Байланысты: УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2
Қатысушылардың түсінігі, түрлері. Қазіргі қылмыстық заңға сәйкес қатысушыларды түрлерге бөліп саралайды.
Оларды атқаратын қызметіне байланысты бөледі. Атқару әрекетіне байланысты оларды атқарушы, ұйымдастырушы, көмектесуші және айдап салушыға бөледі. Қылмыстың атқарушысы болып тікелей қылмыс жасаған адамды айтады, яғни ҚК-ң Ерекше бөлімінде көзделген белгілерді оның әрекетіне жатады.
Қылмыстың атқарушысы болып жауапкершілікті көтере алатын және қылмыстың субъектісіне сай келетін тұлғаны айтамыз. (Кәмелетке толуы), (есі дұрыстық) және соған көзделген қосымша белгілері бойынша жататынын көрсетуге болады. Осының мәні былай талқыланады: егер кінәлі адам қылмыс жасап, сол әрекет ҚК-ң ерекше бөліміне сәйкес арнайы субъектінің белгілері болуы керек десе бірақ кінәлі де ол белгілері болмаса лауазымды тұлға болмаса онда ол сол қылмыс үшін арнайы субъект ретінде атқарушы бола алмайды.
Қылмыстың атқарушылары болып қылмыстық мақсатта субъект белгілері жоқ адамды (қылмыстылық жауаптылыққа толмаған адам) санаймыз. Соған сәйкес абайсыз немесе шатасып қылмыс жасаған кезде немесе оларды қолданған кезде сұрақтар осылай шешіледі.
Қылмыстың объективтік жағы бірнеше адаммен жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда атқарушылық органға ие болады. Атқарушы болып қылмыс жасамаса да, бірақ тікелей көмек көрсеткен адамдаржы санауға болады. (Яғни қылмыс жасау кезінде жәбірленушіні ұстап не байлап жатқаны).
Атқарушының әрекеті ҚК-ң Ерекше бөліміне сай сараланады. (28 б сілтелейді). Қылмыстың аяқталуына байланысты әр қатысушының әрекет сараланады. Егер атқарушыны оқталу үшін жауапқа тарту керек (мысалы, ҚК-ң 24, 28, 99 б б сәйкес).
Жауапкершіліктің шектері, саралануы әр қатысушының жасаған әрекетіне байланысты бағаланады.
Қылмыстың субъективті жағы атқарушының жасағанына байланысты тікелей және жанама оймен негізделеді. Атқарушы өз әрекетінің қоғамға қауіпті екенін екнін сезеді және барлық қатысушылармен бірге оның жүзеге асуын тілейді.
Қылмыстың ұйымдастырушысы - ол қылмысты ұйымдастырған және басқарған адамдыайтамыз .Бұл ең қауіпті қатысуша ретінде қатысады. Әлеуметтік зерттеулердің мәліметі бойынша (52% көбі) сотталған ұйымдастырушылардың көбі қылмыстық сотталғандар бар. Олар көбінесе жасы үлкен адамдар және қоғамдық жұмыстардан жалтарған адамдар.
Ол ереже сияқты қылмыстық ұйымның негізгі мүшесі ретінде болады. Бірақ бұл басқа қатысушы кезінде де болады.
ҚК-ң 28 б сай жауапкершілікті екі нысанды мүмкіндік үшін тартылады: қылмысты ұйымдастыру және оны басқару.
Қылмысты ұйымдастыру қатысушыларды біріктіріп, жоспар құрып, бұл әрекеттерді басқаруда мінезделеді. Ұйымдастырушы қылмыстық топты құрып, оның ішінде өзінің күшімен, деңгейімен тәртіп орнатып басқарады.
Қылмысты ұйымдастыру басқару нысанында қылмыстық мақсатқа жетудің жүзеге асады. Ұйымдастырушы барлық қылмыстар үшін қылмыстық ұйымның мүшесінің жасаған әрекеттері үшін толық жауапты болады, егер осы қылмыстар оның қасақана ойымен қоршалса. Осы ережеден кету жеке жауапкершілік қағидасын бұзады.
Әр қашанда ұйымдастырушы қасақана түрде жасайды. Ол өзінің әрекетінің қоғамға қауіптілігін сезеді және қылмыстың аяқталуын алдын ала көреді. Кейбір кезде заңнамашы қылмыстық әрекеттің қауіптілігін ескере отырып жауапкершілікті ҚК-ң Ерекше бөліміне сай сілтеуі мүмкін емес. Сілтеу мүмкін емес егер ұйымдастырушы ұйымдастыру әркееттен басқа атқарушынының әрекетін орындамаса. Егер ұйымдастырушы қылмысты ұйымдастырып немесе басқарса, бірақ объективті жағының орындалуына тікелей қатыспаса, онда оның әрекеті 28 б бойынша сараланады.
Айдап салушы деп біз басқа адамды қылмысқа алдап, қорқытып немесе басқа әдіспен итерсе айтамыз.
Айдап салушы - ол қатысушы адам, ол қылмысқа тікелей қатыспайды, яғни жасырынды түрде қатысады. Оның қызметі басқа адамдарда қылмыс жасауға ниет туғызып, нақты қылмыс жасатуын айтамыз.
Итермелеу - басқа адамды қылмыс жасауға, одан пайда көретініне бұрғызу. Нақты түрде оның қызмет психикалық түрде: қорқытып, сатып алу, алдау қорқыту ретінде жүзеге асады.
Көмектесуші ретінде біз қылмыс жасауға жағдай жасаған адамды айтамыз. Ол жағдайлар былай мінездейді: ақыл айту, қару тауып беру, кейін қылмыскерді жасырып қойған адамды, қылмыс іздерін жойған жағдайлар.
ҚК-ке сай көмектесушіліктің 3 түрі бар:
нақты түрде көмектесу
алдын ала жасырамын деп уәде беру
қылмыстық жолмен алынған заттарды сатуға көмектесу.
Әдебиетте көмектесушілікті: құралдарды ұсыну, қару беру, қайшылықты жою (яғни қылмысты қалай жақсы түрде жасау).
Тікелей көмектесу осыда мінезделеді. Ал интеллектуалды көмектесу (ақыл айту, жарлық айту) осымен мінезделеді.