Проблемалық, негізгі сұрақтар



бет1/2
Дата11.03.2023
өлшемі24,67 Kb.
#171865
  1   2
Байланысты:
Ïðîáëåìàëû?, íåã³çã³ ñ?ðà?òàð


Проблемалық, негізгі сұрақтар
1. Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың этно-саяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар. Массагеттер. Савроматтар және сарматтар. Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары.
2. Шығыс Арал маңы аумағында түркі этникалық қауымдастығының қалыптасуы. Византиямен, Иранмен, Сириямен және Қытаймен сауда байланыстары. Өз жауабыңызды негіздеңіз.
1. Ежелгі Қазақстан аумағындағы адамзаттың даму тарихында өзіндік орын алатын қола дәуірін ауыстырып, үлкен де күрделі өзгерістер әкелген кезең б.з.д. І мыңжылдықтың басы мен біздің заманымыздың басы болып табылады. Бұл кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өз өндірісінде темірді пайдалануы және көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді.Б.з.д. І мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия және Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең – байтақ аумақта сақ деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Геродот және басқа ертедегі тарихшылар оларды азиялық скифтер деп атаған.
Сақтар — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтар массагеттер, исседондар аландар,каспиилер, сарматтардан тұрған. Оларды көне гректер скифтер деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, Страбонда сақтар туралы жазып қалдырған.Сақ тайпасының әртүрлі атаулары болған. Ежелгі гректер оларды "азиялық скифтер", ал парсылар - "Құдыретті еркектер" деп атаған.
Массагеттер— ежелгі грек авторларының деректері бойынша Каспий мен Арал теңізінің аралығын мекендеген тайпалар тобының ортақ атауы. Массагеттердің шыққан тегі мен қалыптасуы туралы нақты ғылыми деректер жоқ. Геродоттың айтуынша, Массагеттер көшпелі тайпалар. Олар соғысқа атпен де, жаяу да шыққан, ат әбзелдерінің бірнеше түрлері болған. Қару-жарақтары мен әшекей бұйымдары мыс пен алтыннан жасалған. Ахемен әулеті патшасы Кир Массагеттермен соғыста олардың падиша-ханымы Томиристен жеңіліп, қаза тапқан. Страбонның жазуынша Массагеттер күнге табынған. Оған құрбандыққа жылқы шалатын болған. Страбон Массагеттерге жер өңдеуді кәсіп еткен Арал маңындағы хорезмдік тайпаларды да қосады.
Савроматтар -Жайық өңірі мен Еділдің төменгі сағасын мекендеген көптеген ежелгі тайпалардың атауы.Савроматтар – сармат тайпалары түркі халықтарының, қазақ ұлтының қалыптасу тарихына терең із қалдырған алғашқы мемлекет бірлестіктерінің бірі.Көптеген уақыт бойы Савроматтар тайпаларының тарихи отаны белгісіз болып келді. Соңғы археологиялық зерттеулердің нәтижесінде Савроматтар мәдениеттің ошағы б.з.б. 6 ғ. төменгі Еділ мен Жайық алабы екені анықталды.Геродоттың жазуынша савроматтар жауынгер әйел амазонкалардан туып, алдымен скифтермен соғысып, артынан олармен туыстасып, Танайс арқылы Еділге көшеді. Ертедегі авторлардың айтуынша, Савроматтар қоғамында әйелдер ерекше рөл атқарған. Олар ерлермен бірдей соғысқа қатысқан.Б.з.б. 4 ғ-да Савроматтар скифтермен тату көршілікте өмір сүрген. Көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған олар бірте-бірте жаңа өріс іздей отырып, Дон өңірінің арғы жағындағы скиф жерлеріне, одан әрі Еуропа елдеріне дейін көшіп барған. Сол жердегі тұрғылықты халықтардың арасына сіңісіп, біртіндеп тарих сахнасынан жоғалған.
Ерте темір дәуірінде қазіргі қазақ жерінде сақ, сармат, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары өмір сүрді. Сақтар мен сарматтар. Б.з.д. 1 мыңжылдықтаҚазақстан жерінде, Орталық Азияда, кейінірек Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанда сақ деген жалпы атауы бар тайпалар мекендеген. Дәл осы заманда Солтүстік Қара теңіз, Днепр өзені бойын скиф деп аталатын тайпалар жайлаған. Олар мәдениеті жағынан сақтарға туыстас болған. Осы кезде Еділ жағалауында, Орал тауының оңтүстікшығыс бетінде савромат тайпалары өмір сүрген.
Геродот сақ және скиф тайпаларының туыстығын көрсете келіп, олардың ортақ «сколот» деген атпен де белгілі екендігін айтады. Геродоттың айтуы бойынша, бұл тайпаларға скиф деген атауды гректер берген. Олардың тегі Азиядан шыққан.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет