Тізімдерді қосу, өзгерту, жою және оның элементтерімен жұмыс істеу Тізімді келесі жолдардың бірімен жасауға болады.
>>> a = []
>>> type(a)
>>> b = list()
>>> type(b)
Сондай-ақ, алдын ала анықталған деректер жиынтығымен тізім жасай аласыз.
>>> a = [1, 2, 3]
>>> type(a)
Егер сізде тізім бар және оның көшірмесін жасағыңыз келсе, келесі әдісті қолдануға болады:
>>> a = [1, 3, 5, 7]
>>> b = a[:]
>>> print(a)
[1, 3, 5, 7]
>>> print(b)
[1, 3, 5, 7]
немесе:
>>> a = [1, 3, 5, 7]
>>> b = list(a)
>>> print(a)
[1, 3, 5, 7]
>>> print(b)
[1, 3, 5, 7]
Python бағдарламасында №3 немесе №4 зертханалық жұмыстардағы өз нұсқауыңнан екі тапсырманың жұмысын бағалауды жүргізу. Тәжірибе үшін таймерді қосу мүмкіндігі – 5 реттен кем емес. Талдау. Бағдарлама жұмысының уақытының өзгерісінің мүмкін болатын себептерін ойластыру.
Қандай да бір бағдарламалық кодтың орындалу жылдамдығын бағалау кей жағдайда қажет болады. Әсіресе бұл жоғарғы деңгей тілдеріне қатысты болып табылады. Сол сияқты Python тілінде де бағалау қажет болады. жұмысты көрнекі көрсету үшін мысалды қарастырамыз: қандай да бір сандар аралығының қосынды функциясын тексерейік (13 сурет).
13 сурет – «toto» айнымалыға 8 рет қайталап жазылған кодты тестілеу (не тиімді болып келеді егер сіз орындалу уақытының орта мәнін
анықтағыңыз келсе, себебі әр кезде есептеу уақыты әр түрлі болады)
Іске қосқан кезде орындалу уақыты әр кезде әр түрлі болатындығына көңіл бөліңіз, ол көбеюі немесе азаюы мүмкін. Оның себептерінің бірі: машинада белгілі бір уақытта жадты қолдануға әсер ететін белгілі бір үрдістер орындалады.