Университеттікморальдық-этикалық құндылықтар шеңберіндегі курстың академиялық саясаты
|
Академиялық тәртіп ережесі:
Әр сабаққа міндетті түрде қатысу керек, сабаққа кешігу 0 балға тең; тапсырмаларды (семинар, СӨЖ, үй тапсырмаларын және аралық бақылау, миттериум, қорытынды емтихан) уақытында тапсыру. Уақытында тапсырылмаған жұмыстар қабылданбайды.
Академиялық құндылықтар:
Барлық тапсырманы өз бетінше, адал орындау. Плагиатқа және адал істелмеген жұмысқа жол берілмейді. СӨЖ, аралық бақылау, миттериум және қорытынды емтихан тапсырған кезде біреуге сыбырлауға, біреуден көшіруге, басқа бір студент үшін емтихан тапсыруға болмайды. Төзімділік танытыңыз, өзге біреудің пікірін құрметтеңіз. Келіспейтін пікіріңізді дұрыстап жеткізе біліңіз.
Курстың қандай бір ақпаратын жалған таратқан, Интранетке дұрыс кірмеген, шпаргалка қолданған студентке «F» бағасы қойылады.
Ескерту: Өздік жұмысты орындау (СӨЖ), оларды тапсыру және қорғау, сонымен қатар өтілген материал бойынша қосымша ақпарат алу, оқытылып жатқан курс жөніндегі басқа да сұрақтар бойынша офис-сағаты кезеңінде оқытушыдан көмек сұрауға болады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |