25
Объективтілік:
1.
Құрастырылған сұрақтар оқушылардың жынысына, қызығушылығына қарамастан
барлық оқушыларға бірдей түсінікті болуы керек, мысалы,
берілген мәтін тек
қыздарға арналған (косметика туралы) немесе ұлдарға қатысты (автокөлік
қозғалтқыштарының соңғы үлгілері туралы) болмауы керек.
2.
Барлық сұрақтар міндетті түрде жауап алуға бағытталуы керек. Сұрақты
силлабусты немесе кітапты таңдағанда таңдау мүмкін.
3.
Қабылданатын және қабылданбайтын жауаптарды бағалау критерийлерін
дайындаңыз. Бұл сұрақтардағы кемшіліктерді байқауға мүмкіндік береді.
4.
Әрбір критерий бойынша берілетін балл саны дәл көрсетілген сараптамалық
тексеру сызбасын қолданыңыз.
5.
Жұмыстарды тәуелсіз сарапшылар кемінде екі рет тексеруі керек.
Сенімділік:
1.
Сұрақтар негізгі мазмұнға сәйкес болуы керек.
Бағалау тапсырмаларындағы
қателерді тауып, түзету және толықтыру үшін, сондай-ақ заңдылықтар мен
үлгілерді анықтау үшін бағалау туралы жүйелі түрде мәлімет жинақтап, деректер
базасын құрыңыз. Проблемалық сұрақтардың тізімін
жасау басқа тапсырма
құрастырушыларға да жақсы көмекші құрал болады.
2.
Дайын болған бағалауға арналған тапсырмаларды бақылау үшін бекітілген
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сүйену керек.
Ашық тапсырмалардың бірқатар артықшылығын атап өтуге болады, мысалы:
-
Тақырып мазмұнының басым бөлігін қамтуға мүмкіндіктің болуы;
-
Шығармашылыққа, жүйелі және қалыптан тыс ойлауға,
оқушының білім, дағдысы
мен қабілетін түрлі тәсілдер арқылы көрсетуге мүмкіндік болуы;
-
Дайын өнім құруға мүміндіктің болуы;
-
Дәлелді жауап беру арқылы оқушының өзін көрсетуге мүмкіндіктің болуы.
Сонымен қатар кемшіктері де бар: жабық тапсырмалармен салыстырғанда мұнда
тапсырмаға дескриптор, балл қою кестесін құрастыру қиынырақ.
Тапсырманы бағалау
барысында балл қоюда субъективтілік көрініс табуы мүмкін. Ашық псырманы орындау
және оны тексеруге біршама уақыт қажет және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: