Байланысты: Силлабус. Қазақ тілінің морфологиясы (1) (4)
Функционалдық құзыреттілік Қолдану Сөздерді құрамына қарай талдай білу; лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны ажырата білу; сөз таптарын ажырату; сөзге морфологиялық талдау жасай білу; сөз тудырушы қосымша мен форма тудырушы қосымшаны ажырата алу; лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны ажырата білу; сөйлеу барысында тілдегі нормаға тән бірліктерді дұрыс қолдана білу; қазақ тіл біліміндегі түрлі ұстаным, бағыттарға қатысты пікірін айта алу; қазақ тілі морфологиясы бойынша алған теориялық білімін тәжірибе жүзінде қолдана білу; бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарындағы нормадан ауытқу, жүйеге қайшы қателіктерді көрсете алу; есімдіктердің анайы, сыпайы түрін, ортақ, оңаша тәуелдеу, анайы, сыпайы жіктеуді қатысым барысында дұрыс қолдану; тілдегі нормаға қайшы құрылымдарды пайдаланбау; ауызша сөйлеу барысында да, жазбаша тілде де қате жібермеу; қазақ тіл біліміндегі шешімін таппаған мәселелерге қатысты өз ойын айта алу; морфологияны тіл біліміндегі инновациялық парадигмалармен байланыстырып, жаңа қырынан сипаттай алу.