СабақҚа рефлексиялық талдау «Шәкірті білімді болу үшін, ұстазы білікті болу шарт»



бет2/3
Дата29.03.2017
өлшемі332,7 Kb.
#12616
түріСабақ
1   2   3
Осы шеңбер кезінде оқушыларды «Тұлғаны танып біл» әдісі арқылы үш топқа бөліп алдым. Тұлғалар Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Шоқан Уалиханов Оқушылар тұлғалардың есімдері жазылған парақшалар арқылы бөлінеді. Осы тұлғаларымыздың қандай өлеңдерімен шығармаларын өттік? Бұлай сұрақ қою себебім, өтілген материалдарды еске түсіру болды. Барнс (1971)сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтқан. Осы сөздерге сүйене отырып, үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісін пайдаланып сұрақтар бердім.Бұл жерде Тулвингтің «Алып шығу тәжірибесінде»Білетін ақпараттарды бірнеше рет қайта тексеру, есте сақтаудың сапасын едәуір жақсартады деген.Осы сөздерді негізге ала отырып, қайталау, еске түсіру баланың жадысын жақсартып, қысқа мерзімді есте сақтау адамның жадында негізгі орын алатындығын түсіндім. Оқушыға сұрақтар беріледі. Шегіртке мен құмырсқа өлеңінің авторы кім? Шегіртке неге жылады? Ол неге құмырсқаны іздеді? Шегіртке мен құмырсқаны салыстыра сипатта? Балалардың сұраққа мейлінше толық жауап бергенін қадағаладым. Балалардың жауаптарына қарай смайлик беріп отырдым.

Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде өзін еркін ұстап, дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. (нұсқаулық-4-бет), Сондықтан оқушыны жан-жақты дамытып, өздігінен білім алуға үйретуі үшін, мұғалімнің жедел шешім қабылдаушы бола білуі, ерекше ұйымдастырушылық қабілеті болуы, нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - қазіргі заманның талабы. Сапалы оқытудың маңызды факторы- мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады (нұсқаулық-6бет). Яғни құзырлы мұғалім дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы десек болады. Ендеше құзыреттілік дегеніміз қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі- деп түсіндім.

Жаңа сабақты ашу мақсатында тақтаға сурет ілдім. Бұл жерде балаларды сыни тұрғыда ойлантқым келді. Мен бұрын төменгі дәрежелі сұрақтар қоятын болсам, бағдарлама аясында жоғары дәрежелі сұрақтарды қоя отырып, сыни тұрғыда ойлауға балаларды жетеледім. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алатындығын ескеріп, оқушыларға сурет бойынша сұрақтар бердім. Суреттегі тағамдар туралы білетініңді айт? Осы тағамдар дастарханға қалай келетіні туралы әңгімеле? Балалар ұннан жасалатын тағам түрлері атады, ал осы нан дастарханға қандай еңбектің арқасында келетінін шамалары келгенше айтты. Сонымен қатар аналарының түрлі дәмді тағам түрлерін әзірлейтіндерін айтып өтті. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон(2007)өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Оқушылардың көбірек білетін адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл болмақ. (МАН 36бет) Осы сөздерді негізге ала отырып, ертегіні рөлге бөліп диалог арқылы оқыттым. Ертегі бойынша сұрақтар беріп отырдым. Берілген сурет пен ертегідегі оқиғаның арасында байланыс бар ма? Болса қандай? Бұл жерде де балаларды сыни ойлауға тарттым.

Бағалау – ол білімнің нәтижесі болып табылады. Сондықтан мен оқушылардың білімін сабақ барысында, жақсы қатысып, белсенділік танытып отырған балаларға смайлик таратып отырдым. Оқушыларды мақтап, мадақтап қоюды да ұмытқан жоқпын. Жоғары ұпай жинап, көшбасшы болған топқа арнайы қоржындағы сыйлығым бар,- деп оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятып қойдым. Сергіту жаттығуында әр топқа әр түрлі ән айту тапсырылды. Балалар тапсырманы ұйымшылдықпен орындап шықты.



Топпен жұмыс жүргіздім. Себебі сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті. Олар: Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді; Оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінеді; Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі; Мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың қандай деңгейде екенін білуге көмектеседі. (Ман36бет) деген дәлелдерді негізге ала отырып үш топқа тапсырма бердім. Бірінші топ нан туралы мақал-мәтелдер , екінші топ ұннан жасалатын тағамның суреттерін салады, үшінші топ ұннан жасалатын тағам түрлерін жазады, жасалу жолын айтып беру керектігін айттым. Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшыларымен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сын тұрғысынан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі. (Ман48 бет) Аса қызығушылықпен постерлерін жасап, бояп, бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынастар қалыптасып жатты.Топтық жұмыстың арқасында әңгіме жүріп жатты.Топтар арасында «Әдемілеп жасайық», «Жақсы қорғап шығайық», «Тез тез болсай», «Бірінші болайық» деген сияқты сөздерді арасында естіп жүрдім, яғни бұл топтар арасында бәсекелестік екенін түсіндім. Олар бәсекелестікке түсе отырып сабаққа деген ынталары арта түсетінін білдім. Мынандай бәсекелестік заманында оқушы бойында бәсекелестік қабілет орнату ең маңызды іс деп санаймын. Өйткені бұл ХХI ғасыр жастары. Әр топ постерлерін қорғады. Бірінші топ нан туралы мақал-мәтелдерін оқыды. Соның ішінде: Ас атасы-нан, Нан астығын жинаймын, елге астық сыйлаймын. Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен. Дастарханда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ. т.с.с.Осы мақалдардың мағынасын түсіндірді. Нан-тамақтың атасы екенін, нансыз өмір жоқ деп өзінің ойын айта кетті. Екінші топ ұннан жасалатын тағамдардың суретін салып, әр суретке түсініктеме берді. Мысалы: Х-есімді азамат ұннан жасалатын тағамдар түрлерін атап, олардың жасалу жолы туралы әңгімелеп берді. Бір оқушы анасының өте дәмді торт пісіре алатынын мақтанышпен айтты. Үшінші топ ұннан жасалатын тағамдарды топтастыру арқылы жазып шықты. Онда оқушылар тағам түрлерін атаумен қатар, сипаттап берді. Оқушылардың істегендері мен айтқандарын тыңдап, талдай отырып, оларға жауап берген кезде мұғалімдер оқушыларға білім алуда тиімді қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болады. (Ман48бет)Оқу сияқты көшбасшылықта та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады. (Ман82 бет).Сол сияқты үш топтың да көшбасшылары тобын жетелеп, белсенділік танытты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет