Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Мұғалімге арналған нұсқаулық (мұғалімге арналған әдістемелік құрал, оқыту



Pdf көрінісі
бет43/54
Дата12.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#149286
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54
Байланысты:
1541881748 (1)

Мұғалімге арналған нұсқаулық (мұғалімге арналған әдістемелік құрал, оқыту 
әдістемесі) 
 
Мұғалімге арналған нұсқаулық оқулықпен және ОӘК-пен қалай жұмыс істеу 
керектігі және сабақты қалай өткізу керектігі туралы қысқаша түсініктеме берілген 
әдістемелік құрал болып табылады. Мұғалімге арналған нұсқаулықтағы тапсырмалар пән 


52 
бойынша оқу бағдарламасының белгілі бір бөлімі (бөлімшесі) үшін белгіленген оқу 
мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. 
Мұғалімдер: 

оқу бағдарламасының басқа пәндерімен байланыс орнатуға;

пән мұғалімдерімен мазмұн бойынша байланыстыруға болатын мәтіндер, 
тапсырмалар, жаттығулар жөнінде ой алмасуға; 

пәнді оқудағы қосымша қажеттіліктерді анықтау үшін пән мұғалімдерімен жұмыс 
істеуге; 

оқушылар үшін әлеуметтік, педагогикалық және функционалдық маңызы бар 
тақырыптардың таңдалуына жағдай жасау қажет. 
Мұғалімге арналған нұсқаулықта төмендегідей ақпарат қамтылған: 

оқу мақсаттары; 

оқу ресурстары; 

пән бойынша оқулық пен жұмыс дәптеріне сілтемелер; 

тақырыпты қандай тәсілмен қарастыру керектігі; 

тиісті негізгі ақпарат; 

оқулыққа сәйкес қызметті қолдау үшін мұғалімге арналған қадамдық жазбалар; 

пәнаралық байланыс; 

дамытушы тапсырмалар. 
Сонымен қатар, мұғалімдерге арналған жазбаларда қалыптастырушы бағалау 
(мұғалімнің сауалнаманы, бақылау және қадағалауды тиімді жүргізу дағдыларын қоса 
есептегенде) мен оқуды саралау жолдары қамтылған. 
Жұмыс дәптері (оқушы дәптері) 
Жұмыс дәптері – тәжірибе жүзінде орындауға арналған түрлі жаттығулар мен 
тапсырмалар жинақталған әдістемелік құрал. Жұмыс дәптерінің мақсаты сабақта алынған 
білімді іс жүзінде бекіту болып табылады. Пәнге және сыныпқа қарай жұмыс дәптеріндегі 
тапсырмаларды сыныпта немесе үйде орындауға болады. 
Жұмыс дәптері балаға өз бетінше оқуға мүмкіндік береді және пән бойынша білім 
мен дағдыларды бекітуге және дамытуға арналған материал ұсынылған жұмыс 
парақтарынан тұрады. Сонымен қатар, жұмыс парақтарында қалыптастырушы бағалау мен 
оқуды саралау жолдары ұсынылған. Сондай-ақ, әр бөлімше бойынша оқушының әрекетін 
шолу парағы бар. Ол бағалау үшін (онда өзін-өзі немесе өзара бағалау көзделген), 
оқушыларға бағалау нәтижелері туралы хабар беру үшін қолданылады, не болмаса 
қамтиды. 
Оқушыларға оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша жұмыс істеуге 
көмектесу үшін мұғалімдерге жұмыс парақтарын өз қалауы бойынша қолдану ұсынылады. 


53 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет