Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Бағалау нәтижелері. Нәтижелердің сенімділігі мен валидтілігі



Pdf көрінісі
бет30/40
Дата12.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#185118
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Бағалау нәтижелері. Нәтижелердің сенімділігі мен валидтілігі
Сенімділікті қамтамасыз етуге арналған нұсқаулық 
(Чарльз Дарр материалдарының негізінде, 2005) 
Сенімділік дегеніміз не?
Сенімділік — бұл бағалау кезінде алған нәтижелердің тұрақтылығы. Бұл 
төмендегілерді білдіруі мүмкін: 

Уақытқа қатысты тұрақтылық – егер бағалау басқа күні немесе басқа уақытта 
өткізілсе, нәтижелер бірдей бола ала ма? 

Тапсырмалардың арасындағы тұрақтылық – бағалау үшін басқа тапсырмалар 
іріктеліп алынса, нәтиже бірдей болар ма еді? 

Бағалаушылар арасындағы келісім – егер жұмысты басқа тексеруші бағаласа, 
нәтижелер бірдей бола ма? 
Тұрақтылық деңгейі жоғары болған сайын, нәтиже де сенімді болады. Алайда 
нәтижелер абсолютті түрде сенімді болуы мүмкін емес. Қашанда бағалауға әсер ететін 
кездейсоқ ықтималдық болуы мүмкін.
Сенімділікті анықтау 
Сенімділікті анықтау статистикалық өлшем ретінде қарастырылады. Әдетте бұл 
бағалау нәтижесінің осы бағалауды қайта жүргізген жағдайда алынған нәтижемен 
қаншалықты сәйкес келетінін көруге болатын 
сенімділік коэффициентін
есептеу болып 
табылады. 
Сенімділік коэффициенті нөл мен 1-дің арасында болады; нөл - үйлесімнің жоқтығын 
көрсетеді. Тест құрастырушылар сенімділік коэффициентін есептеу үшін өздері таңдаған 
үйлесімділік түрлеріне байланысты бірнеше әдістемені қолданады. Олардың кейбіреулері 
төменде қысқаша берілген.
Стандартталған тестілердің сенімділік коэффициенті көбіне 0,9-дан артық болады, бұл 
сенімділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Алайда бағалау нәтижелерінің сенімділігі 
қаншалықты жоғары деген сұрақ көп жағдайда бағалау нәтижелеріне қандай шешім 
қабылдау деңгейі негізделетініне байланысты. Бағаның маңызы жоғары болған жағдайда 
бағалаудың (бағалау құралдарының) сенімділігі жоғары болуы тиіс. Ал шешімнің ұзақ 
мерзімді салдарлары болмаған кезде, сенімділіктің жоғары деңгейі аса маңызды емес деуге 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет