Сабақ мақсаты : Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету. Міндеттері



бет4/6
Дата19.02.2017
өлшемі0,97 Mb.
#10681
түріСабақ
1   2   3   4   5   6


Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____________ № 19сабақ_____

Тақырып: Қамқор болып өсемін

Құндылық: Қамқорлық жасау.

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық,қамқорлық.

Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»




Сабақ мақсаты: Қамқорлық ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері :

Білімділік: балаларға қамқорлық туралы түсінік беру.

Дамытушылық: жанашырлық,аяушылық сезімдерін дамыту.

Тәрбиелік:қайырымды,мейірімді,ізгілікті болуға тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. «Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге,олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады

-Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

«Қайырымдылық» дегеніміз адам бойындағы мейірім-шапағаттан тұратын ізгілік.Қиналған,сырқаттанған,науқас,қарт адамдарға аяушылықпен қарау,қол ұшын беру,жәрдем ету,жанашырлық көрсету жылы жүректілікті білдіреді.Осындай жүректен

туған сол жақсылық қайырымдылық болып табылады.Сондықтан да халық «Қайырымдылық-жылы жүректен» деп тегін айтпаған.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Балалардың «Қамқорлық» дегенді қалай түсінетіндерін білу.

Қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер?

Қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Балаларға «Әжей мен балалар» атты әңгімені айтып беріп,сұрақтар

қою арқылы жауаптарын тыңдау.







6. Шығармашылық жұмыс.

Ойын-жаттығу «Сиқырлы жаңғақтар» ойын-жаттығуы оқушыларды ойнай отырып ойлантуға,тақырыпты жете түсінулеріне ықпал етеді.

Менің қолымда үш жаңғақ тұр.

Бірінші жаңғақта «Қайырымды іс»тақырыбынды әңгімелесу.

Екінші жаңғақта ойын «Бізде»деп жазылған.

Қайырымды іс жасағанда бізде деп айтады.

7. Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі суретті бояу,үйден аяқтап келу.






8.Топпен ән айту.

«Біз- өмірдің гүліміз» әні: Б.Ғайзатов, сөзі: Ә.Дүйсенбиев







9.Үй тапсырмасы.

Дәптердегі тапсырманы аяқтап келу.






10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, «Мен қамқорлықты қалай түсінемін?» деген сауалға жауап айтады.

Мысалы: -Мен қамқорлықты ешкімді ренжітпеу деп түсінемін.

-Мен үшін қамқорлық кішілерге көмектесу.

-Құстарға жанашырлықпен қарау қамқорлық деп ойлаймын.

-Мен үшін қамқорлық-табиғатты аялау.

Балалар оң қолдарын жүрек тұсына қойып,бәрі бірге мына өлең жолдарын айтады:

Біз әдепті баламыз, Тату-тәтті тұрамыз.

Біз әдепті баламыз, Қамқор болып жүреміз.







Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____________ № 20сабақ_____

Тақырып: Қамқор болып өсемін

Құндылық: Қамқорлыққа баулу.

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық,қамқорлық.

Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»




Сабақ мақсаты: Қамқорлық ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері :

Білімділік: балаларға қамқорлық туралы түсінік беру

Дамытушылық: адамға,табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік: қамқорлық,қайырымды,мейірімді, болуға тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

«Қайырымдылық» дегеніміз адам бойындағы мейірім-шапағаттан тұратын ізгілік.Қиналған,сырқаттанған,науқас,қарт адамдарға аяушылықпен қарау,қол ұшын беру,жәрдем ету,жанашырлық көрсету жылы жүректілікті білдіреді.Осындай жүректен

туған сол жақсылық қайырымдылық болып табылады.Сондықтан да халық «Қайырымдылық-жылы жүректен» деп тегін айтпаған.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Көрсетіліп болған соң мултьфильм бойынша сұрақтар қойылады.



  • Ана қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті?

  • Қарлығаш адам баласына қандай қайырымдылық жасады?

-Осы мултьфильм арқылы адамның құстарға,құстардың адамдарға қамқорлық жасай алатынын білдік.Қамқорлық-адамға,табиғатқа,жан-жануарларға жанашырлықпен қарау,көмектесу.






6. Шығармашылық жұмыс.

Оқулықта берілген суреттерге қарап,оларға қандай қамқорлық жасау керектігін айтуды тапсыру.



Ойын. Балалардың белсенділіктерін арттыру үшін «Ұядағы балапандар» ойыны өткізіледі.

Балалар Ұя,Қарақұс,Балапан болып үш топқа бөлінеді.Ұя тобы шеңбер жасап тұрады.

Шеңбер ортасына балапан тобы жайғасады.Қарақұс тобы қапысын тауып ортадағы балапан

шеңберден шығарып алуға тырысады. Оларды ұя тобы қорғайды.Саны көбейген топарды жеңімпаз болады.



7. Дәптермен жұмыс:

«Қандай үй жануарларына қамқорлық жасағыларың келеді,солардың суретін салыңдар»-деген тапсырма беремін.






8.Топпен ән айту.

Балалар барлығы қосылып, «Ризашылық әнін» айтады.








9.Үй тапсырмасы.

Сурет салу.






10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады.Балалар оң қолдарымен жүрегінің тұсын ұстап,мына өлең жолдарын қайталайды:

Күн нұрындай көңілім,

Даламдай кең пейілім.

Бәріне ортақ шуағым,

Қайырымды баламын!









Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____________ № 21сабақ_____

Тақырып: Шыншылдық-адамдықтың белгісі

Құндылық: Шыншыл болуға баулу.

Қасиеттер: шыншыл, мейірімді, достық,адалдық.

Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»




Сабақ мақсаты: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері :

Білімділік: Балаларды шындықпен өтірікті ажырата білуге үйрету,

Дамытушылық: өзара адал қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту,

Тәрбиелік: шыншыл,адал болуға тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

-Балалар,адам өтірік айтқанда,өтірігін біреу біліп қоя ма,деп қиналады. Шындық ашылып қала ма, деп сезіктенеді.Расында өтірік ұзаққа бармайды,шындық қашанда жеңіп шығады да,өтірік айтқан адам ұятқа қалады.Ал шындықты айтқан адамның жүрегі ауырмайды, қашанда жарқын,адамдар арасында сыйлы болады.Сондықтан да дана халық:«өтірік өрге баспайды»,-деп өсиет қалдырған.







5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Сұрақ қою арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып отыру.

«Түлкі мен ешкі» ертегісін оқып беру.

-Балалар,сендер қалай ойлайсыңдар,түлкі шын айтып тұр ма?

-Түлкінің әрекеті дұрыс па?





6. Жағдаят айту (әңгімелесу)

Балалар топқа бөлініп,оқулықта берілген жағдаяттарды талдап,өз шешімдерін айтады.

1.Жансая анасының моншағын үзіп алды .

2.Анасы Айдынға балыққа жем ал

деп ақша берді.Ол ақшаны балыққа жұмсап қойды.Балалардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
7. Дәптермен жұмыс

Дәптер бетінің екі шетінде «Шындық» жєне «өтірік» деген сөздер,ал олардың ортасына бақыт,қуаныш,ұят,сенімділік,сенімсіздік,махаббат,реніш сөздері жазылған. «Шындық»неге жеткізеді?ал «өтірік»ше? Осыларды анықтап, түзу сызық арқылы бағыттап көрсету тапсырылады.






8.Топпен ән айту.

Балалар шеңбер құрып,мұғаліммен ілесіп

Қ.Мырза Әлидің «Болады-болмайды» атты өлеңін айтады.

Күйші болуға(болады), Пысық болуға(болады),

Биші болуға(болады). Кішік болуға(болады).

Ерке болуға(болады), Әкім болуға (болады),

Серке болуға(болады). Ақын болуға(болады).

Маман болуға(болады),

Жаман болуға(болады)

Айтпақшы,

Жаман болуға(болмайды)!





9.Үй тапсырмасы.

Сурет салу.






10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Плакаттағы шың суретінің ең биік жеріне от алауының, суретін жапсырып,қорытындылау:

«Шындық шыңында» от лаулап мәңгі жанып тұрады,өйткені ол-шындық.Шындық оты біздің де жүрегімізде лаулап тұр.Қанеки,шеңбер құрып тұрып,қолдарымызды көтерейік те,бір-бірімізге алақанымызды жақындатайық,«шындық» жалынын сезінейік.






Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____________ № 22сабақ_____

Тақырып: Шыншылдық-адамдықтың белгісі

Құндылық: Шыншылдыққа баулу.

Қасиеттер: шыншыл, мейірім, достық.

Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»




Сабақ мақсаты: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері :

Білімділік: Балаларды шындықпен өтірікті ажырата білуге үйрету,

Дамытушылық: Өзара адал қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту,

Тәрбиелік: Өзара шыншыл,адал болуға тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.



Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгiмелеу (сұхбат)

  • Шыншылдық дегенді қалай түсінесің?

  • Сеніңше шыншыл бала қандай болады?

  • Шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптары тыңдалып,түйінделеді.

-Жарайсыңдар,балалар!өте дұрыс айтасыңдар!Жақсы бала сыпайы,қамқор,

қайырымды,жауапкершілікті болады.Сондай жақсы қасиеттердің бірі-шыншыл болу,өтірік айтпау





  1. Жағымды пікір айту.

«Өздеріңнің адал,шыншыл достарың,таныстарың туралы айтып беріңдер»

деген тапсырма беріледі. Балалардың білімдерін бекіту үшін Ә.Табылдиевтің «Ағайынды екі қыз» әңгімесін оқып,талдау ұсынылады.

Алпамыс пен Махаббаттың нақыл сөздерін оқып беру.

Өз қателігіңді мойындай біл! Жалған сөйлеуге әуестенбе!

Ойыңды жасырмай айт! Шектен тыс мақтанба!

Әр кез шындықты айтуға үйрен!






6. Сергіту сәті.

Балалар тауға оңай шығу үшін сергіту жаттығуларын жасап алады.

Бір,екі,үш (Аяқтарын кезек-кезек көтеріп,түсіреді.)

Бойға жинап күш, (Қолдарын жоғары тік көтеріп,иық тұсынан бүгеді.)

Бір,екі,үш (Аяқтарын кезек-кезек көтеріп,түсіреді.)

Қанат қағып үш! (Қолдарымен құсша қанат қағады.)


7. Дәптермен жұмыс:

«Мақал-мәтелдерді оқу. Олардың мағынасын түсініп,жаттап алу»

деген тапсырманы орындау ұсынылады.







8.Топпен ән айту.

Балалармен бірге қосылып өлең айту.

Ата ақылы

А.Хангельдин

Шындық деген -ар-ұят, Айтпа ,жаным, өтірік,

Әділдік пен адалдық. Болсам десең үлгілі.

Бол ісіңе мұқият, Мәпелеген өсіріп,

Қашсын десең жамандық. Сен де еліңнің бір гүлі....






9.Үй тапсырмасы.

Сурет салу.






10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар. өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.







Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____________ № 23сабақ_____

Тақырып: Жауапкершілік пен жауапсыздық

Құндылық: Жауапкершілік

Қасиеттер: Жауапкершілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»




Сабақ мақсаты: «Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері :

Білімділік:Жауапкершілік пен жауапсыздық туралы түсінік беру,

Дамытушылық: Балалардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік: Өз сөзіне,өз ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар. өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.



Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

-Балалар,өз сөзінде тұратын,тапсырманы дер кезінде орындайтын адамдар сыйлы,сенімге ие,көңілі жарқын болады өз сөзінде тұрмау,тапсырманы дер кезінде орындамау адамды ұятқа қалдырады.Сондықтан «Жауапкершілік абырой арттырады,жауапсыздық ұятқа қалдырады» деп халық бекерге айтпаған.





5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Оқушыларды тақырыпты түсінуге жетелеу мақсатында әңгімеге тарту.

-Балалар, өзіне тапсырылған істі,тапсырманы дер кезінде орындайтын,сөзінде тұратын баланы қандай бала деп атаймыз?

Балалардан күтілетін жауаптар «жақсы бала», «әдепті бала», «ұқыпты бала»болуы мүмкін. Дұрыс айтасыңдар,балалар,ондай баланы «жауапкершілігі бар» бала деп атайды. Жауапкершілікті балалар-жақсы,әдепті,өзін сыйлайтын балалар.Өз ісіне немқұрайдылықпен қарау,өзінің уақытын,өзгенің уақытын қадір тұтпау жауапсыздықты білдіреді.Біз бүгінгі сабақта жауапкершілік пен жауапсыздық туралы әңгімелесеміз.

Балаларға өсиет әңгімені айтып беру.

Жас жігіт қандай жақсы қасиетті үйренді?

Ол жауапсыздықтан қалай құтылды?





6. Шығармашылық жұмыс.

Мултьфильм көру. «Сәлем балақай»



7. Дәптермен жұмыс

«Мақал-мәтелдерді оқу. Олардың мағынасын түсініп,жаттап алу»

деген тапсырманы орындау ұсынылады.







8.Топпен ән айту.

«Болайықшы осындай» сөзі мен әні: А.Меңжанова







9.Үй тапсырмасы.

Сурет салу.






10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Балалар, біз бүгінгі сабақта жауапкершілікті болу жақсы әдет екенін білдік.

Жауапкершілік адамның сөзінде тұрып,тапсырылған ісін атқарып,уәдесін орындауынан көрінеді.

-Балалар,өз сөзінде тұратын,тапсырманы дер кезінде орындайтын адамдар сыйлы,сенімге ие,көңілі жарқын болады өз сөзінде тұрмау,тапсырманы дер кезінде орындамау адамды ұятқа қалдырады.Сондықтан «Жауапкершілік абырой арттырады,жауапсыздық ұятқа қалдырады» деп халық бекерге айтпаған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет