Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналғАН


Бағалауға арналған тапсырма әзірлеушіге арналған жалпы ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата27.10.2019
өлшемі0,68 Mb.
#50719
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 МАН География-1


Бағалауға арналған тапсырма әзірлеушіге арналған жалпы ұсыныстар 

 

Құрастырылған  тапсырманың  анықтылығы  субъективтілікті  (жеке  көзқарасты) 



шектейтін  негізгі  фактор  болып  табылады.  Ол  бағалаудың  негізгі  қағидаларын 

(негізділік, валидтілік, объективтілік, сенімділік) ұстануға көмектеседі. 

Критериалды бағалау жүйесінде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау 

нәтижелерімен таныстыру үшін оқушының оқу жетістігі деңгейі көрсетілген рубриканы 

қолдану ұсынылады. 

Рубрика  –  бағалау  критерийлеріне  сәйкес  білім  алушылардың  оқу  жетістіктері 

деңгейлерін сипаттау тәсілі. 

Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын 

белгі. 

Дескриптор  –  тапсырмаларды  орындау  кезіндегі  нақты  қадамдарды  көрсететін 



сипаттама. 

 

 

 

 

 

 

Бағалауға арналған тапсырма әзірлеу кезінде ескеретін ұсыныстар  

1. Сыныпта меңгерген материалды бағалаңыз 

2. Оқушылардан берілген дереккөздер арқылы дұрыс жауабы бар 1 немесе 2 тапсырма 

құрастыруды сұраңыз  

3.  Жұмысты  орындауға  қанша  уақыт  қажет  екенін  анықтау  үшін  төмендегі 

ақпараттарды қолданыңыз: 

-  шындықты анықтау тапсырмасы үшін 30 секунд  

-  көп таңдауы бар тапсырма үшін 60 секунд  

-  қысқа жауапты қажет ететін тапсырма үшін 120 секунд  

-  толық жауапты қажет ететін тапсырмаға/эссеге 10-15 минут  

-  жұмысқа шолу жасау үшін 5 минуттан 10 минутқа дейін 

4. 50-70% кем емес оқушылар жауап бере алатындай немесе орташа күрделілігі бар 

тақырыпты таңдаңыз   

5. Сенімділік тұрғысынан барынша ұзақ құрылған тест сенімді деп есептеледі  

6.  Есіңізде  болсын,  оқулықтағы  көптеген  тест  тапсырмаларының  жоғары  деңгей 

дағдыларын бағалауы өте сирек кездеседі.  

 


26 

Дескрипторларды  құрастыру 

Дескриптор – тапсырмаларды  орындау  кезіндегі  әрекетті  көрсететін сипаттама.   

Дескрипторлар қалыптастырушы бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалауды 

өткізу  кезінде  қолданылады.  Тапсырмаларды  тексеру  үдерісінде  бөлім  бойынша 

жиынтық бағалауда қолданылатын әр дескриптор 1 балмен бағаланады.  

Дескрипторлар әрқашан тапсырмалармен қатар құрастырылады және тапсырманы 

орындау кезіндегі әр қадамның сипатын болжайды. Бұл тапсырманың мазмұны бойынша 

сенімді және жарамды болуын,  сондай-ақ басқа мұғалімдердің тарапынан да объективті, 

дұрыс бағалануын қамтамасыз етеді.  



 

Дескрипторларды құрастыру кезінде нені ескеру керек? 

Дескрипторларды  тиянақтау  кезінде  «біледі»,  «түсінеді»,  «жасайды»  және  т.б. 

сияқты фразаларды қолданбаған дұрыс. Мұндай мазмұндағы сөздер бағалауға қиындық 

туғызады және тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты әрекеттерді сипаттамайды.  

Дескриптор  оқушының  қиындықтарын  анықтауға  және  кері  байланыс  ұсынуға 

мүмкіндік  беруге  көмектесуі  қажет.  Мысалы,  «дұрыс  жауапты  көрсетеді»  емес, 

«стандартты  түрде  жазылған  сандардың  ретін  салыстыру  негізінде  артық  сандарды 

көрсетеді» деп берілуі тиіс.   

Ашық  тапсырмалар  үшін  дескрипторларды  құрастыру  таңдалған  орындау 

тәсілдерін  (егер  талап  етілсе)  сипаттаудан  басталады,  мысалы,  «дискриминант 

формуласын қолданады». Бұдан әрі алынған жауап пен аралық әрекеттер сипатталады, 

мысалы,  «дискриминанттың  мәнін  есептейді»,  «теңдеу  түбірінің  санын  анықтайды», 

«теңдеудің түбірін табады». Мұғалім өз тәжірибесіне және кәсіби пайымдауына сүйене 

отырып,  тапсырмаларды  орындау  кезінде  қандай  аралық  қадамдарды  бағалауы 

керектігін анықтайды.   

Тапсырмалардың  дескрипторлары  тапсырмаларды  орындаудың  қай  кезеңінде 

оқушыларда қиындықтар туындайтынын анықтауға мүмкіндік беретіндей болуы керек 

және  бағалау  кезінде  мұғалімнің  шешімі  объективті  болуы  үшін  анық,  нақты  болуы 

қажет.  Бұл  оқушылар  мен  олардың  ата-аналарына  сындарлы  (конструктивті)  кері 

байланыс  беруге  жағдай  жасайды  (Негізгі  және  жалпы  білім  беретін  мектептердің 

мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық, 2016). 

 

 



 

27 

Балл қою кестесі 

 

Балл қою кестесі тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары үшін құрастырылады 



және жиынтық жұмыстарды тексеру үдерісінде қолданылады. 

 

Балл  қою  кестесі  –  тоқсандық  жиынтық  бағалау  тапсырмаларына  балл  қою  

бойынша  бірыңғай  норманы  белгілеу  үшін  мұғалімдер  қолданатын кесте.  

 

Балл  қою кестесі  қашан, қалай балл  берілетіндігін білдіретін, дұрыс (болжамды) 



жауаптар мен ұсыныстардың үлгілері туралы анық және нақты ақпарат ұсынатын құрал 

болып табылады.  

Балл қою кестесінің құрылымы мен мазмұны пәндер мен тапсырмалар түрлеріне 

қатысты ерекшеленуі  мүмкін. Балл  қою кестесінің құрылымы мынадай ақпараттардан 

тұрады:  тапсырмалар  нөмірі,  тапсырмаларды  орындаудың  кезеңдері  көрсетілген 

жауаптары,  әр  кезеңнің  балдары  және  балдың  берілуі  туралы  ұсынысы  бар  қосымша 

ақпараттар (21, 22-кестелер).  

Балл қою кестесінде көп таңдауды қажет ететін тапсырмалар үшін дұрыс жауабы 

(кілті) көрсетіледі.  

Барлық альтернативті жауаптар балл қою кестесінде көрсетілуі тиіс, ол «қосымша 

ақпарат» графасында көрсетілуі тиіс (21-кесте). 

 

Альтернативті жауаптары бар балл қою кестесінің мысалы  

 

 



Балл қою кестесін құрастыру кезінде нені ескеру керек?  

«Қосымша ақпарат» бағанында мұғалімге көмек ретінде төмендегілер нақтыланған:  

• балл нақты не үшін қойылады;  

• жұмысты тексеру кезінде қандай жауап нұсқалары есепке алынуы мүмкін (мысалы, 

мағынасына қарай мәліметтер мен сөздерді сәйкестендіруіне қойылады);  

• оқушы жауабында қандай шектеулер болуы мүмкін;  

• оқушының  орындаған  жұмысын  модерациялау  кезінде  қандай  шешімдер 

қабылданады;  

• жұмысты тексеру кезінде пайдалы болатын кез келген басқа ақпарат. 

 

Балл қою кестесінде берілген қосымша ақпарат төмендегілерді қамтиды:  



•  бірнеше  балл  алуға  болатын  тапсырмалар.  Қандай  жағдайда  нақты  ұсыныстар 

беріледі, әр балл не үшін қойылады; 

•  оқушының күтілетін жауабына қосымша анықтамалар; 

•  есептеуге болмайтын жауаптар;  

•  дұрыс жауап ретінде қабылдануы мүмкін барлық шешімнің альтернативті тәсілдері;  

•  қателерді ауыстыру.  

 

№  Жауап 

Балл 

Қосымша ақпарат 

a. су басу 



b. көктемде 

c. қар еруі 

d. бөген құру, арықтарды ашу 



тасқын 



жазда 

мұздықтардың еруі 

бөгет құру 


28 

Тапсырмаларда ресурстық материалдарды қолдануға қатысты ұсыныстар  

 

Тапсырмада мәтін, график, диаграмма, сызба, бейне, аудио жазбалар, карталар, 



иллюстрациялар және т.б. түріндегі түрлі ресурстық материалдарды қолдануға болады. 

Ресурстық  материалдар  оқушыға  қосымша  көмек  көрсету  мақсатында  немесе 

дереккөздері ретінде қолданылады.  

Ресурстық  материалдарға  қатысты  тапсырмалар  ақпаратты  қайта  өңдеу  және 

түсіну,  іздену  дағдыларын  тексеруге  бағытталуы  қажет.  Тапсырмалардың  әр  түрлерін 

қолдануда  олардың  жеңілден  күрделіге  қарай  логикалық  реттілікпен  орналастырылуы 

ұсынылады. Кез келген ресурстық материалдарға нақты нұсқау берілуі қажет.  

Ресурстық  материалдарға  мазмұндық,  техникалық  сипаты  жағынан  бірнеше 

талаптар қойылады.  

Ресурстық материалдардың мазмұнына қойылатын талаптар:  

✓  Ресурстық  материалдарды  іріктеу  және  құрастыруда  тақырыпты,  оқу 

мақсаттарын, бағалау критерийлерін ескеру қажет.   

✓  Ресурстық  материалдарды  оқулықтардан,  оқу  құралдарынан  немесе  мектепте 

қолданылып  жүрген  дереккөздерінен  қолданбаған  дұрыс.  Жауаптары  берілуі 

мүмкін,  мысалы,  тапсырмада  және  ресурстық  материалда  бірдей  сөздерді 

қолданудан аулақ болған дұрыс.  

✓  Ресурстық материалдарда ескірген ақпарат, сондай-ақ оқушының денсаулығына 

және дамуына кері әсер ететін ақпарат болмағаны дұрыс. 

✓  Ресурстық материалдарда мәдени ерекшеліктер ескерілуі қажет.  



Ресурстық материалдардың техникалық ресімделуіне қойылатын талаптар: 

✓ Ресурстық  материалдың  форматы  оны  қолдануға  болатындай  техникалық 

мүмкіндіктерге  сәйкес  болуы  қажет.  Мысалы,  бейне-  және  аудиожазбаларды 

тыңдау, иллюстрацияларды бейнелеу және т.б.  

✓ Ресурстық материалды ресімдеудің сапасы тапсырманың күрделілік деңгейі мен 

орындау деңгейіне әсер етпеуі қажет.  

✓ Әрбір  оқушыға  ресурстық  материалдармен  жұмыс  жүргізуде  бірдей  жағдай 

жасалуы керек.  

 

Дайын  ресурстық  материалдарды  қолдану  кезінде  мұғалімнің  оларды  өңдеуіне, 



өзгерістер енгізуіне мүмкіндігі бар. Түзету кезінде келесі мәселелерді ескерген жөн:  

✓  ресурстық  материалдардың  мазмұнынан  қажетсіз  ақпараттарды  алып  тастаған 

дұрыс;  

✓  көлемін,  мөлшерін,  ұзақтығын  және  т.б.  қысқартқан  кезде  ресурстық  материал 

мазмұнының реттілігін сақтау керек;  

✓  түсініксіз  сөздерді,  фразаларды,  нысандарды,  элементтерді  және  т.б.  ауыстыру 

қажет немесе қайта өңдеу керек;  

✓  ресурстық материалдың бейімделгендігін атап көрсету қажет. Мысалы, ауқымы 

(масштабы)  есептеледі/есептелмейді,  шығарманың  үзіндісі,  қысқартылған 

нұсқасы және т.б. ұсынылады.   



 

 

 

29 

Тест сұрақтарын құрастыру 

 

Барлық  пәндерді  оқытуда  тест  сұрақтары  қолданылады.  Тест  сұрақтарын 



әзірлеуде  сұрақтарды  шеберлікпен  құрастырудың  маңызы  зор.  Тест  сұрақтарын 

пайдалану  (тестілеу)  тақырыптың  соңында  материалды  бекіту  кезеңінде  өте  тиімді. 

Сонымен  қатар  тақырыпты  жаңадан  бастаған  кезде  де  тест  қолдану  пайдалы  болып 

табылады. Бұл жағдайда оқушылар бастапқы білім деңгейін көрсетіп, білім-дағдыларын 

одан әрі тереңдетуге және дамытуға қызығушылық танытады. 

Берілген  тақырып  бойынша  сұрақ  құрастыруды  оқушыларға  үй  тапсырмасы 

ретінде беру жақсы тәжірибе болып саналады (мысалы, өз бетінше зерделеуге арналған 

бөлім бойынша). Құрастырылған сұрақтары бойынша оқушылардың материалды білу, 

түсіну  деңгейін  байқауға  болады.  Жақсы  сұрақтар  осы  тақырып  бойынша  бақылау 

жұмысында қолданылуы мүмкін, ал нашар сұрақтар сыни бағалау нысаны бола алады, 

оқушыларға  осындай  сұрақтардың  неліктен  нашар  деп  танылғанына  жазбаша 

түсініктеме беруді тапсыруға болады. Сұрақтарды құрастыру кезінде оларды бағалауға 

арналған  критерийлерді  беру  маңызды.  Бағалау  критерийлері  оқушылардың  сұрақ 

құрастыру  тәжірибесі  артқан  сайын  өзгеріп  отыруы  мүмкін.  Бастапқыда  тексеру 

жұмысына  алынатын  сұрақтарды  ғана  бағалауға  болады.  Оқушыларды  ынталандыру 

үшін  жақсы  сұрақтарды  оның  күрделілігі  мен  мазмұндылығына  байланысты  балл 

арқылы бағалауға болады. Балл шәкілін оқушылармен бірге ойласып белгілеуге болады. 

Өз  бетінше  тест  (сұрақ)  құрастыру  әдісін  қолдану  бірқатар  нәтижелерге  қол 

жеткізуге мүмкіндік береді: 

1.  Үй  тапсырмасын  орындау  деңгейін  анықтау.  Жұмыс  түрінің  жаңашылдығы 

және оқу үдерісіндегі жаңа рөлінің есебінен оқушыны осындай үй жұмысын орындауға  

қызықтыру. 

2.  Үй  жұмысын  орындау  жауапкершілігін  арттыру  (орындаған  жұмысы 

сыныптастырының  талқылауына  түсіп,  «іс  жүзінде  тексеріледі»  және  құрдастарының 

сынына ілігеді). 

3.  Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, барлық тұстарын ескеру. Бұл оқушылардың 

сөйлеу сауаттылығына оң ықпалын тигізеді. 

4.  Оқушының  жеке  дамуына  көңіл  бөлу.  Оқушылардың  көпшілігінің 

табыстылығын қамтамасыз ету. 

5.  Өткен материалды меңгергенін бақылау жұмысына деген қорқынышты жеңу. 

Педагог-психолог Д.И. Фельдштейн зерттеулерінде оқушының бақылау/бағамдау 

парағы  бағалаудың  тиімді  құралы  деп  санайды.  Әрбір  бөлімнің  алдында  оқушыларға 

бөлімнің,  сабақтың  тақырыбы,  мерзімі,  меңгерілетін  білік-дағдылар  мен  бөлімге 

қойылатын талаптар көрсетілген бақылау парағы таратылады. 

Бақылау  парағының  негізгі  мақсаты  –  оқушының  нақты  бөлім,  тақырып 

көлемінде  қалыптасқан  білік  деңгейін  анықтау.  Бақылау  парағы  біліктердің  тізімімен 

қатар  олардың  әрқайсысы  бойынша  мұғалімнің  бағалауы  мен  оқушының  өзін-өзі 

бағамдау нәтижесінен тұрады.  

Бақылау парағы осы бөлімде бағаланатын жұмыстардың бағасын белгілеу тәсілі 

ретінде қызмет атқарады. Жұмыстың түріне байланысты тапсырманы орындауға дейін 

немесе орындағаннан кейін оқушылар өз бетінше өзін бағамдайды. Тексергеннен кейін 

мұғалім параққа өзінің бағалауын белгілейді, осылайша бағамдау парағы оқушының оқу 

жетістігі туралы барынша толық ақпарат беретін қосымша құрал ретінде болады. 

Авторлық  зерттеулер  мен  әдебиетті  теориялық  талдау  нәтижесінде  бағалау 

жүйесінің келесі  ерекшеліктері анықталған:  білім беру нәтижесін бағалаудың кешенді 

тәсілі; пәндік, метапәндік және жеке тұлғалық нәтижелерді бағалау;  негізгі білім беру 

бағдарламаларын  меңгеруден  күтілетін  нәтижелерді  бағалаудың  мазмұндық  және 


30 

критериалды базасы ретінде пайдалану; күтілетін нәтижелерді, құралдарды әзірлеудегі 

деңгейлік тәсіл; жеке оқу жетістіктерін сипаттайтын үстемеленіп жинақталатын бағалау 

жүйесін пайдалану (портфолио). 

 

Білімді тест арқылы бағалаудың өзіндік ерекшеліктері бар: 



Артықшылығы 

Кемшілігі 

Материалды бөлшектемей, пәнің барлық тақырыбы 

бойынша білім, дағдыларды тексеруге болады

Тапсырманы 

дұрыс 

түсінбегендіктен 



болатын 

кездейсоқ 

қателерді 

ескеру 


мүмкін емес; 

Бағалау 


стандартталған 

тәртіп 


бойынша 

жүргізіледі,  тест  нәтижесін  автоматтандырылған 

түрде тексеру мүмкіндігі бар, жауапты дұрыс жауап 

үлгісімен  салыстыру  бағалаудың  шынайылығын 

қамтамасыз етеді; 

Нәтижеге 

кездейсоқ 

факторлардың 

әсер 

ету 


ықтималдығы жоғары; 

Оқытушы/мұғалім 

мен 

білім 


алушының 

арасындағы  тікелей  қарым-қатынастың  болмауы 

психологиялық әсерді азайтады; 

Оқытушы/мұғалім  мен  білім 

алушының  арасындағы  тікелей 

қарым-қатынастың болмауы. 

Бағалау  нәтижелерін  математикалық  есептеулер 

арқылы жедел өңдеуге болады. 

 

 

 

 

 


31 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ 

 

1.  Алишев  Т.Б.,  Гильмутдинов  А.Х.  Опыт  Сингапура:  создание  образовательной 

системы  мирового  уровня  [Сингапур  тәжірибесі:  әлемдік  деңгейдегі  білім  беру 

жүйесін құру]. // Журнал «Вопросы образования». - Выпуск № 4. 2010. 

2.  Аллан Дж. Уильямс, Сарбасов Н.С. Международный подход к системе оценивания 

(Великобритания,  США,  Сингапур  и  Новая  Зеландия).  [Халықаралық  бағалау 

тәсілдері.  Ұлыбритания,  АҚШ,  Сингапур,  Жаңа  Зеландия]  –  Астана:  «Назарбаев 

Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. 

3.  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы  (27.07.2007ж.  №  319-  III, 

13.01.2015 жылғы өзерістер және толықтыруларымен). 

4.  Казакова И.А. Система оценивания знаний в историческом аспекте [Білімді бағалау 

жүйесінің тарихи аспектісі]. Высшее образование в России, №6, 2011, с 153-157. 

5.  Критериалды  бағалау  жүйесінің  кіріктірілген  моделі.  Әдістемелік  ұсыныстар– 

Астана. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.  

6.  Ковалева Г.С., Краснянская К.А. Анализ систем оценки реализации образовательных 

программ  в  Сингапуре,  Южной  Корее  и  Китае  [Сингапур,  Оңтүстік  Корея  және 

Қытайдағы  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыруды  бағалау  жүйелерін  талдау]. 

Наука  и  школа  №1,  2016,  https://cyberleninka.ru/article/n/analiz-sistem-otsenki-

realizatsii-obrazovatelnyh-programm-v-singapure-yuzhnoy-koree-i-kitae 

7.  Құракбаев  К.С.,  Омарбекова  А.К.  Совершенствование  национальной  системы 

оценивания  учебных  достижений  учащихся  в  контексте  системы  критериального 

оценивания  [Критериалды  бағалау  контекстінде  оқушылардың  білімін  бағалаудың  

ұлттық  жүйесін  жетілдіру]//  KazNU  Bulletin.  «Pedagogikal  science»  series  №  1(44), 

2015. 


8.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы.  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  2016  жылғы  1  наурыздағы  №  205  Жарлығымен  бекітілген 

//www.edu.gov.kz. 

9.  Негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп  мұғалімдеріне  арналған 

критериалды  бағалау  бойынша  нұсқаулық:  Оқу-әдістемелік  құрал  /«Назарбаев 

Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  /О.И.Можаева,  А.С.Шилибекова,  Д.Б.Зиеденованың 

редакциясымен. - Астана, 2016. - 55 б. 

10. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық 

және  оқу-әдістемелік  негіздері.  Әдістемелік  құрал.  –Астана:  Ы.  Алтынсарин 

атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 58 б. 

11. Өңірлік  және  мектеп  үйлестірушілеріне  арналған  критериалды  бағалау  бойынша 

нұсқаулық:  Оқу-әдіст.  құрал  /«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ 

/О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. 

- 46 б. 

12. Пинская М.А., Оценивание для обучения [Оқу үшін бағалау]. Москва. Чистые пруды, 

2009. - 32 с. -(Библиотечка «Первого сентября». Серия «Управление школой»; вып. 

28). 


13. Решетников  О.В.  Оценка  личностного  развития  ученика  [Оқушының  тұлғалық 

дамуын бағалау] //Проблемы современного развития ученика (Оқушыны дамытудағы 

заманауи мәселелер). – 2011. – №5. – С. 2-27. 

14. «Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің 

біліктілігін арттыру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Астана, 2016. -

201б. 


15. Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру. ЭЫДҰ, 2014ж. 

16. Ұлыбританиядағы 

бастауыш  және  орта  білім  беру.  Интернет  ресурс: 

http://www.studentinfo.net/faq84-secondary-school.  



32 

17.  «PISA-2015  халықаралық  зерттеуінің  негізгі  нәтижелері»  Ұлттық  есебі,  2017  жыл, 

С.Ырсалиев,  А.Құлтуманова,  Е.Сабырұлы,  М.Аманғазы  –  Астана:  «Ақпараттық-

талдау орталығы» АҚ, 2017 – 240 бет.  

18. American  Educational  Research  Association,  American  Psychological  Association  & 

National  Council  on  Measurement  in  Educational  (AERA,  APA  &  NCME),  (1999)  The 

standards  for  Educational  and  Psychological  Testing  [Білім  беру  және  психологиялық 

тестілеу стандарттары]. Washington, D.C.: Author. 

19. Airasian, P.W. (1999). Assessment in the Classroom: A Concise Approach  (Сыныптағы 

бағалау: қысқа тәсіл). New York: McGraw-Hill. 

20. Brown, Sally, Race Phil, Smith, Brenda. (2004). 500 Tips on Assessment [Бағалаудың 500 

түрі]. London: Kogan Page Limited. 

21. Charles Darr. (2005) A hitchhiker’s guide to reliability [Сенімділікті қамтамасыз етуге 

арналған 

нұсқаулық]. 

Электронды 

ресурс 

http://citeseerx.ist.psu.edu/viewdoc/download?doi=10.1.1.619.4574&rep=rep1&type=pdf 



22. Charles  Darr.  (2005).  A  hitchhiker’s  guide  to  validity  [Валидтілікті  қамтамасыз  етуге 

арналған 

нұсқаулық]. 

Электронды 

ресурс 

https://sue-



smith.wikispaces.com/file/view/Validity+-Hitchhikers+Guide-1.pdf 

23. Darling-Hammond, L.et al. (2013). Criteria for High-Quality Assessment [Жоғары сапалы 

бағалау  критерийлері].  Стэнфорд,  Калифорния  шт:  Білім  беру  саясаты  жөніндегі 

Стэнфорд орталығы. 

24. Diana Ng Yee Ping, Tan Yap Kwang. (2014). How to use the Revised Bloom’s Taxonomy 

(RBT) to develop primary Science questions. [Бастауыш ғылымда сұрақ қоюды дамыту 

үшін қайта қаралған Блум таксономиясын (ҚБТ) пайдалану]. Assessment in Singapore. 

Perspectives for Classroom Practice. Singapore Examinations and Assessment Board. 

25. Garfield, J.B. (1994) Beyond Testing and Grading: Using Assessment to Improve Student 

Learning  [Бағалауды  студенттердің  оқуын  жетілдіру  үшін  қолдану]//  Journal  of 

Statistics Education. 2 (1). – P. 1-12 

26. Gilbert, D.T., Pelham, B.W. &  Krull, D.S. (1988) On Cognitive Busyness. When person 

perceivers  meet  persons  perceived  [Танымдық  жаттығу:  адамдардың  жағымды 

адамдарды қабылдауы]. Journal of Personality and Social Psychology [Жеке тұлға және 

әлеуметтік психология журналы], 54(5), 733-740. 

27. Harlen,  W.,  Jemes,  M.  (1997).  Assesment  and  learning:  Differences  and  Relationships 

Between  Formative  and  Summative  Assesment  [Бағалау  және  оқу:  Қалыптастырушы 

және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық пен олардың өзара байланысы]// 

Assesment Education, 4(3), 365-379. 

28. Hodson,  D.  (1990).  A  critical  look  at  practical  work  in  school  science  [Мектеп 

ғылымындағы тәжірибелік жұмысқа сыни көзқарас]. School Science Review (Мектеп 

ғылымына шолу), 71 (256), 33-40. 

29. Hofstein A. and Lunetta V.N. (2004). The laboratory in science education: Foundations for 

the  twenty‐first  century  [Ғылыми-ағарту  зертханасы:  XXI  ғасыр  негіздері].  Science 

Education, 88 (1) 28-54. 

30. Johnson, M. and Green, S. (2006) On-line Mathematics Assessment: The Impact of Mode 

on  Performance  and  Question  Answering  Strategies  [Онлайн  математикалық  бағалау: 

сұрақтарға жауап беру мен өнімділікке әсері]. The Journal of Technology, Learning and 

Assessment, 4, 5 

31. Keiler, L.S., Woolnoug, B.E. (2002). Practical work in school science: the dominance of 

assessment  [Мектеп  ғылымындағы  тәжірибелік  жұмыс:  бағлаудың  басымдығы]. 

School Science Review (Мектеп ғылымына шолу), 83 (304), 83-88. 

32. Kubiszyn,  T.,  Borich,  G.D.  (2007).  Educational  Testing  and  Measurement:  Classroom 

Application and Practice. [Білім беруді тестілеу және өлшеу: сыныпта қолдану және 

тәжірибе]. АҚШ: John Wiley & Sons, Inc. 



33 

33. Leong See Cheng. (2014). What do we when we assess achievement? [Жетістікті бағалау 

кезінде біз не істейміз?] Assessment in Singapore. Perspectives for Classroom Practice. 

Singapore Examinations and Assessment Board. 

34. Leong See Cheng. (2014). What validsty is and isn’t? [Валидтілік деген нені білдіреді?] 

Assessment  in  Singapore.  Perspectives  for  Classroom  Practice.  Singapore  Examinations 

and Assessment Board. 

35. Leong  See  Cheng.  (2014).  How  to  judge  demands  in  test  items  [Тест  мазмұнына 

қойылатын  талаптар  қалай  бағаланады?].  Assessment  in  Singapore.  Perspectives  for 

Classroom Practice. Singapore Examinations and Assessment Board. 

36. Lim Jih Koon Lyndon. (2014). How to make the reporting of test results more meaningful 

[Тест  нәтижелерін  талдауды  қалай  маңыздырақ  жасауға  болады].  Assessment  in 

Singapore. Perspectives for Classroom Practice. Singapore Examinations and Assessment 

Board 


37. Mislevy, R.J,  Steinberg, L.S, and Almond, R.G. (2002). Design and analysis in task-based 

language  assessment  [Тапсырмаларға  негізделген  тілді  бағалауды  жоспарлау  және 

талдау]. «Language Testing 2002». 19(4), 477-498. http://lrc.cornell.edu/events/past/2004-

5/mislevy.pdf. 

38. Newton,  P,  Baird,  J,  Goldstein,  H,  Patrick,  H  and  Tymms,  P.  (2007)  Techniques  for 

monitoring  the  comparability  of  examination  standards  [Емтихан  стандарттарының 

сәйкестігін бақылау техникасы], London, QCA. 

39. Ow  Mun  Hoe.  (2014).  What  are  some  key  ideas  of  school-based  assessment  of  science 

practical  skills?  [Мектепте  ғылыми  дағдыларды  қолдануды  бағалауының  кейбір 

негізгі идеялары қандай?] Assessment in Singapore. Perspectives for Classroom Practice. 

Singapore Examinations and Assessment Board. 

40. Pollitt, A., Ahmed, A., and Crisp, V. (2007) The demands of examination syllabuses and 

question  papers  [Емтихан  курсы  мен  емтихан  билеттеріне  қойылатын  талаптар]. 

Techniques  for  monitoring  the  comparability  of  examination  standards  [Емтихан 

стандарттарының сәйкестігін бақылау техникасы], pp. 166-206. London, Qualifications 

and Curriculum Authority. 

41. Downing,  S.M.  (2003)  Validity:  on  the  meaningful  interpretation  of  assessment  data 

[Валидтілік:  бағалау  нәтижелерін  мазмұнды  түсіндіру  сұрақтары].  The  metric  of 

medical 

education. 

«Medical 

Education», 

37, 

830-837. 



Эл. 

ресурс. 


http://msu.ac.zw/elearning/material/1317654993What%20is%20validity.pdf.  

42. Syed Mohamed. (2014). What should be considered in developing mark schemes? [Бағалау 

сұлбасын  әзірлегенде  нені  ескеру  керек?].  Assessment  in  Singapore.  Perspectives  for 

Classroom Practice. Singapore Examinations and Assessment Board. 

43. Tan  Soon  Cheng.  (2014).  How  to  set  open-ended  guestions  [Ашық  сұрақтарды  қалай 

құрастыруға  болады].  Assessment  in  Singapore.  Perspectives  for  Classroom  Practice. 

Singapore Examinations and Assessment Board. 

44. Voogt, J., Roblin, N.P. (2012). A Comparative Analysis of International Frameworks for 

21st  Century  Competencies:  Implications  for  National  Curriculum  Policies  [21-ғасыр 

құзыреттілігінің  халықаралық  талаптарын  салыстырмалы  талдау].  Journal  of 

Curriculum Studies 44(3):299-321. 

45. William,  D.  (2000).  Reliability,  validity,  and  all  that  jazz  [Сенімділік,  валидтілік  және 

басқа да сипаттамалар]. Education, 29(3), 9-13. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет