Отбасында тәрбиелеу принциптері.
Тәрбиенің негізіне жататын түпқазық принциптер ересектердің әртүрлі жағдайлар мен кезеңдердегі іс-әрекетінің жүйелі де, тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Тәрбие принциптері тәрбиенің мақсатынан туындап, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мақсатпен астасып отырады. Мәселен тәрбиенің мақсаты - ата-аналардың өз балаларын жетелеп жеткізгісі келетін шың деп есептесек, онда тәрбие принциптері белгілі бір әлеуметтік-психологиялық жағдайда оны жүзеге асыру мүмкіндіктерін белгілеуші. Ендеше, тәрбие принциптері - тәрбие жұмысының іс-әрекеттерін (тактикасын) педагогикалық тұрғыда сауатты жүргізуге көмектесетін әрі кез келген уақытта, тіпті, барлық жерде басшылыкқа алуға қажетті өмірлік қағидалар.
Бүгінгі таңдағы тәрбие процесінде бұрынғыдай тек ересектер үстемдік жүргізіп, балалар оны құрметпен тыңдайтын, оның айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген монологизм принципі ендігі жерде ересектер мен балалар тең құқылы тәрбие субъектісі ретінде танылатын диалогизм принципіне жол ашып отыр. Бұл жерде әр халықтың ұлттық ерекшелігіне сәйкес бұрыннан қалыптасқан тәрбие дағдысына көңіл бөлінуі ескерілді ме, жоқ па оған да ғылыми түрде назар аудару қажет сияқты. Соған орай, ата-аналар және де кәсіби мамандар балаларға жоғарыдан төмен қарамай, керісінше тең дәрежеде қарым-қытынас жасауды үйренуі тиіс.
Қазіргі кезеңдегі отбасы тәрбиесінің маңызды принципіне төмендегілерді жатқызуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |