Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


География мен жаратылыстануды оқытудың тиімді түрлері мен әдістері



Pdf көрінісі
бет15/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54
Байланысты:
1541881748 (1)
2 Физика 9- сынып Рентген сәулелері саба жоспары (1), 1516596066288, osh sor geografija 9-klass kaz, ТАҚЫРЫП, test base 294, test base 294
География мен жаратылыстануды оқытудың тиімді түрлері мен әдістері
Оқу үдерісінің тиімділігін арттыру көп жағдайда сабақ барысында оқушылардың 
танымдық белсенділігін дамытатын және оқу үдерісін күшейтетін оқыту түрлері мен 
тәсілдеріне байланысты.
География мен жаратылыстануды оқыту тәжірибесінде сабақ, дәріс, практикум
экскурсия, конференция, қосымша факультативтік сабақтар арқылы оқыту түрлері және 
келесі тәсілдер кеңінен қолданылады: әңгімелеу, сұхбат, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, 
эксперимент, экрандық оқу құралдарын пайдалану, тәжірибелік жұмыс, жоба жұмысы. 
Сонымен қатар, қазіргі кезде сабақтарда модельдеу әдістері, ойша модель құрастыру, 
математикалық модельдеу әдістері де кеңінен қолданылады
Сабақ
 
– сыныпта оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі үлгісі болып табылады. 
География және жаратылыстану сабақтарында сабақтың келесі түрлері қолданылады: жаңа 
білімді игеру сабағы, білімді тәжірибеде қолдану сабағы, өткен тақырыпты пысықтау және 
қайталау сабағы, білімді бақылау және жинақтау сабағы, аралас сабақ. Сабақтың түрі 
сабақтың дидактикалық мақсаттарына байланысты таңдалады. Жеке, жұптық, топтық және 
ұжымдық оқу жұмысы арқылы оқыту түрлері сабақтың барлық түрлеріне ортақ болып 
табылады: 

жеке – оқушының тапсырманы өздігінен орындауы; 

жұптық – «оқушы-оқушы», «мұғалім-оқушы» режіміндегі жұмыс; 

топтық – топ мүшелерінің санына қарай шағын топтағы (3-5 адам) жұмыс және 
жалпы сыныптық жұмыс (бүкіл сынып) түрінде өтуі мүмкін, мұнда барлық оқушы 
бір тапсырманы (тақырыпты) немесе оның бір бөлігін орындайды; 

ұжымдық, яғни құрамы ауысып отыратын жұптардағы жұмыс, мұнда әр оқушы жеке 
тақырыпты немесе тапсырманы орындайды және әр серіктесіне оны түсіндіреді. 
Пәндерді оқытуда әңгімелеу әдісі кеңінен қолданылады.
Семинар
.
Оқушылар сұрақтарға алдына ала дайындалған жоспар бойынша, әтүрлі 
әдебиеттермен және дереккөздермен жұмыс істеу арқылы дайындалады. «География» 
немесе «Жаратылыстану» пәні бойынша семинар сабағында оқушылар берілген 
сұрақтарды жан-жақты талдап, өздерінің көзқарастарын білдіреді. Бұл оқушылардың 
зияткерлік әлеуетін дамытып, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға 
мүмкіндік береді. Оқу үдерісінде мұғалім семинарға оқушылармен бірге қатысады, ол 


20 
әртүрлі жолдармен және тәсілдермен олардың оқу- танымдық қызметін ұйымдастырады. 
«География» және «Жаратылыстану» пәндерін оқытуда төмендегідей әдістер 
қолданылады:
1) Бiлiм берудiң ауызша және жазбаша түрi. Оған; ауызша баяндау, сұхбат, оқулық 
және материалдармен жұмыс iстеу жатады. 
2) Көрнекiлік әдісіне оқушының өз бетiнше бақылау, тәжiрибе жүргiзуi мен көрнекi 
құралдар жасауы жатады. Сонымен қатар, карталарды және басқа да картографиялық 
құралдармен жұмыс iстеудi жатқызуға болады. 
3) Тәжірибелік оқытуға оқушылардың өздері орындайтын оқу әрекеттерiн жатқызуға 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет