Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет17/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
Байланысты:
1541881748 (1)
2 Физика 9- сынып Рентген сәулелері саба жоспары (1), 1516596066288, osh sor geografija 9-klass kaz, ТАҚЫРЫП, test base 294, test base 294
Әңгімелеу
 
мазмұндаудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Мұғалім 
әңгімелеу арқылы материалдың мазмұнын түсіндіреді. Географияны оқытуда әңгімелеу 
сабақ уақытының аз бөлігін алып, әдістемелік талаптарға сай келуі тиіс: 
1) әңгіме қысқа болуы керек (5-15 минут); 
2) әңгімелеу барысында жаңа терминдерге арнайы тоқталып, тақтаға жазу және қажет 
жағдайда оқушылардың дәптеріне жазып алуларына мүмкіндік беру керек; 
3) сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен карталарды алдын ала дайындап
көрінетін жерге іліп қойған дұрыс; 
4) мұғалімнің сөздері түсінікті және сөздерді орынсыз қайталау, бұрмалау болмауы 
керек, 
5) мұғалімнің әңгімелеуі эмоционалдық тұрғыда әсерлі болуы тиіс; 
6) мұғалім оқулықта берілген мәтінді сол күйінде қайталап айтуына болмайды. 
Географияны оқытуда жиі қолданылатын тәжірибелік жұмыстарға жергiлiктi жердi 
түсiруде жүргiзiлетiн тәжірибелік жұмыстар, жергiлiктi жердiң жоспарын сызу, белгiлi бір 
нысанды суретке түсiру, абсолюттiк биiктiктiктi анықтау, өзеннiң енi мен тереңдiгiн 
анықтау т.б. Географияны оқытуда әрбiр әдiстiң өзiндiк ерекшелiктерi бар. Сондықтан 
мұғалiм сабақ өтуде бұл әдiстердi қажеттілігіне қарай қолданып отырады. Мысалы, сабақ 
өткенде ауызша баяндау, сұхбат және картамен жұмыс iстеу әдiстерiн бiрге қолданған 
орынды. 
Географияны
 
оқытудағы
 
тәжірибелік
 
және
 
көрнек
i
л
i
к
 
әд
i
стер
 
Географиялық
 
бақылау
.
Географияны оқытуда бақылау әдісін қолданудың маңызы 
зор. Географиялық бақылауды қолдану арқылы оқушылардың iскерлiгі мен дағдылары 
қалыптасады. Сонымен қатар, бақылау оқушылардың табиғат құбылыстары мен 
шаруашылық сипаттары жөнiндегi бiлiмдерiн де тереңдетуге көмектеседi. Әдетте, 
географиялық бақылаулар сыныптан тыс уақытта өткiзiледi. Көп жағдайда географиялық 
бақылау экскурсия кезiнде орындалады және топтық сипатта жүргiзiледi. Экскурсия 
кезіндегі топтық бақылау барысында төмендегідей мәселелерге назар аударылады: өзен 
режимi; құдықтағы судың деңгейi; таудағы топырақ түрлерi; ауыл шаруашылық 
жұмыстары т.б.
Мектеп жанындағы географиялық алаңдарда: ауа райын бақылау; күннің биiктiгiн 
анықтау; күннiң шығысы мен батысын белгiлеу; поляр жұлдызының орнын анықтау т.б. 
бақылаулар жүргiзiледi. 
Бақылаудың кейбiреулерi оқу бағдарламасына енгiзiлiп, оқушылар оларды кезекпен 
орындайды. Ал басқалары сыныптан тыс уақытқа жоспарланып өткiзiледi. Оқушылар 
географиялық бақылауды мұғалiмнiң тапсырмасы бойынша орындайды. Әр бақылаудың 
өзiндiк бағыты мен мақсаты болады. Бақылау жүргізу барысында жинақталған 
материалдарды өңдеп, сабақтарда пайдалануға болады. 
Географиялық
 
иллюстрация
 
және
 
олармен
 
жұмыс
 i
стеу
 
әд
i
стер

Географияны оқытуда қолданылатын көрнекi құралдарға суреттер, карталар, 
көрiнiстер, әртүрлi пейзаждар жатады. География оқулықтарында иллюстрациялық 
материалдар өте көп берiледi. Көбiнесе көркем суреттер тақырып мазмұнына 
орайластырылып берiледi. Мысалы: 

саяхатшылар мен зерттеушiлердiң жүрген саяхаттары; 


22 

әр материктiң ашылу тарихы; 

материк бедерлерi; 

өсiмдiктер;

жануарлар; 

мұхит ағыстары;

вулкандар және т.б. 
Жерг
i
л
i
кт

жердег

тәжірибелік
 
жұмыстар
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет