Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№28 Мерзiм: 04.09.2015 № 1сабақ____
Тақырып: Шаттыққа толы жүрекпен
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм: Жапарқулова Ф
Сынып 1 «А» «Ә»
Сабақ мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік
құндылықтарын үйренуіне ықпал ету.
Міндеттері:
Білімділік: Балаларға «өзін-өзі тану» пәні туралы түсінік беру
Дамытушылық: Баланың өзіне деген сенімділігін арттыру;
Тәрбиелік:Өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
Тыныштық сәтi.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге,олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.
-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар өздеріңнің таныс ауылдарыңды бақылап, бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Үй тапсырмасын тексеру.
|
Сабақ барысын талқылау:
|
Дәйексөз.
«Өзіңді тану-өмірді танудан басталады»деп жазып балалардың өзін-өзі тану пәнін үйренуге қызығушылықтарын арттыру мақсатында халық даналығының мәнін түсіндіру.
|
|
Әңгiмелесу (сұхбат). Балаларға өзін-өзі тану сабақтарында өздерімен бірге болатын
Данышпан ата,Алпамыс,Ақбота,Махаббат атты көмекшілермен таныстырылады.Олардың өздеріне арнаған түрлі сұрақтары,тапсырмалары,жұмбақтары,тіпті сыйлықтары болатынын айтамын.Балаларды «өзін-өзі тану» пәнімен таныстыру мақсатында «өзін-өзі тану» пәні тақырыбында әңгімелесуге шақыру. Балаларға «өзін-өзі тану»дегенді қалай түсінесіңдер? деген сұрақ қойылып,олардың жауаптары тыңдалған соң қорытынды жасалынады.
|
|
Дәптермен жұмыс
Табиғат аясын өздеріне ұнайтын түспен бояу.
|
|
7.Топпен ән айту.
«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова
|
|
8.Үй тапсырмасы.
Дәптердегі суретті бояуды аяқтау.
|
|
9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
-Балалар,бүгінгі өзін-өзі тану сабағында кімдермен таныстық? (балалар өздері қорытындылайды) балалардың жауаптарын тыңдаймын.
-Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді
жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Е
лестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
|
|
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм_____9.09.2014____ № 2_сабақ____
Тақырып: Шаттыққа толы жүрекпен.
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып 1 «А» «Ә» «Б»
Сабақ мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік
құндылықтарын үйренуіне ықпал ету.
Міндеттері:
Білімділік: Балаларға «өзін-өзі тану» пәні туралы түсінік беру
Дамытушылық: Баланың өзіне деген сенімділігін арттыру;
Тәрбиелік:Өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге,олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.
-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар өздеріңнің таныс ауылдарыңды бақылап, бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы қарап шығу .
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Дәйексөз. «Өзіңді тану-өмірді танудан басталады»деп жазып балалардың өзін-өзі тану пәнін үйренуге қызығушылықтарын арттыру мақсатында халық даналығының мәнін түсіндіру.
«Өзіңді тану-өмірді танудан басталады»деп жазып балалардың өзін-өзі тану пәнін үйренуге қызығушылықтарын арттыру мақсатында халық даналығының мәнін түсіндіру.
.
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат).
«Өзін-өзі тану еліне »саяхат жасау. Бұл елде орман-тау,өзен –көл,патшалықтар,елді мекендер мен сарайлар бар. Тіл табысу.Білім.Табиғат пен денсаулық.Адамгершілік өлкелерінен тұрады.Тақтаға «Өзін-өзі тану еліне саяхаттың » үлкейтілген суреті ілінеді.Оқушыларға үнтаспадан Асылбек Еңсеповтың орындауында Б.Будашкиннің «Қуаныш» күйін тыңдау ұсынылады.Осы өлкелерге сапар шегу үшін жұмбақтарды шешіп көрейік.
Қабат-қабат қаттама,Ақылың болса аттама. (Кітап).
Оқусыз білім жоқ,.................. (білімсіз күнің жоқ).
|
|
6.Дәптермен жұмыс
«Өзін-өзі тану елінің »суретін бояу.
.
|
|
7.Топпен ән айту.
«Әнші балапан» Сөзі: Қ.Қазыбекұлы, әні:М.Омаров
|
|
8.Үй тапсырмасы.
Дәптердегі сурет бояуды аяқтау.
|
|
9. Қорытындылау,соңғы тыныштық сәтi.
-Балалар,бүгінгі өзін-өзі тану сабағында адам бойындағы қандай құндылықтармен таныстық?
-Балалар,біз саяхатымызда «Өзін-өзі тану елінің » , «Тіл табысу», «Білім», «Табиғат пен денсаулық», «Адамгершілік» атты өлкелерінде болдық.Осы өлкелерде біз бір-бірімізге жылы сөздер,жақсы тілектер айтуды үйрендік .Достық көмек,өзара сыйластық,денсаулық,
қамқорлық,құрмет құндылықтарымен таныстық.Адам болып қалыпта Балалармен бірге шеңберге тұрып, «Ризашылық әнін»айтамыз.
Ризашылық әні
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз бүгінге!
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!(2-рет)
Ризамын, ризамын,ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын,ризамын қазірге!(2-рет)
|
|
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм_____16.09.2014______ № 3 сабақ____
Тақырып: Арайлап атсын әр таңым
Құндылық: Махаббат,бақыт
Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып 1 «А» «Ә» «Б»
Сабақ мақсаты: «Бақыт», «махаббат»ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік:Әртүрлі көңіл күйді сезіне білуге және мәдениетті қарым-қатынас жасауды үйрету;
Дамытушылық: Сыныптастарымен,үлкендермен,жақын адамдармен жағымды қарым-қатынастарын дамыту;
Тәрбиелік: Өзін және айналасындағы адамдарды сыйлай және қуанта білуге тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы қарап шығу.
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Дәйексөз.
«Әрбір таңғы қуаныш өмірге шаттық сыйлайды»деген халық даналығын жазып және оны бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат).
Адамдардың әр-түрлі көңілде болатынын түсіндіру мақсатында оқушыларға оқулықта берілген тапсырма ұсынылады: Суреттерге қараңдар.Балалардың қандай көңіл-күйде екенін айтып беріңдер Мұғаліммен бірге мына өлең жолдарын қайталау:
Қуан,шаттан!
Қуан,шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
.
|
|
6.Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген суреттегі адамдардың көңіл-күйі туралы әңгіме құрастыруды тапсыру.
|
|
7.Топпен ән айту.
«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова
|
|
8.Үй тапсырмасы.
Ризашылық әнін жаттау.
|
|
9.Қорытындылау. соңғы тыныштық сәтi.
-Балалар,бүгінгі өзін-өзі тану сабағында адам бойындағы қандай құндылықтармен таныстық?
-Балалар,біз саяхатымызда «Өзін-өзі тану елінің » , «Тіл табысу», «Білім», «Табиғат пен денсаулық», «Адамгершілік» атты өлкелерінде болдық.Осы өлкелерде біз бір-бірімізге жылы сөздер,жақсы тілектер айтуды үйрендік .Достық көмек,өзара сыйластық,денсаулық,
қамқорлық,құрмет құндылықтарымен таныстық.Адам болып қалыптасуымыз үшін оқу мен білімнің қажеттілігін түсіндік.
|
|
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____23.09.2014_____ № 4 сабақ_____
Тақырып: Арайлап атсын әр таңым
Құндылық: Махаббат,бақыт
Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып 1 «А» «Ә» «Б»
Сабақ мақсаты: «Бақыт», «махаббат» адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік:Әртүрлі көңіл күйді сезіне білуге және мәдениетті қарым-қатынас жасауды үйрету;
Дамытушылық: Сыныптастарымен,үлкендермен,жақын адамдармен жағымды қарым-қатынастарын дамыту;
Тәрбиелік: Өзін және айналасындағы адамдарды сыйлай және қуанта білуге тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Ризашылық әнін айту.
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Дәйексөз.
«Әрбір таңғы қуаныш өмірге шаттық сыйлайды»деген халық даналығын жазып және оны бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат).
Оқулықта берілген суреттер бойынша оқушыларға әр-бір арайлап атқан таңның қуанышын сезіндіру мақсатында К.Ушинскийдің «Таңғы сәулелер» атты шығармасын оқып беру.
|
|
6. Жағдаятты талдау .«Телефонмен сөйлесу» ойыны арқылы балалар жағымды қарым –қатынасқа бейімделіп,өмірлік дағдыларға үйретіледі.Ойынның шарты бойынша екі балаға телефон беріледі.Екеуінен бір-бірімен телефон арқылы қалай сөйлесетінін ескертулерін сұрайды. Телефонмен сөйлескенде «сәлеметсізбе?!»,«кешіріңіз »деп әдепті сөйлесу керек.
|
|
7.Топпен ән айту.
«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова
|
|
8.Үй тапсырмасы.
Дәптердегі суретті бояу.
|
|
Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi
Оқушылардың сабақта үйренгендерін мына бағытта қорытындылау:
-Балалар,арайлап атқан әр таңға шаттанып,өзімізге арнап айтылған жақсы сөздерді естіп қуанып,айналамыздағыларға да жақсылық тілеп жүрейік, сонда өзгеніңде өзіңніңде көңіл-күйің көтеріңкі болады! әрбір күнің арайлы болады.
Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді
жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қоғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!
|
|
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____30.09.2014_____ № 5_сабақ____
Тақырып: Бәрін білгім келеді
Құндылық: Білім,еңбек.
Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып 1 «А» «Ә» «Б»
Сабақ мақсаты: Балалардың «білім», «еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және «сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
-Оқушы,оқу,білім,туралы түсінік беру.
-Білімге,оқуға,еңбек етуге құштарлықтарын және ұстазбен өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
-Жақсы оқушы болуға тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы қарап шығу.
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Әңгiмелеу (сұхбат).
Балалар, «оқушы»деп кімді айтамыз?
Оқушы не үшін мектепке барады?
Мектептегі ең жақын адамды қалай атаймыз?
Күзгі қуаныш
Алақай-ау,
Алақай!
Алақай-ау,
Алақай!
Бұдан былай мен енді,
Емеспін жай балақай!
Осыдан да көлемді
Оқи алам өлеңді.
Бардым бүгін мектепке,
Оқушымын мен енді!
|
|
5.Дәйексөз.
«Білекті бірді жығар,Білімді мыңды жығар»
Халық нақылы
Яғни, оқушы мектептен оқу арқылы білім,тәлім алады.Оқушы үйренуге,ізденуге,көп білуге,өзін,елін,әлемді тануға құштар болған сайын білімді бола түседі..
|
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Ойын. «Мен жақсы оқушымын»
-Балалар,Данышпан ата сендердің жақсы оқушы болғандарыңды қалайды.Ол үшін сендер «Мен жақсы оқушымын»деген жазуы бар алқаны кезегімен тағып тұрып не себепті жақсы оқушы екендеріңді айтып шығыңдар.
7.Дәптермен жұмыс
Дәптердегі оқу құралдарының суретін салыңдар..
|
|
8.Топпен ән айту.
«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова
|
|
9.Үй тапсырмасы.
Дәптерге оқу құралдарының суретін салыңдар.
|
|
10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
-Жақсы оқушы өздерің айтқандай сабаққа кешікпейді,сабақтан қалмайды,оқу-құралдарын таза ұстайды, тазалықты сүйеді,достарына көмектеседі,мұғалімді,үлкендерді сыйлайды.Осындай баланы әдепті бала дейді.
|
|
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм___7.10.2014_____ № 6_сабақ____
Тақырып: Бәрін білгім келеді
Құндылық: Білім,еңбек.
Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып 1 «А» «Ә» «Б»
Сабақ мақсаты: Балалардың «білім», «еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және «сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
-Оқушы,оқу,білім,туралы түсінік беру.
-Білімге,оқуға,еңбек етуге құштарлықтарын және ұстазбен өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
-Жақсы оқушы болуға тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы қарап шығу.
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Дәйексөз.
«Білекті бірді жығар,Білімді мыңды жығар»
Халық нақылы
Яғни, оқушы мектептен оқу арқылы білім,тәлім алады.Оқушы үйренуге,ізденуге,көп білуге,өзін,елін,әлемді тануға құштар болған сайын білімді бола түседі..
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат).
-Балалар оқушы деп кімді айтамыз?
-Оқушы не үшін мектепке барады?
-Мектептегі ең жақын адамды қалай атаймыз?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Балалардың бәрі қосылып «Күзгі қуаныш» өлеңді мәнерлеп айтады.
|
|
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Ойын. «Мен жақсы оқушымын»
-Балалар,Данышпан ата сендердің жақсы оқушы болғандарыңды қалайды.Ол үшін сендер «Мен жақсы оқушымын»деген жазуы бар алқаны кезегімен тағып тұрып не себепті жақсы оқушы екендеріңді айтып шығыңдар.
7.Дәптермен жұмыс
Оқушыларға Алпамыс пен Махаббаттың мектепке баратын жолын дұрыс тауып,бояу тапсырылады.
|
|
8.Топпен ән айту.
«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова
|
|
9.Үй тапсырмасы.
Ақ параққа оқу-құралдарының суретін салып келіңдер.
|
|
10.Соңғы тыныштық сәтi , қорытындылау.
-Жақсы оқушы өздерің айтқандай сабаққа кешікпейді,сабақтан қалмайды,оқу-құралдарын таза ұстайды, тазалықты
сүйеді,достарына көмектеседі,мұғалімді,үлкендерді сыйлайды.Осындай баланы әдепті бала дейді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |