нұсқаулық-4-бет), Сондықтан оқушыны жан-жақты дамытып, өздігінен білім алуға үйретуі үшін, мұғалімнің жедел шешім қабылдаушы бола білуі, ерекше ұйымдастырушылық қабілеті болуы, нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - қазіргі заманның талабы. Сапалы оқытудың маңызды факторы- мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады (нұсқаулық-6бет). Яғни құзырлы мұғалім дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы десек болады. Ендеше құзыреттілік дегеніміз қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі- деп түсіндім.
Сабағымда Шульманның «Мұғалімнің үш көмекшісі» құралындағы үшінші көмекшісінде, яғни кәсіби өнегелілік тұтастықта жазылған «Мұғалім шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар және олар өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды қызмет екенін түсініп осыған қатысты нақты ұстанымдары қалыптасқан жандар» (МАН. 7 бет) Мен оқушыларды, топтық жұмыстарды бағалаған кезде, жиынтық бағалау шығаруда шыншыл, әділ болып, әрбір істеріне төзімділікпен қарауға тырыстым. Топтық-жұптық жұмыстар барысында, белсенді қатысып атсалысып отырған оқушыларға өз орнымен мадақтаулар айтып, қошеметтеп те отырдым және әрбір оқушыға сенімділікпен қарадым. Осы жағдайлар орын алып жатқан кездерде, оқушылар тарапынан көңіл-күйлерінің көтеріңкі болғандығын және сабаққа деген қызығушылықтары артқанын, өздеріне деген сенімділіктері жоғарылағандығын білдім.
Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар:
- Оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі (нұсқаулық-6 бет) - деп жазылғандай, оқушылардың оқытуда біріншіден өзін-өзі реттелуіне жағдай жасап, үйрету қажет және оқушыны оқуда белсенді ету үшін оның нені білетінімен, нені білмейтіндігіне көңіл бөлуім қажет деп таптым. Сабақта оқушылармен өте тығыз жағымды қарым-қатынас жасап отыруды көздедім.
Сабақ барысында Стронг айтып өткендей: «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға- мұғалім» - дегенді өзіме сабақ алдындағы ұстанымым деп алдым. Себебі Пажарес: "Оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек- деп түсіндірген. Сол себептен сабағымда өзімнің және оқушыларымның да жоғары деңгейдегі жетістіктерге жеткенін қаладым.
Біліктілікті арттыру курсында оқып, талқылаған 7 модулді кіріктіре отырып өткен тізбектелген 4 тақырып бойынша сабақтарымды 3- сыныптың әдебиеттік оқу пәні бойынша алдым.Танымдық оқу-баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті.Танымдық даму оқуға деген қабілеттілік сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуды негізге ала отырып, қысқа мерзімді жоспар жасадым. Соның ішіндегі тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша бірінші сабағыма жеті модульді қалай кіріктірдім, не үшін кіріктіргенім туралы есебімді жазғалы отырмын.
Сабағымның тақырыбы: «Егінші мен қасқыр»
Сабақтың мақсаты: Ертегідегі негізгі ойды анықтау, оқушылардың бойына адалдық пен еңбексүйгіштікті қатар сіңірте отырып, тақырыпты меңгерту.
Сабағымды өтпес бұрын өзімнен бұрын біліктілігін арттырып келген әріптестеріммен кеңестім. Сабаққа бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі және бастауыш сынып мұғалімдері қызығушылық танытып қатысты.
Сабағымды мынадай бөліктерге бөліп қарастырдым:
І . Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ. Қорытынды бөлім
ІҮ. Бағалау кезеңі
Сабағымның кіріспе бөлімінде оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында «Комплименттер бұрқасыны» әдісі арқылы, яғни бұл жерде балалар қорапшадан есімдер жазылған парақтарды алып, өз кейіпкерлеріне бойларындағы жақсы қасиеттерін айтады. М: Сен керемет жансың. Сен ақылды қызсың. т.с.с. осылай сыныпта атмосфералық ынтымақтастық ортаны қалыптастырдым. Оқушылар көтеріңкі көңіл-күйлерімен сабақты бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |