51
негізгі ойды анықтауға, байланыс орнатуға, дәлел келтіруге, білімді таныс және жаңа оқу
жағдайына қолдануға арналған сұрақтар болады. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау
түрлі білім көздеріне сүйенеді: мәтін, карталар, графиктер, диаграммалар, суреттер және
фотосуреттер, сызбалар және профильдер т.б. Тапсырмалар әртүрлі тұжырымдалуы мүмкін
және оқушылардан әртүрлі әрекеттерді талап етеді: мәтіннен тыс компонент бойынша
анықтау, мысал келтіру, салыстыру, ұғымның анықтамасын беру, түсіндіру, картаға түсіру,
дәптерге жазу, кестені толтыру және т.б.
Оқулық мәтінінде басты ережелер (түсініктер, заңдылықтар және олардың
анықтамалары, т.б.) қалың, көлбеу қаріптермен және басқа түспен ерекшеленуі мүмкін. Бұл
– игеріліп, есте сақталуға тиісті оқу материалы.
Күрделендірілген сұрақтар мен тапсырмалар ерекше таңбалармен – символдармен
белгіленеді.
Көрнекі материалдар оқулықтың маңызды мәтіннен тыс компоненті және ажырамас
бөлігі болып табылады. Олар: мәтіндік карта-сызбалар, графиктер, диаграммалар, суреттер,
кестелер, фотосуреттер, профильдер және т.б. Олар мәтінді нақтылап, толықтырады немесе
жаңа ақпарат береді. Көрнекі материалдар – оқушылар үшін оқу материалын көрнекі түрде
елестетуге мүмкіндік беретін білім көзі.
Көрнекі материалдардың тәрбиелік мәні де зор. Олар суреттердің сюжеттері жайлы ой
қозғап, олардың мазмұнын талдауды ұсына отырып, оқушының жеке тұлға ретіндегі
қасиеттеріне әсер етеді. Көрнекі материалдардың мазмұны және әсемдеп орындалуы белгілі
бір сезім туғызады, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырады.
Көрнекі материалдарды 3 топқа біріктіруге болады:
1) жетекші көрнекіліктер – мәтінмен қатар өздігінен оқу материалының мазмұнын
ашады;
2) тең дәрежелі – мәтінмен бірдей дәрежеде білімді игеру үшін қызмет атқарады;
3) қызмет көрсетуші – мәтінді қуаттайтын, оған қызмет көрсететін, оның мағынасын
ашатын және мәнін түсіндіретін және сол арқылы мәтінді тиімді түрде қабылдауға және оқу
барысында игеруге көмектесетін көрнекіліктер (мұндай көрнекіліктер оқулықта көп
кездеседі).
Оқулықта пәнді оқуға қажет сандық көрсеткіштер де болады. Сандар зерделенетін
басты объектілерге қатысты беріледі және де негізінен жаттауға емес, онымен жұмыс
істеуге арналады.
Көптеген оқулықтардың соңында пән тақырыбы бойынша маңыздырақ ақпарат
қамтылатын қосымшалар, терминдер мен ұғымдар сөздіктері, атаулар сөздіктері болуы
мүмкін. Мұның барлығы оқу үдерісінде пайдаланылуы қажет. Пән бойынша оқу тиімділігі
оқушылардың оқулықпен жұмыс істей алуына, ондағы материалды игере алуына да
байланысты болады. Оқулықпен жұмыс істеу қабілетінің негізінде оқушылар
бағдарламалық білімді игеріп, мектеп бітіргеннен кейінгі уақытта өздігінен білім алуға
дайындалады.
Өзінің міндеті белгілі бір балаға өз бетінше дамуға жағдай жасау деп санайтын мұғалім
ерте ме, кеш пе мынадай проблема кездестіреді: «Оқушыларды оқулық мәтінімен өздігінен
жұмыс істеуге қалай үйретуге болады». Бұл мәселенің шешімінің бірі – әрбір сабақта және
үйде оқулықпен жүйелі түрде үш саты бойынша жұмыс істеуді ұйымдастыру: оқуға дейін,
оқу кезінде және оқып болғаннан кейін. Оқулықпен жұмыс істеу дағдысы кейіннен әрбір
оқушыға өз бетінше білім алуда көмектесуге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: