Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет83/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019
monograph russian, Гомеопатия 7 сабақ, 1ab37c10-b98c-4153-a66d-438b207f1425-История-Казахстана-467643 2
Ф-ӘД-001/046

құру­ға немесе шығармашылық бі­лім мен ғылым, экономика, биз­нес пен инновация байланысын қам­та­масыз ететін экономиканың шығармашылық секторына маңыз­ды рөл беріледі. Бүгін бұл – саланың бәсекелі басымдықтары мен оның креативті индустрия дамуының оңтайлы түрі. Институттық қайта құру­ға бай­ланысты Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті жанындағы Әдебиет және өнер жөніндегі ұлттық кеңес және Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы салалар жөніндегі көркемдік кеңес құру көзделуде. Бұл – шығармашылық, мемлекет пен бизнес үшін мұндай диалог алаңын құру қажеттілігін атап өткен саланың сарапшылары мен өкілдері қолдаған шығарма­шы­лық одақтардың бастамасы. Мұнда репертуарлық және гастроль­дік саясатты қалыптастыру, саланы кадрлық және материалдық-техни­калық қамтамасыз ету және тағы да басқа мәселелер шешілетін болады. Сондай-ақ, келешекте бірқатар шығармашылық жоғары оқу орын­дарды, колледждер мен мек­теп­терді Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағына беру жоспарлануда. Бұл шара шығармашылық кадрларды даярлаумен қатар, олардың әрі қарай дамуы, кәсіби бағыттылығы мен білім алуының дуалды қағидасын іске асыру саласындағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік бере­ді. Бәріміз білетіндей, тұлғаның қалыптасуы балалық шақтан басталатын және қалған өмірінде дерлік жалғасатын үздіксіз процесс. Бұл орайда министрліктің міндеті дарынды тұлғаларды жүйелі қолдауды қамтамасыз ету, шығармашылық даму үшін бастапқы жағдайлар жасау, мәдениеттегі өзіміздің біре­гей білім беру моделін қалыптас­тыру болып табылады. Мәдени өнім әр азамат өзінің елін мақтан тұтатындай тәрбиелеуі қажет. Біз тарихи-мәдени мұраға бай елде тұрамыз, бізде бірегей мә­де­ни және табиғи объектілер, тари­хи ескерткіштер, мінәжат орында­ры жеткілікті. Алайда, бәрі бола тұ­ра, өзінің лайықты дамуына жете ал­­­мауда. Осыған орай, бар­лық ре­с­урс­тарды біріктіру, бар құрал­дарды қол­дану және бәсекеге қабілетті мәдени ортаны қарқынды дамыту үшін жағдайлар жасау қажет. Сондай-ақ, мәдени саясаттың тұжырымдамасы отандық мұражай­лар мен қорық-мұражайлардың фун­кцияларын айтарлықтай ке­ңейтуді көздейді. Олардың жұмы­сының форматы тарихи ғылыммен, археологиямен, қайта жаң­ғыртумен, өнертанумен, этнографиямен тығыз байланыстыруға бағыттауды көз­дейді. Қазақстан мұражайлары зерт­теу қызметі, ғылым, мәдени ақпарат пен шығармашылық иннова­­цияның тірек орталықтарына айналуы тиіс. Сонымен қатар, отандық кітапха­налардың қызметі жаңа форматта жұмыс жасайтын болады. Бүгін ол – барынша пайдаланылатын және заманауи, сондай-ақ, ыңғайлы фор­матта баршаға қолжетімді бола­тын елдің ауқымды ақпараттық ресурсы. Жалпы айтқанда, елдің кітапханалары азаматтарымыздың мәдени демалысының көпфунк­циялы, білім беретін және ақпарат­тық орнына айналуы қажет. Жаңа мәдени саясаттың басым­дылықтарының бірі – әлемдегі қазақстандық мәдениеттің мәрте­бесін нығайту. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда отандық мәдениет пен өнерді әлемнің мәдениет про­цесінде біріктіру әлеуеті жеткілікті іске асырылмауда. Халықаралық байланыстарды ұлғайтудың қажеттілігі туып отыр, оның ішінде ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ, ИКОМОС және тағы да басқа беделді ұйым­дармен ынтымақтастықты арт­тыру қажет. Келешекте елімізде гу­мани­тарлық-ынтымақтастық сала­сында өңірлік зерттеу және ғылыми-бі­лім беру орталығы – ЮНЕСКО ха­лық­аралық институтын құру жос­парлануда. Сондай-ақ, Астанада мәдениет саласындағы жаңа ха­лық­­аралық ұйым – «Silk Road» мәдени даму жөніндегі Еуразиялық кеңесінің штаб-пәтерін ашу жөнінде ұсыныс бар. Әрине, саланың алдында жауапты міндеттер тұр. Жаңа мәдени саясаттың әрбір белгіленген бағыты бірқатар жұмыстарды атқаруды талап етеді, ал олардың сәтті іске асырылуы дамудың жоғары мәдени деңгейі бар дамыған мемлекетті қалыптастыруға тағы да бір қадам деуге болады.

2. Егемен Қазақстанның мәдени саясаты. Саяси салада күшті президенттік республика құруға кейінірек парламенттік билікке реформа жасап, маман жоғарғы Кеңес құруға бағыт ұсталды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық валюта қоры нық, халықаралық реконструкция және даму банкісінің дүниежүзілік банктің, халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көпжақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет