Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


– ТАҚЫРЫП. Қылмыстық құқық бузушылыктын объективтік жағы



бет47/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

7– ТАҚЫРЫП. Қылмыстық құқық бузушылыктын объективтік жағы
Дәріс жоспары
1.Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі және маңызы.
2.Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективтік жағын сипаттайтын белгілер. Объективтік жақ белгілерін міндетті және факультативті белгілерге бөлу.
3.Қоғамға қауіпті іс-әрекет. Әрекет және әрекетсіздік қоғамға қауіпті іс-әрекеттің нысандары ретінде.
Дәріс тезистері
Қылмыстың объективтік жағы - белгілі бір жағдайларда, жерде уақытта ағып жатқан және қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың сыртқа көрінісі.
Қылмыстың құрамының объективтік жағы - қылмыстық қол сұғушылықтың сыртқы процесін бейнелейтін заңмен бекітілген қылмыс белгілерінің жиынтығы.
Қылмыстың объективтік белгілерінің болуы қылмыстық жауапкершіліктің негізі болады және олар заңда көрсетілген. Сол себепті қылмыстық жауапкершілікке тек қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекеттер үшін ғана тартуға болады. Тек ойы, көзқарасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Адамның негізгі құқықтарының бірі - өмірге деген құқығы: өз қалауы бойынша ойлау, қалауы бойынша оқу, музыка немесе суретпен өзінің талабы бойынша қызығу, т.б.
1789 ж адам және азамат құқығы диклорациясының 4 бабында былай делінген: "Еркіндік дегеніміз басқаға зиян келтірмейтін әрекеттердің барлығын жасау мүмкіндігі. Сол себепті әр адамның табиғи құқықтарын жүзеге асыру барысында қоғамның басқа мүшелерінің сол құқықтарымен асыруға шектеледі. Бұл шектер тек қана заңмен белгіленеді". Бұл жағдайға байланысты К. Маркстың сөзі бар: "Басты критерий ретінде керекті емес әрекет жасап жатқан адамның ойын қоятын заңдар - бұл заңсыздықтың позитивтік санкциясы мен тек әрекет жасау барысында нақтылық шеңберіне кірген кезде заңға бағынышты ауданға кіретін. Іс-әрекетсіз мен заң үшін жоқ болып табыламын, яғни оның объектісі болмаймын".
Нақты қылмыс үшін жауапкершілік көрсетілген қылмыстық заңда объективтік жағына жақсы түсінік беріледі.
Ерекше бөлімнің кейбір баптарында қылмысты қылмыс еместен бөлетін критерилері ретінде объективтік жақтар белгілерін көрсетеді.
Бір немесе әртүрлі объектілерге қол сұғылатын қылмыстар бір-бірінен іс-әрекеттің формасымен, қылмысты жасау тәсілімен, келтірілген зардабымен және басқа да объективтік жағының белгілерімен ерекшеленеді. Ұрлықтың 7 тәсілі ұрлықтың 7 формасын белгілейді.
Қылмыстың объективтік жағының белгілері негізгі және факултативті болып бөлінеді. Негізгі белгілеріне: қылмыстық іс-әрекет (әрекет, әрекетсіздік) қылмыстық зардап; себепті байланыс.
Факултативті белгілері: қылмыс жасалған жері, уақыты, қылмыс жасау тәсілі, қаруы және құралы.
Іс-әрекеттің объективтік жағы болмаса онда объектіге қолсұғушылық та іс-әрекеттің объективті белгілерінің көрінісі ретінде қылмыстың субъективтік жағы да, субъектісі де болмайды. Және де қылмыстың басқа элементтерімен бірге объективтік жағы жасалған іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік деңгейін тұлғаның кінәсін анықтайды және де тағайындалатын жазаның сипатына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет