Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


Қылмысты жасау жері, уақыты, құралы және тәсілі



бет50/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

Қылмысты жасау жері, уақыты, құралы және тәсілі.
Қылмыс жасалған орны - бұл қылмыс жасалған территория. Мысалы, 288 б 1 б тиым салынған жерде заңсыз аң аулау, ал 287 б 1 б тиым салынған жерлерде су жануарларын және өсімдіктерін алу.
Қылмыс жасалған уақыт - қылмыс жасалуы мүмкін уақыт мезгілі. Мысалы, 367 б 3 б әскери уақытта бұйрықты орындамау немесе бағынбау.
Қылмыс жасау құралы және қаруы - бұл қылмыс жасау заттар, яғни құралдары. Қылмыскердің қолданған құралдары қоғамға қауіптілік деңгейіне әсер етеді. Қылмыс құралы қылмыстың қоғамға қауіптілігін үлкейтсе ол заңшығарушымен қылмыстың құрамының объективтік жағына кіргізіледі. Мысалы, қарақшылық кезінде қару қолдану қоғамға қауіптілігін арттырады сол себепті қару қолдану арқылы жасалған қарақшылықты заңшығарушымен ҚК 179 б 2 б 2 тармағымен жіктеледі.
Қылмыс жасау тәсілі деп қылмыскер қылмыс жасау үшін қолданған әдістері. Қылмыс жасау тәсілі әрекеттік қоғамға қауіптілігіне әсер етеді. Қоғамға қауіптілік деңгейін үлкейткен жағдайда қылмыс жасау тәсілі заңшығарушы ойы қылмыс құрамының белгілеріне енгізіледі. Мысалы, жала жабу жариялы түрде жасалса немесе теледидар арқылы бұл үшін заңмен жауапкершілік белгіленген. (ҚК 129 б 2 б)
ҚР ҚК Ерекше бөлімінің баптарын қылмыстың жасау тәсілін бейнеленуіне байланысты келесідей құрады:

  1. диспозицияда қылмысты жасаудың жалғыз тәсілі көрсетіледі.

  2. диспозицияда қылмысты жасаудың нақты тізімін көрсетеді.

  3. диспозицияда қылмысты жасаудың нақты тізімін көрсетеді. Бұл жағдайда қылмыс көрсетілген басқа да тәсілмен жасалуы мүмкін.

  4. диспозицияда қылмысты жасаудың әр түрлі тәсілдерімен жасалу мүмкіндігін көрсетеді.

Егер қылмысты жасау жері, уақыты, құралы, тәсілі қылмыстың объективтік жағының белгілері болмаса да олар жаза тағайындау барысында жеңілдетін немесе ауырлататын мән-жайлар болуы мүмкін немесе қылмыстық іс бойынша дәлелдеме мағынасын ойнауы мүмкін.


8 – ТАҚЫРЫП. Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субъектісінің түсінігі.
Дәріс жоспары
1.Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің
түсінігі және маңызы.
2.Қылмыстық жауаптылық жасына жету қылмыстық құқық бұзушылық
субъектісінің міндетті белгісі ретінде.
3.Жауаптылық 14 жастан бастап белгіленетін қылмыстық құқық бұзушылықтар.
4. Есі дұрыстық қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК 15 б:
Дәріс тезистері

  1. Қылмыстық жауапкершілікке тек есі дұрыс, жасы осы кодексте белгіленген жасқа жеткен жеке тұлға тартылады.

  2. Қылмыс жасаған тұлғалар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне және өзгеде кез-келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей.

Жеке тұлға – ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ азаматтар және шетел азаматтары.
Жеке тұлға субъект ретінде 2 міндетті белгісі болуы тиіс:

  1. Есі дұрыс болуы.

  2. Заң бойынша қылмыстық жауапкершілік бекіткен жасқа жетуі.

Бұл белгілер қылмыстық жауапкершіліктің міндетті шарттары және олар қылмыс құрамының белгілері ретінде болады.
Кей жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту тек қосымша белгілері болған жағдайда іске асырылады. Мысалы, пара алу-тек лауазымды тұлға. Бұл белгілер де,міндетті белгілерге кіреді және қылмыс құрамының арнайы субъектісін сипаттайды.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың субъектісі болып қасақана немесе абайсыз қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған, жасы жеткен, есі дұрыс кейбір жағдайларды нормалармен көрсетілген кейбір арнайы белгілері бар тұлға болады.
Қылмыстың субъектісі болып тек жеке тұлға болады, яғни заңды тұлғалар қылмыс субъектісі бола алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет