Білім беру бағдарламасы пәндерінің оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы



бет8/91
Дата11.01.2022
өлшемі300,33 Kb.
#111077
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   91
Байланысты:
Мәдениеттану кешені-2019
monograph russian, Гомеопатия 7 сабақ, 1ab37c10-b98c-4153-a66d-438b207f1425-История-Казахстана-467643 2
Ф-ӘД-001/046

2. Мәдениет тарихының даму кезеңдері. Ежелгі Шығыс мәдениеті. Ежелгі Египет мәдениеті. Байырғы Шығыс, адамзатты алғашқы қауым мифтерінен тербеп шығарған, ұлы мәдениеттің отаны болғанды. Алайда, Шығыс алғашқы қауымдастықты артқа тастағанымен адамның дүниеге қатынасының мифтік тәсілінен құтыла алмады. Өйткені табиғаттың дүлей күші түгіл, адамдардың ырқынан жоғары тұрған қатал әкімшілдікке негізделген мемлекетке де бас иіп, құдайдай көрді. Мәңгілік табиғаттың көне құдайлары, енді мемлекеттің алғашқы құрылысшылары мен қамқоршылары кейпінде алға шықты, оларды құдай орнатқан жоғарғы тәртіптіліктің жалғасы деп есептеді.

Көне шығыстың бұл ерекшелігі көбінесе адамдардың ұжымдық жолмен біріге отырып тірі қалуы, сол дәуірдегі қолайсыз географиялық жағдайдағы бірден бір жол еді. Аман қалудың алғы шарты қатаң, өміршіл мемлекеттің болуыын қажет етсе, ол байырғы адамдардың мәдениеті мен дүние түйсігі арқылы дәлелденіп отырылды.

Шығыс елдерінің тарихында еркіндіктің жеке тұлғалыққа, бейімділікке қарағанда мемлекетке құштарлық ерте басталды. Өйткені Шығыста қалт-құлт өмір сүрудің басты амалы суармалы жерлерді пайдалана отырып астықтың қоғамдық қорын жасай білуде болды. Өйткені, табиғаттың дүлей күші соны талап етті. Осының барлығы қордалана келіп табысқорының қомақты және жоспарлы шығындалуын, әкімшілік жолымен басқарылуын және көптеген жеке ауылшаруашылық қауымдарды топтастыруды талап етті. Шығыс мемлекеттерінің негізінде жеке адамның өзіндігін және еркіндікті жоққа шығаратын абсолюттік біртұтастық идеалы жатты. Шығыс деспотиясының рухани мәні осында. Мұндай мемлекеттіліктің типтік сипаттары Шумер,Үнді, Египет, Қытай сияқты Ежелгі Шығыс елдеріне тән нәрсе болды.

Ежелгі Египет адамзат тарихындағы алғашқы мемлекет және дүниені басып алуға алғаш әрекет жасаған империя. Ежелгі Қосөзеннің тарихы сияқты ертедегі Египеттің тарихы да бір жүйеге келтіріліп, терең зерттеле басталғаны ХІХ ғасыр болды.

Б.э.дейінгі 332 жылы Александр Македонский Египетті жаулап алғанда, ол жерге көптеген гректер барып қоныстанып, оның өтендегі тарихымен айналысушылар көбейді және Египет абызы Манефон грек тілінде «Египет тарихын» жазды. Ол хронологиялық схема жасады және Египет тарихындағы бірқатар оқиғаларды дұрыс фактілерді аңызда айтылғандармен қоса баяндап берді.

Египет мемлекеті Африканың солтүстік – шығысында пайда болды. Оның негізгі бөлігі Ніл аңғарының, бірінші шоңғалдарынан Жерорта теңізіне дейін алып жатқан жерлер болды, бұған қоса шығысында Аравия таулы өлкесі, батысында Ливия үстіртінің біраз бөлігі де қарады. Египеттіктедің өздері «Қызыл жерге», яғни шөл далаға қарағанда бұл жердің топырағын құнарлығын көрсетпек ниетпен өз елін «Қара жер» де атаған. «Египет» деген атау оның ежелгі астанасы – Хэкау – Птахты, яғни «Птах рухының қорғанын» - Мемфисті – гректердің бұрмалап, поэтикалық әсерлеп айтуынан алынған.

Египеттіктердің батпақты Ніл аңғарын тұрақты игеру негізен б.э.дейінгі V мың жылдықта, жаңа тас ғасырынан басталды да б.э.дейінгі IV мың жылдық шамасында, мыс – тас ғасырында жалғаса түседі.

Алғашқы мыс бұйымдар келесі дәуірдегі Жоғарғы Египеттен табылып отыр. Бұл жердің тұрғындары аңшылық пен терімшіліктен егіншілік пен мал шаруашылығына көшкен.

Династияға дейінгі бірінші және екінші кезең деп екіге бөлінетін келесі сатыда, - мыс құралдар барған сайын жиірек ұшырай бастайды. Алайда тас құралдар әлі де басым еді, олар бұл кезде техникалық тұрғыданбарынша жетілдіріле түсті. Көршілес далаларды басып өтетін ағын сулар барған сайын азайып тартыла беріп, ақырында арналары мезгіл – мезгіл құрғап қалатынды шығарды. Мұның өзі Ніл аңғарын неғұрлым жүйелі түрде игеруге көшуге және қолдан суару үшін алғашқы талпыныстар жасауға алып келді.

Қолөнершілік қызмет саласында елеулі табыстарға қол жетті. Қолөнешілер жасаған бұйымдардан, әсіресе, аса шеберлікпен әшекейлкеп жасаған керамика мен ғажайып тас ыдыстарды ерекше атап айтуға болады. Фаянсты ойлап табу – алға басудағы үлкен қадам болды және бұл тұңғыш рет Египетте жүзеге асты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет