Оқушылар қозғалыстың кинематикалық теңдеулерімен қатар жылдамдық пен үдеу ұғымын білу керек. Математика курсынан олар шеңбердің ұзындығының және бұрыштың радиандық өлшемін білу керек.
Контекст Айналмалы қозғалыс туралы білімдері 9.2С бөлімінде және 11- ыныпта дөңгелек орбиталарды қарастырғанда қажет болады. Айналмалы қозғалыс теңдеулері мен центрге тартқыш үдеу формулалары сонымен қатар магнит өрісінде және радиал электр өрісінде қозғалатын зарядталған бөлшектерді қарастырғанда да қолданылатын болады.
Осы бөлімдегі орындауға міндетті зертханалық жұмыстар:
Ауырлық және серпінділік күшінің әсерімен дененің шеңбер бойынша қозғалысын зерттеу.