Жартылинзада нәрсенің кескінін алу Дөңес линзаны пайдаланып нәрсенің кермедегі кескінін аламыз. Сонда нәрсе кескінінің өлшемімен жарқырауына көңіл бөлу керек. Енді линзаның жартысын мөлдір емес материалмен жауып, тағы да алғашқы нәрсенің кермедегі кескінін аламыз.
11-сурет
Сонда, бұл кескін де алғашқы кескін орналасқан орында бірдей өлшемде болады, бірақ ерекшелігі кейінгі кескіннің жарқырауы алғашқы кескіндікінен екі есе аз болады. Оны 11-суреттегі сызбамен түсіндіруге болады. Сонда, линзаның жоғарғы жартысынан пайда болған А′В′ кескіні төменгі жартысынан пайда болған А′′В′′ кескінімен беттеседі. Толық линзада кескіндер өзара бірігіп біршама жарық кескін береді.