Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»



бет62/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

Қылмысқа оқталу.
Оқталу деп қылмыс жасау сатысын айтамыз. Яғни кінәлінің әрекеті қылмыс жасауға бағытталған яғни олар объективті жағының қажетті элементіне жатады. Бұл әрекеттер қылмысты аяқтауға бағытталған және қоғамға қауіпті нәтижесін жеткізуге ұсынған, бірақ оқталу кезінде кінәліге байланысты емес мән-жайлар бойынша аяқталмайды. Бұл ҚР-ң ҚК-ң 24 б 3 б көрсетілген.
Қылмысқа оқталу 4 белгісін қамтиды:

  1. Тікелей қылмыс жасауға бағытталған (қылмыскер атты бірақ тигізбей қалды). Ату барысында жәбірленушінің өмірі қауіпте болды. Оқталу кезінде субъект қылмыстың құқрамын жүзеге асыруға кіріседі және ҚК-те көрсетілген диспозициясында әрекеттер жасайды. (ұры сейфті бұзып жатқанда ұсталды).

  2. Субъективтік белгісі оқталу тек қасақана оймен жасалуын айтамыз.

  3. Қылмыстың құрамының атқару кезінде аяқөталуына жетпей тоқтап қалуы. Осы белгісімен оқталу аяқталған қылмыстан ажыратылады.

  4. Қылмыс кінәлінің әрекетіне байланысты емес мән жайлар бойынша аяғына жетпейді.

Оқталу аяқталу дәрежесіне сай аяқталған және аяқталмаған, жарамды және жарамсыз.
Аяқталмаған оқталу деп субъект өзіне байланысты емес мән жайлар бойынша барлық объектитік әрекеттерді жүзеге асырмауы (ұшақты ұрлау барысында қылмыскер алдына тұрып жатқан адамды атып жібергенде ұсталып қарулансыздандырылды).
Аяқталған оқталу кезінде объектитік толық әрекеттер орындалған кезде бірақ қылмыстық нәтиже оған байланысты емес жүзеге асты, мысалы, М. Аяқталмаған оқталу жасады, ол жәбірленушіге мылтықтан көзделіп жатқанда С. оның қолынан ұрып оны ұстап алды. М. әрекетінде аяқталған оқталу болды, егер де ол атып өлтіру мақсатында тигізбей қалды. Келесі мысалы, пара беруші параны делдал арқылы берген кезде делдал оны өзіне қосып алды.
Қылмыстық құқық теориясында: а) жарамсыз объектіге оқталу б) жарамсыз құралмен оқталу.
Жарамсыз объектіге оқталу кінәлінің әрекет жасаумен мінезделеді. Бірақ ол белгілі объектіге қол сұққан кезде де ол объектіге нақты қауіп тумайды. Өйткені ол жарамсыз объект. Осы жағдайда сұғушылық пәні болмайды. (бос пәтерді тонауға оқталу, өлген адамды ату.).
Ал жарамсыз құралмен оқталу, яғни кінәлі құралдың жарамсыз екенін сезбей қылмыс жасауға ұмтылу. (оқталмаған қарудан ату, қауіпсіз дәрімен өлтіруге оқталу).
Көп жағдайда жарамсыз объектіге оқталу немесе жарамсыз құралмен оқталу қоғамға қауіп туғызуы мүмкін және қылмыстық жауаптылық осы үшін жалпы негіздер бойынша тартылады. Субъективтік жағынан субъектінің әрекеттері белгілі қасақана рймен жасалады, бірақ оның кінәсі ойында емес нақты әрекет үшін сараланады. Осы жағдайларды қылмысты аяғына жеткізбей кінәлінің әрекетіне байланысты емес болады. Сондықтан субъективтік жағынан бұл әрекеттер қоғамға қауіпті екенін көрсетеді және субъектінің әлеуметтік қауіптілік жағдайын көрсетеді.
Ал объективтік жағынан осы әрекеттер шынында қылмыстың объективтік жағы болып жатқызуға болмайды, өйткені олар объектәге әлі нақты қауіп туғызбайды. Бірақ көп жағдайда кінәлінің әрекетінде қоғамға қауіптілігі болмаса оған білмеген кезде мән-жайлар бойынша (мүліктің белгісіз жағдайда болмай қалуы). Бұл мән-жайлар қылмыстық жауапкершілікті негіздемейді не жоя алмайды. Сондықтан жарамсыз оқталу жазалауды көздейді.
Таңдаған жарамсыз құралдардың фактісі көп жағдайда жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып ескерілуі мүмкін. Бірақ ол субъектінің қоғамға қауіптілігін аса емес екенін дәлелдейді.
Ал жарамсыз құралмен жарамсыз объектіге оқталу қоғамға қауіп туғызбайды. Бұл жағдайда жауаптылық негіздер бойынша жойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет