Тақырып 16. ШҚО халқын орналастыру және қоныстандыру. 1) ШҚО аудандары бойынша халықты орналастыру. Халықтың орташа, ең төменгі және ең жоғары тығыздығы бар аудандар. Халық тығыздығы мен қоныстану формаларының (қала және ауыл тұрғындары) байланысы.
2) Халықты қоныстандыру. ШҚО аудандары бойынша қала мен ауыл тұрғындарының арақатынасы. Қала немесе ауыл халқы басым аудандар.
3) Халықты қоныстандыру нысандарының аумақтың шаруашылық даму ерекшеліктеріне әсері.
Тақырып 17. ШҚО аумағын игеру тарихы. 1)ШҚО аумағын зерттеу және игеру тарихы.
2) Шығыс Қазақстан шаруашылығының негізгі салаларын дамыту шарттары.
Тақырып 18. Шаруашылықтың құрылымы мен аумақтық ұйымдастырылуының ерекшеліктері. ШҚО өнеркәсібі. 1) ШҚО экономикасының салалық құрылымы. Қызмет көрсететін және қосымша жетекші салалар. ШҚО ел шегінде және халықаралық деңгейде мамандануы.
2) Шаруашылықты аумақтық ұйымдастырудың ерекшеліктері. ШҚО аудандары бойынша өнеркәсіп салаларын бөлу және дамыту.
Тақырып 19. ШҚО өнеркәсіптің негізгі салаларының сипаттамасы. 1) ШҚО өнеркәсібінің мамандану салалары. Отын-энергетика кешені мен түсті металлургияны дамыту.
2) Машина жасау Шығыс Қазақстанның түсті металлургиясына бағдарланған сала ретінде. Машина жасаудың жаңа салаларын құру және дамыту мүмкіндіктері.
3) Химия, орман өнеркәсібі және құрылыс материалдары өнеркәсібі – дамыту мүмкіндіктері.
4) Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің болашағы. Тамақ өнеркәсібінің жаңадан құрылған өндірістері.
5) Шығыс Қазақстан өнеркәсібінің басым салалары.
Тақырып 20. ШҚО ауыл шаруашылығының сипаттамасы. 1) ШҚО ауыл шаруашылығының мамандануы. Жетекші және қосымша салалар. Табиғи жағдайлардың ауыл шаруашылығының ерекшелігіне әсері.
2) Көп салалы ауыл шаруашылығы – ШҚО-дағы саланың ерекшеліктері.
3) Облыстың ауыл шаруашылығының ерекше салалары – марал шаруашылығы және ара шаруашылығы.
4) өңірдің ауыл шаруашылығын дамытудағы мүмкіндіктері.