Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


Қылмыстың жиынтығының түсінігі мен түрлері



бет59/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

Қылмыстың жиынтығының түсінігі мен түрлері.
Егер адам ҚК-ң әр түрлі баптарында, ал жеке реттерде баптардың бөлігінде көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істесе, оның бірде біреуі үшін сотталмаса немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, онда оның іс-әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп танылады. Басқа сөзбен айтқанда кінәлі түрде істелген іс-әрекетте екі немесе одан да қылмыстың құрамы болады.
Егер де бір әрекет жалпы және арнайы бөлімінің белгілеріне сай келсе, онда қылмыстың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық ерекше бөлімге сай тартылады.
Жиынтық идеалдық және нақты болып екіге бөлінеді.
Қылмыстық идеалдық жиынтығы деп кінәлінің бір іс-әрекетінен бірден қылмыстық заңның әр түрлі баптары, тармақшалары, бөліктері бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыстардың істелуін айтамыз.
Ал қылмыстың нақты жиынтығы деп адамның әр түрлі іс-әрекеті арқылы қылмыстық заңның әр түрлі бабына жататын қылмыс жасауын айтамыз.
Нақты жиынтық деп кінәлінің әрекетін айтуға болады, ол аяқталған немесе дайындалу, оқталудан көрсетуге болады.
Қылмыстың бірнеше мәрте жасауы.
ҚР ҚК-ң 11 б сай қылмыстың бірнеше мәрте жасалуын бір бапта көзделген қылмысты бірнеше рет жасауын айтамыз.
Екі немесе одан да көп қылмыс жасау кезінде, яғни олар әр түрлі баптарға жатса, бұны бірнеше мәрте жасалды деп тек қана ҚК-те Ерекше бөлімінде көрсетілген кездерінде болады.
Егер бұл істелген істер қылмыстар үшін оны істеген адам қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатылса немесе заңда берілген тәртіп бойынша осы қылмыстары үшін сотталғандықтан арылса немесе сотталғандығы жойылса қылмыс бірнеше мәрте жасалды деп танылмайды. Сол сияқты жалғаспалы қылмытар де бірнеше рет мәрте жасалған қылмыс болып табылмайды. Екінші рет және одан кейін де қылмыс жасау кінәлінің жеке тұлғасының аса қауіптілігін, оның тұрақты қоғамға қарсы бағыттылығын көрсетеді. Сонымен бірге, екінші және одан кейін жасалған бірнеше рет жүзеге асқан қылмыстар қоғам үшін неғұрлым қауіпті, өйткені олар жәбірленушілердің көп санына зиян келтіреді және т.б. Бұл жағдайларды ескере келе, заң шығарушы қылмыстың бірнеше рет жасалуын қылмысты саралайтын белгілерге жатқызады.
Бірнеше рет қылмыс жасаудың құрамдаушылары болып егер ол заңда қарастылғанболса, бір текті қылмыста табылуы мүмкін, оларға бірдей немесе ұқсас тікелей объектілерге озбырлық жасайтын, бірдей кінә нысанымен және ұқсасуәждармен жасалған қылмыстарды жатқыз уқажет.
ҚК 5-б.11-бабына сәйкес, қылмыстың бірнеше реет жасалуы ҚК-те неғұрлым қатаң жазаға әкелетін жағдай ретінде қарастырылған жағдайда, тұлғаның жасаған қылмыстары бірнеше реет қылмыс жасағаныүшін жаза көзделген ҚК Ерекше бөлімінің бабындағы тиісті бөлігі бойынша сараланады.
Қылмыстардың жүйелілігі қылмыстық заңның бір қатар баптарының саралау белгісі ретінде көзделеді.
Жүйеліліктің сандық құрамы кінәлінің өз сипаты бойынша бірдей болып табылатын кемінде үш қылмысты жасауын талапетеді. Дегенмен бірнеше рет қылмыс жасаудан ерекше, жүйеліліктің сапалық өзінділігі кінәлінің қылмыстық іс-әрекеттері азды-көпті ұзақтылы кезеңнің барысындағы оның қылмыстық мінез-құлқының белгілі бір желісі (жүйесі) болып табылатындығында жатыр.
Осылайша, жүйелілік дегеніміз – кінәлінің қылмыстық мінез-құлқының белгілі бір желісін сипаттайтын бірдей қылмыстарды, егер олардың еш біреуі үшін ол сотқа тартылмаса, үш рет немесе одан артық жасауы.
Қылмыстык әсі ретінде жасау дегеніміз – кінәлі үшін тіршілік ету құралдарының негізгі немесе қосымша көзі болып табылатын табысқа қол жеткізу мақсатымен жасалатын жүйелі қылмыстық қызмет.
Бірнеше рет қылмыс жасаудың қылмыстық-құқықтық салдары келесіде жатыр:

  • ол жаза тағайындау кезінде жауапкершілікті ауырлататын жағдай болып табылады (54-б., 1-бөл., «а» т.);

  • қылмысты саралауға әсер етеді (120б. 2-бөл. «г» т., 121 б. 2-бөл. «г» т., 125-б. 2-бөл. «б»т., 175,176, 177, 178, 179, 180, 181 бб.);

  • қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігін болғызбайды;

  • жаза тағайындаудың ерекше, неғұрлым қатаң тәртібін көздейді (58-б.);

  • қылмыстық жауапкершілікке тартылудың мерзімнің өтуін тоқтатады (69-б., 4-б.);

  • шартты түрде соттаудың күшін жоюды талап етеді (64-б., 4,5 бб.).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет