Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет2/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019
monograph russian, Гомеопатия 7 сабақ, 1ab37c10-b98c-4153-a66d-438b207f1425-История-Казахстана-467643 2
Ф-ӘД-001/046

2. Мәдениеттану пәнінің мақсаты мен міндеттері. Мәдениеттану пәнінің мақсаты жергілікті және аймақтық мәдениеттің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Мәдениеттану – қоғамда болып жатқан түрлі процесстерді /материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік т.б./ барынша қамтып мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүру принциптерін және этно-әлеуметтік, саяси-моральдық, ғылыми-көркемдік, тарихи сипаттамаларымен ерекшеленетін алуан мәдениеттің түрлерінің өзара байланыстарымен тәуелділіктерін зерттейді. Мәдениеттану пәнінің мақсаты – адамды қоғамдық тәртіпке баули отырып, рухани байытады.

Мәдениеттану пәнінің міндеттері – мәдениеттің теориялық үлгісін дайындау, бірлестірілген мәдени процестердің жалпы тенденциясын, жергілікті және аймақтық мәдениеттің сапалық өзгешелігін, олардың өзге де мәдениеттерінің байлаыстарын зерттейді. Демек, мәдениеттің алға басуы – қоғамдық өмірдің рухани тұрғыда едәуір баюы және адамзат атауының қасиетін арттыру.

Мәдениеттану пәнінің басты міндеттерінің бірі – әлемдік және отандық мәдениет теориясы, мен тарихының жалпы мәселелері жөніндегі гуманитарлық ғылым. Мәдениеттің алуан түрін, олардың өзара әрекетін, мәдени шығармашылық түрлерін, мәдениеттің құрамы мен қызметтерін мәдени процестердің заңдылықтарын, материалдық және рухани мәдениеттің ескерткіштерінен құбылыстарын біртұтас жүйесі ретінде қарастырады.

Мәдениеттің негізі – еңбек. Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын, мәдениетке жаңа сипат алып отырады. Яғни, адамның ақыл-ойының жетістігі заман талабына сай толықтырылып отырады. Мәдениет адамсыз болмайды, ал адамның дамуы мәдениетке байланысты. Адам мәдениеті мен оның тәртібінің өзара байланысты болуы табиғи іс. Осы тұста мәдениеттің белгілі бір критерийлері /негіздеріне/ қарай бірнешеге бөлінеді: а. Көлемі бойынша – әлемдік, ұлттық мәдениет. б. Географиялық белгісі бойынша- Бастыстық, Шығыстық. в. Субьектісі бойынша - таптық, қалалық, ауылдық, отбасылық, жеке адам мәдениеті, ұлт мәдениеті. г. Әр түрлі салалар бойынша – өндірістік, экономикалық, саяси мәдениет т.б. Мәдениетті әлеуметтік қызметтің бір түрі ретінде қарастырғанда мынадай екі ерекшелік байқалады:

- мәдениетті нормалардың, әдістердің, рәсімдердің жиынтық процесі ретінде қарастыратын субъектілік, қызметтік ерекшелік;

- мәдениетті мәдени процестің, шығармашылық қызметтің белгілі бір қорытындысы, нәтижесі ретінде қарастыратын объектілік, құндылықтық көзқарас. Бұл жағдайда мәдениет материалдық және рухани құндылықтардың тарихи қалыптасқан жүесі ретінде көрінеді. Мәдениет әлемі екі қосалқы жүйеге бөлінеді: мәдени және рухани құндылықтар;

- мәдениеттің материалдық тұрпатына әдетте техниканың, еңбектің, тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, сондай-ақ мемлекеттік жүйе, сот өндірісі, армия, білім жүйесі сияқты организмдер жатады;

- мәдениеттің рухани көрінісіне ғылым жетістіктері, өнегелік, өнер, дін, құқықтық және саяси сана, тиісті идеялар, нормалар, теориялар жатады. Мәдениеттің құрылымы оның тиімділік, жүйелік деңгейі тұрғысынан берілуі мүмкін. Осы көзқарас тұрғысынан ол екі қосалқы жүйеге бөлінеді.

- ғылыми, тиімділігі жоғары, теориялық сана;

- әдеттегі, жүйесіз, қас-қағым сәттік сана, онда көңіл-күй сәттерінің, нанымның ролі орасан зор. Мәдениет – қоғамдық-тарихи практикалардың процесінде адамзат жасаған материалдық және рухани байлықтың жиынтығы. Мәдениет – материалдық және рухани байлықтың бөлінбес бір көрінісі, “Материалдық мәдениет” дегеніміз – қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде қол жеткен өндіріс құралдары мен басқа да материалдық байланыстардың жиынтығы. “Рухани мәдениет” деген ұғым қоғамның ғылымда, өнерде, мемлекеттік және қоғамдық өмір мен құқықтарда қол жеткен жайларды қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет