Білім беру бағдарламасы nis-programme «Физика» пәні бойынша оқу жоспары



бет22/57
Дата07.02.2022
өлшемі454,56 Kb.
#91496
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
Байланысты:
Оқу жоспары Физика 9 сынып 5 нұсқа маусым 2018

(D) Мұғалім сызаттың пайда болуы мен пішінінің өзгерісін көрсету үшін, еденге резеңке допты, пластилинді және шыны сияқты әртүрлі материалдарды тастауына болады.
(E) Оқушылар тақтаға қатысты көлденең болатын және блок арқылы өтетін диаметрі 0.28 мм болатын ұзын мыс сымға 100 грамдық жүктің 10 іле алады. Егер сымның ұзындығы 2 м-ден асатын болса, онда созылуды өлшеу үшін миллиметрлік бөлік құны бар қарапайым сызғыш пайдаланылуы мүмкін. Оқушылар серпімділік қасиетін көрсетіп, нәтижесінде серпімсіз созылу туындайтындығын көрсету үшін массаны пропорционалды облысқа жылжытулары тиіс.
(T) Мұғалімдер серпімді және серпімсіз деформацияны көрсететін видеоны көрсете алады, оқушылардан күш/ механикалық кернеу графиктерін салуды сұрай алады. Оқушыларға материалдардың қасиетін өз-бетімен зерттеу ұсынылады.
(G) Оқушылар күнделікті өмірдегі серпімді және серпімсіз деформацияның пайда болуын, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттей алады. Мұны сыныпта немесе сыныптан тыс уақытта жасауға болады, сонымен қатар егер келісуге мүмкін болса, онда жергілікті өндіріс орындарына барып та жасауға болады.

Оқушылар кейбір металдарға түсірілетін күштің шамасына қарай серпімді немесе серпімсіз деформацияға ұшырайтынын түсінеді

Қабілетті оқушылар үшін сымтемірге ілінген жүктемеде пайда болған деформацияны заттың молекулалық теория тұрғысанан түсіндіруі мүмкін, бірақ барлық оқушылар үшін бүл міндетті емес.

Металдың деформациясы бойынша видео:
http://www.youtube.com/watch?feature=endscreen&v=K28WiL21Sgs&NR=1
Серпімсіз деформация бойынша видео:
http://www.youtube.com/watch?v=hloxCLh422c
немесе
http://www.youtube.com/watch?v=Wx7FGhV_wdI

Серпімді және серпімсіз әрекет үшін, молекулярлық негіздерін көрсететін видео:


http://www.youtube.com/watch?v=Yxmh8OzLxO4





9.2.2.14 - Гук заңының F = -k∆x формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу;

9.1.1.12 - y=kx+b түріндегі тәуелділіктерді талдай білу;



9.2.2.15 - серпімділік күшінің серіппенің ұзару шамасына тәуелділік графигін салу және талдау;

(G) Оқушылар жоғарыда қарастырған мыс сымның немесе масса-серіппе модельдеуіне қатысты созылудың күшке тәуелділігінің графиктерін тұрғыза алады. Олар градиентті (еңісті) анықтау қажет, ол серіппенің қатаңдығы болып табылатындығын ұғынулары тиіс. Содан кейін, серіппеге ілінген жүктің салмағын немесе массасын анықтау үшін серіппенің қатаңдығын пайдалана алады.
(E) Егер оқушылар 7 сыныпта Гук заңының орындалуына байланысты тәжірибелік жұмыс жасалмаса, осы мезетте серіппенің қатаңдығы анықтаудың жақсы мүмкіндігі бола алады.
(I f) Мұғалім формуланы қалай түсінгендігін анықтау үшін оқушыларға сұрақтары бар бақылау парағын ұсына алады.

Оқушылар серіппенің қатаңдығы әртүрлі серіппеде әркелкі екендігін және серіппенің серпімділігінің қатаңдыққа тәуелділігін түсінуі тиіс. Серіппенің қатаңдығының өлшем бірлігі Н/м немесе Н/см болуы тиіс.
Кейбір қабілетті оқушылар екі бірдей серіппені параллель және тізбектей жалғаған кезде серіппенің қатаңдығымен не болатындығы туралы болжап, сосын оны анықтап көрулері мүмкін.



Серіппе-масса модельдеу:
http://phet.colorado.edu/en/simulation/mass-spring-lab
Онлайн пайдалану үшін жұмыс парағы:
http://phet.colorado.edu/files/activities/3501/phy_Hookes_MakeupPhETlab.doc






9.2.2.16 - жүк массасы, абсолют және салыстырмалы деформация және қатаңдық коэффициенті ұғымдарын пайдаланып, серіппе деформациясын түсіндіру;


(G) Сіз оқушыларға серіппелердің жиынтығын беріп, серіппелерді қолмен созып көруді және оларды серіппенің қатаңдығының және созылу шегінің артуы бойынша орналастыруды сұрауыңызға болады. Оқушылар қарандашқа болат немесе темір сымын орау арқылы серіппе жасап, оның созылу шегін зертханалық серіппенің созылу шегімен салыстырып та көрулеріне болады.
 Қорғаныш көзілдіріктерін кию қажет.
(G) Оқушылар тұрмыста шарикті қаламсаптан бастап, машина аспаларына дейін, сонымен қатар түрлі өнеркәсіптерде серіппенің пайдаланылуын қарастыруы мүмкін.

Оқушылармен серпімділік күшінің созылу шамасына тәуелділігін пайдалана отырып, деформацияның түрлеріне талдау ұсынылады.
Диаграммадан серпімді деформация облысын, пластикалық дефоормация облысын, үзілу нүктесін анықтау қажет



Серіппенің жасалуын көрсететін видео:
http://www.youtube.com/watch?v=Duy76N6lkyE&safe=active





9.2.2.17 - дене салмағы серпімділік күші болатындығын түсіну;

9.2.2.18 - тірек немесе аспа үдемелі қозғалса, дененің салмағын есептей білу;


9.2.2.19 - салмақсыздық жағдайын түсіндіру;



(D) Егер сізге лифт қолжетімді болса, оқушылар тұрақты жылдамдықпен, жоғары, төмен үдемелі қозғала отырып, динамометрге ілінген жүктің салмағының өзгерісін зерттей алады. Сонымен қатар, оқу ресурстарынан: бейнеролик көрсетілуі мүмкін. Мұғалім әртүрлі кезеңдерде лифт үдеуін есептеу үшін видеодан бірқатар мәндерді пайдалануына болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет