9.4. A.
|
9.2.5.12 - толқындық қозғалысты сипаттау;
9.2.5.13 - толқын фронты терминін түсіндіру
|
(T) Мұғалім толқын қасиеттері бойынша бейнебаянды көрсете алады, содан кейін толқынның түрлері сәуле, дыбыс, радио, теңіздегі толқын туралы бірқатар сұрақтар қоя алады: қалай ойлайсыздар, толқын энергияны тасымалдайды ма? Толқын қаншалықты тез қозғалады? Толқын тасымалданғанда не тербеледі? Олар қалай пайда болады? Толқын таралуы кезінде зат тасымалданады ма?
(D) Мұғалім толқындық машина, арқандар мен серіппелердегі пайда болатын толқын түрлерін демонстрациялай алады. Толқындық машинаны тыныштықтағы ортадағы энергиының тасымалдануын көрсету үшін пайдаланыңыз. Оқушылар бейнересурстарда көрсетілгендей толқындық машинаны құруға көмектесе алады. Бейнересурстарда оқушылар жауап беруі керек бейне сұрақтар беріледі..
|
Толқын фронты толқын бойындағы фазалары сәйкес келетін нүктелерді қосатын сызық болып табылады.
Осы кезеңде сіз оқушыларға толқын фронты толқынның барлық жоғары нүктесін қосатындығын үйрете аласыз. Бірақ бұл толқын фронты емес!
Бойымен толқын таралатын сызықтың толқын фронтының орын ауыстыруымен сәйкес келетіндігін түсіндіру де қажет болуы мүмкін. Толқын фронты ол сызыққа үнемі тік бұрыш жасай орналасады.
|
Суда толқын түрлері бойынша бейнетаспа:http://www.youtube.com/watch?v=AlPqL7IUT6M&list=PLBED3A20925E565A7&index=1&safe=active
Толқындық машинаны құру бойынша бейнетаспа:
http://www.nationalstemcentre.org.uk/elibrary/resource/2096/wave-machine
бойлық және көлденен толқындар: https://www.youtube.com/watch?v=GkNJvZINSEY
|