Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Балл қою кестесін құрастыру кезінде нені ескеру керек?



Pdf көрінісі
бет27/40
Дата12.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#185118
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

 
Балл қою кестесін құрастыру кезінде нені ескеру керек?
«Қосымша ақпарат» бағанында мұғалімге көмек ретінде төмендегілер нақтыланған:

балл нақты не үшін қойылады;

жұмысты тексеру кезінде қандай жауап нұсқалары есепке алынуы мүмкін;

оқушы жауабында қандай шектеулер болуы мүмкін;

оқушының орындаған жұмысын модерациялау кезінде қандай шешімдер 
қабылданады;

жұмысты тексеру кезінде пайдалы болатын кез келген басқа ақпарат. 
Балл қою кестесінде берілген қосымша ақпарат төмендегілерді қамтиды:

бірнеше балл алуға болатын тапсырмалар. Қандай жағдайда нақты ұсыныстар 
беріледі, әр балл не үшін қойылады; 

оқушының күтілетін жауабына қосымша анықтамалар; 

есептеуге болмайтын жауаптар;

дұрыс жауап ретінде қабылдануы мүмкін барлық шешімнің балама (альтернативті) 
тәсілдері;

қателерді ауыстыру. 
 
Тапсырмаларда ресурстық материалдарды қолдануға қатысты ұсыныстар
Тапсырмада мәтін, график, диаграмма, сызба, бейне, аудио жазбалар, карталар, 
иллюстрациялар және т.б. түріндегі түрлі ресурстық материалдарды қолдануға болады. 


29 
Ресурстық материалдар оқушыға қосымша көмек көрсету мақсатында немесе дереккөздері 
ретінде қолданылады.
Ресурстық материалдарға қатысты тапсырмалар ақпаратты қайта өңдеу және түсінуге, 
іздену дағдыларын тексеруге бағытталуы қажет. Тапсырмалардың әр алуан түрлерін 
қолдануда олардың жеңілден күрделіге қарай логикалық реттілікпен орналастырылуы 
ұсынылады. Кез келген ресурстық материалға нақты нұсқау берілуі қажет.
Ресурстық материалдарға мазмұндық, техникалық сипаты жағынан бірқатар талаптар 
қойылады.
Ресурстық материалдардың мазмұнына қойылатын талаптар:

Ресурстық материалдарды іріктеу мен құрастыру барысында тақырыпты, оқу 
мақсаттарын, бағалау критерийлерін ескеру қажет.

Ресурстық материалдарды оқулықтардан, оқу құралдарынан немесе мектепте 
қолданылып жүрген дереккөздерден қолданбаған дұрыс. Жауаптары берілуі мүмкін, 
мысалы, тапсырмада және ресурстық материалда бірдей сөздерді қолданудан аулақ 
болған дұрыс.

Ресурстық материалдарда ескірген ақпарат, сондай-ақ оқушының денсаулығына және 
дамуына кері әсер ететін ақпарат болмағаны жөн. 

Ресурстық материалдарда мәдени ерекшеліктер ескерілуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет