Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Пәндерді оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер



Pdf көрінісі
бет13/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54
Байланысты:
1541881748 (1)
2 Физика 9- сынып Рентген сәулелері саба жоспары (1), 1516596066288, osh sor geografija 9-klass kaz, ТАҚЫРЫП, test base 294, test base 294
Пәндерді оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер: 
- Құндылықтарға бағдарланған тәсіл 
Оқытудағы құндылықтарға бағдарланған тәсіл – оқу әрекетін белгілі бір 
құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және 
пайдалану тәсілі. Құндылыққа бағдарланған тәсіл оқушы тұлғасының бойында мақсатты 
түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықтар – қоғам қолдайтын және 
адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық 
қасиеттер мен өзін-өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. 
Құндылықтар тұлғаны ынталандырудың өте маңызды факторы ретінде мінез-құлық пен іс-
әрекеттерді бағдарлайды. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары орта білім беру 
құндылықтарының негізі болып табылады. Қазақстандық патриотизм және азаматтық 
жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, өмір бойы оқып-
үйрену орта білім берудің құндылықтары ретінде белгіленді. 
- Тұлғаға бағдарланған тәсіл 
Тұлғаға бағдарланған тәсілдің мақсаты оқу үдерісін дараландыру, оқу үдерісінде 
тұлғаны, оның жеке психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен 
жүріс-тұрыс уәждерін, әлеуетті қабілеттіліктерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру 
және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу. 
- Саралап оқыту тәсілі 
Саралап оқыту тәсілі оқу үдерісінің оқушылардың әртүрлі топтарына арнайы 
бағдарлауды, оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру мақсатында әртүрлі топтар үшін 
әртүрлі нысанда ұйымдастыруды көздейді. Саралап оқыту тәсілі әртүрлі оқушылар 
тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді 
саралау тәсілдерін қамтиды. Саралап оқытуды ұйымдастырудың негізгі шарты күрделілігі, 
танымдық тұрғыдан қызығушылық туғызуы, мұғалім тарапынан берілетін көмектің сипаты 
жағынан ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану болып табылады. 
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет