Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»



бет73/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

Жазалаудың мақсаттары
Жазаның мақсаттары дегеніміз –бұл сот қылмыстық жазаның нақты түрін қолдануы бағытталатын әлеуметтік нәтижелер.
ҚР ҚК 38-бабына сәйкес «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзету және сотталған адаммен, сондай-ақ басқа тұлғалармен жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу мақсаттарында қолданылады».
Осылайша жазаның мақсаттары:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталған адамды түзету;
в) сотталған адамның тарапынан жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу (арнайы алдын алу мақсаты);
г) басқа тұлғалардың тарапынан қылмыстардың алдын алу мақсаты (жалпы алдын алу мақсаты).
Жазаны қолданудың әр оқиғасы жиынтығын алғанда аталған мақсаттарды көздеуі тиіс.
Жазаның мақсаты ретіндегі әлеуметік әділеттілікті қалпына келтіру қылмыспен бұзылған жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін толық және барабар қалпына келтіруді көздейді.
Әлеуметітк әділеттілікті қалпына келтіруге жазаның сазалық қасиетімен қол жеткізіледі.
Әлеуметтік әділдік сот жазаны жария түрде тағайындай келе (ал сот процестері негізінен ашық отырыстарда өтеді), қоғамның әр мүшесін мемлекет қылмыстық заңды бұзған адамды жазалауға және қоғамдық тәртіпті қорғауға қабілетті екендігіне көзін жеткізетіндігімен қалпына келтіріледі, ал соңғысынсыз бүкіл қоғамның өмір сүруі мүмкін емес.
Жасалған қылмыс пен тағайындалған жазаның арасында, ол өмір мен денсаулыққа зиян келтіру үшін неғұрлым қатаң жаза түрлері, тіпті өлім жазасын қолдануға дейін, ал пайдақорлық озбырлықтар басым көпшілігінде сотпен мүліктік жазамен жазаланатындағын білдіретін шамаластық болуы тиіс.
Жаза сондай-ақ адамдардың әділдік сезімін қанағаттандыру үшін, ал бірқатар жағдайларда олардың қылмыскер жасаған зұлымдыққа зәр сезімін қанағаттандыру үшін қолданылады. Сол себеппен әділ жаза көбіне қоғаммен жағымды түрде қабылданады, ал әділ емес жазаны тағайындау жазаның осы мақсатына қол жеткізбейді.
Оған қоса, әділдік түсінігінің өзі әрекет пен сауап арасындағы, адамдардың шынайы маңыздылығы мен олардың әлеуметтік жағдайының арасындағы, адамның құқықтары мен міндеттерінің арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етудің талабынан тұрады. Кез келген заң, оның ішінде қылмыстық заң да қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің деңгейін реттемелеп, осы арқылы жеке тұлғаны, қоғам мен мемлекетті қылмыстық озбырлықтардан қорғайды. Осы мағынадағы қылмыс қоғамдық өмірдің құрылмына озбырлық жасау ретінде қабылданады.
Жазаның келесі мақсаты болып сотталған адамды түзету табылады. Бұл мақсат сотталған адамның қоғамға қарсы бағытталған, және олардың ықпалымен қылмыс жасалған және оның мінез-құлқынан көрініс табатын және жаңа қылмыстарды жасаудың себебіне айналуы мүмкін көзқарастарын, дағдылары мен бейімділіктерін бейтараптандыруға бағытталған.
Түзету барысында сотталағн адамды тұлғаға, оның құқықтарына және мүдделеріне, қоғамдық пайдалы еңбекке және қоғамдық тәртіпке құрметпен қарау секілді әлеуметтік пайдалы қасиеттерді баулу жүреді.
Жаза шаралары түзетудің түрлі құралдарын талап етеді. Сонымен бірге, түзету құралдары жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның жеке тұлғасын есепке алумен қатар қолданылуы керек. Мысалы, бас бостандығынан айыру кезінде түзетудің негізгі құралдары болып бас бостандығынан айыруды бастан өткерудің режимі, еңбек, сотталғандарға кәсіби білім беру және прогрессивті дайындау, тәрбие жұмысы табылады. Түзету ықпалын жасаудың басқа да құралдары қолданылады: сотталғандардың өз күштерімен қызмет ету ұйымдары, мәдени-ағартушылық жұмыс және басқа қызмет.
Жазаның дербес мақсаты болып арнайы алдын алу мақсаты табылады, ол сотталған адамның тарапынан жаңа қылмыс жасалудың алдын алудан тұрады.
Арнайы алдын алу мақсатына сотталған адамның жаңа қылмыс жасауға физикалық мүмкіндігінен айырылуы арқалы қол жеткізіледі. Мысалы, бас бостандығынан айыру, қамау секілді жазалаудың түрлері үнемі күзету және қадағалау, қоғамнан шеттетумен байланысты ұстаудың белгілі режимімен қатар жүреді. Белгілі бір қызметке ие болу құқығынан айыру кезінде тұлға бұрынғы қызметінде жұмыс істеу және оны жаңа қылмысты жасау үшін қолдану мүмкіндігінен айырылады.
Сонымен қатар, кез келген жаза сотталған адамға құқықтарынан айрылу және қасіреттер келтірумен байланысты, ол кінәліні қылмыс жасаудан бас тартуға мәжбүрлейді, оны үстіне қайтадан қылмыс жасау үшін заң одан неғұрылым қатаң жазаны қарастырады. Қайтадан неғұрлым қатаң құқықтан айыру мен қасіреттерді бастан кешірудің алдындағы қорқыныш тұлғаның жаңа қылмысты жасаудан бас тартуына себепші болады.
Оған қоса, жазаны өтеудің барысында сотталған адамның психикасы сотталған адамды түзетуге бағытталған белгілі бір психикалық ықпал етудің әсерінде болады.
Жалпы алдын алуға келетиін болсақ, оның мәні жазалау арқылы басқа тұлғалардың, ең алдымен санасында заңдар мен басқа да нормативті заң актілерін орындауға деген қажетті тұрақтылық жоқ тұрақсыз азаматтардың тарапынан қылмыстың жасалуының алдын алуда жатыр.
Жазамен, оны қылмыс жасаған жағдайда қолданумен үрейлендіру осындай тұлғалардың санасына және тәртібіне тоқтататын, алдын алатын әсерін тигізеді, оларды қылмыс жасау туралы ойын тастауға мәжбүрлейді.
Жазаның мақсаттарының әрқайсысы дербес сипатқа ие болатындығын, сондай-ақ жазаның басқа мақсаттарымен үйлесімде жүзеге асырылатындығын ерекше атап кеткен жөн. Мұндай жағдайда сот нақты қылмысқа жазаны шығару кезінде жазаның барлық мақсаттарының дұрыс арақатынасына көңіл бөлуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет