Білім беру бағдарламасы үшін Курс: семестр: Кредит саны: 5



бет9/27
Дата04.01.2022
өлшемі104,06 Kb.
#109563
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
Силлабус. Бастауыш мектепте ата-анамен жұмыс

Негізгі әдебиет: [7-8]

Қосымша әдебиет: [1-6]

Электронды әдебиет: [3-4]

Дәріс тақырыбы №2. Педагогикалық мәдениетті көтеру жолдары.

  1. Педагогикалық мәдениет туралы түсінік.

  2. Отбасының педагогикалық мәдениетін көтерудегі мектептің рөлі.

  3. Отбасылық қарым-қатынастардың бала тұлғасына әсері.

    1. Педагогикалық мәдениет туралы түсінік.

Педагогикалық мәдениет – бұл алдыңғы ұрпақ жинақтаған және тәрбие барысында үздіксіз толықтырып отырылатын баланы отбасында тәрбиелеу тәжірибесі бейнеленетін адамның жалпы мәдениетінің құрамдас бөлігі.

Ата-налардың педагогикалық мәдениеті олардың тәрбиелік іс-әрекетінің негізі ретінде қызмет етеді. Отбасында баланы тәрбиелеу жетістігі мен нәтижелелігі ата-аналардың педагогикалық мәдениет деңгейіне тәуелді.

Педагогикалық мәдениет бірнеше компоненттерден тұрады: бала тәрбиесіне жауапкершілікті түсіну және ұғыну; баланың дамуы, тәрбиесі, оқыту туралы білім; отбасыныда баланың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастырудың, оны тәрбие іс-әрекетінде жүзеге асырудың практикалық іскерлігі; басқа тәрбие институттарымен (мектепке дейінгі мекеме, мектеп) өнімді байланыс.

Педагогикалық мәдениетке алғаш тарту бала кезінен, оның өз отбасында, балабақшада, мектепте тәрбиенің бірінші сабақтарын алуынан көрінеді. Осы жылдардың өзінде-ақ бала көптеген педагогикалық әсер етудің көптеген тәсілдерін игереді, және оларды есейе келе өз балаларын тәрбиелеуде қолданады. Алайда педагогикалық мәдениетті қалыптастыруда шешуші мәнге ата-аналардың бала тәрбиесіндегі өз іс-әрекеттері ие. Ата-ана мен баланың ара қатынасы отбасы өмірінің айқын көрінісі, оның микроклиматын қалыптастырып, отбасының даму мүмкіндіктері. Педагогикалық мәдениеті төмен отбасыларда бос уақыттың педагогикалық мәні болмайды, ол тек көңіл көтеру мақсатында ғана пайдаланылады. Педагогикалық процестің қызметіндегі іс-әрекеттің маңыздылығын, оның жеке тұлғаның өмірлік болашағын анықтаудағы мақсаттылық сипатын көрсете отырып, оның нәтижелілігі оқушының белсенділік дәрежесі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет