Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»



бет51/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

Есі дұрыстық.
Қылмыстың субъектісі тек есі дұрыс тұлға болады.
Есі дұрыстық деп жалпы айтқанда заң алдында өз әрекеті үшін жауап бере алатындығы. Есі дұрыстық-бұл қоғамға қауіпті іс-әрекет жасау барысында өз ісіне есеп бере алатын,оларды басқара алатын психикалық жағдайы.
ҚК 16 б сәйкес есі дұрыс еместік 2 критеримен белгіленеді: медициналық, заңды. Медициналық критерий-адамның созылмалы психикалық ауруын, психикалық қызметінің уақытша бұзылуын, басқа аурумен ауыратын жағдайын айтамыз. Олардың 4 түрі:1) созылмалы психикалық ауру 2) уақытша психикалық ауру 3) кем ақылдық және т.б. ұқсас аурулар.
Созылмалы психикалық аурулар ұзақ ауру және қиын жазылатын немесе жазылмайтын аурулар. Кейде олар приступ арқылы көрінуі мүмкін, бірақ өзінен кейін дефект қалдырады. Бұл аурулар: мизефрения, эпилепция, паралич.
Уақытша психикалық аурулар - бұл уақытша психикалық аурулар, яғни жазылатын аурулар. Бұлар: потологиялық, психикалық істен шығуы.
Кем ақылдылық-психикалық іс-әрекеттің түсуі, адамның интеллектуалдық қабілетіне әсер етілуі. Бұл ауру адамның ми қабілетілігінің жоғалтуы немесе ол туылғаннан немесе психикалық ауру арқылы пайда болады. Кем ақылдылықтың 3 түрі бар: 1) жеңіл 2) орта 3) ауыр.
Басқа да психикалық аурулар - бұл аурулар психикалық ауруларға жатпайды, бірақ соған қарамастан психиканың бұзылуымен бірге келеді. Мысалыға, гомоцинацияға әкелуі мүмкін және сол уақытта аурудың ақыл ойының немесе еркінің жұмыс істеуі бұзылуы мүмкін. Бұл сияқты жағдайлар бас миының травмалануы немесе мидың ісігі ауруларында болады.
Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін тек медициналық критерий жеткілікті емес. Мысалы, кейбір деңгейдегі кем ақылдылықтың әрқашанда оның іс-әрекетін және тәртібін басқара алу қабілеттілігінен айыра алмайды. Егер кем ақылдылық деңгейі а) болса және құқықтық критеридің болмау себебінен ол адам есі дұрыс деп танылуы мүмкін. Дәл осылай адам мысалыға мас болуының себебінен өз іс-әрекетінің қабілеттілігін түсінбеуі мүмкін. Бұл жағдайда тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды және есі дұрыс емес деп танылмайды. Яғни тек құқықтық және медициналық критерилердің қосындысы ғана тұлғаны есі дұрыс емес деп тануға негіз бола алады.
Есі дұрыстық сияқты, есі дұрыс еместік те құқықтық түсінік. Сол себепті тұлғаның есі дұрыс немесе есі дұрыс еместігі туралы қорытынды нақты қылмыстық іс бойынша сот (алдын ала тергеу барысында анықтау органы, тергеуші, прокурор) береді. Бірақ өз шешімдерін заңгерлер сот-психиаторлық эксперт қорытындысымен негіздейді. КІЖК байланысты бұндай экспертиза жүргізуге міндетті, егер айыпталушының немесе сезіктінің есі дұрыстығына немесе іс бойынша іс жүргізу кезінде өз әрекеттеріне есеп беру немесе оларды басқару туралы күмән туса. Бірақ анықтаушы тергеуші сот үшін бұндай қорытынды барлық экспертизалардың қорытындылары сияқты міндетті емес. Олар сот психиатордың экспертиза қорытындысымен келіспеуі мүмкін, бірақ бұндай келіспегендіктің нақты негіздері болуы керек.
1997 ж ҚР ҚК бірінші рет Қазақстанның қылмыстық құқығында ерекше боп пайда болды, есі дұрыстығын нақтылайтын психикасы бұзылған тұлғалардың жауапкершілігі. (17 б).
17 б 1 б сәйкес қылмыс жасаған кезінде психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс әрекетінің іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық уақытымен толық көлемде ұғына алмаған немесе оған не болмағанын есі дұрыс адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс. Сонымен бірге осы баптың 2 бөліміне сай есінің жоқтығын сыртқа шығармайтын психикалық бұзылуы сот жаза тағайындау кезінде жеңілдетуші мән-жай ретінде ескереді және медициналық мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз бола алады.
Сол себепті психиканың бұзылуы деп ҚР ҚК 17 б 2 б сәйкес есі дұрыстықты жоққа шығармайтын психиканың бұзылуы әрқашан қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін жеңілдетуге міндетті емес. Яғни ҚР ҚК басқа мемлекеттің ФРГ, КР және басқа мемлекеттің КК сияқты тікелей формулировкада жасалған емес. Бұл дұрыс болып табылады, өйткені жазалау барысында сот істің барлық мән жайларын және қылмыскердің жеке міндеттемелеріне сүйене отырып тиісті жазасын белгілеуге тиіс. Егер психикалық анамалиялар қылмыс жасауға және оның нәтижелерінің болуына әкеліп соқтырған себепті байланыстың негізі болған жағдайда бұл адамның жазасы жеңілдетуі мүмкін. ҚР ҚК 18 бабы былай дейді: Алькоголді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.
ҚК бұл бабы паталогиялық емес мастылықтың жай түрін айтып отыр. Жай мастану кезінде өз әрекетіне есеп беру қабілеттілігінен айырылса да өз әрекеттерін басқара алмаса да есі дұрыс еместік деп қарауға жатпайды. Өйткені бұл жағдайда медициналық критерий жоқ, яғни бұл адамда есін шектейтін психикалық бұзушылық жоқ. Мастылық алкогольдік ішімдікті немесе наркотикалық затты пайдаланудан болады және оның мөлшеріне байланысты мастылық жағдайдағы тәртібінің болуы. Бұл басқа да факторлармен ерекшеленеді мысалыға оның тәрбиеленуі, культуралық деңгейі және т.б. Бұның барлығы мастылықты психикалық аурудан ажыратуға жол береді.
Жай мастылықтан паталогиялық мастылықты ажырата білу тиіс. Паталогиялық мастылық - алкогольді қабылдаудан пайда болатын ауру жағдайы. Психиатриада бұл мастылық психиканың бұзылуына жатқызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет