Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


- ТАҚЫРЫП. Жаза тағайындау



бет75/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

16 - ТАҚЫРЫП. Жаза тағайындау
Дәріс жоспары
1.Жаза тағыйындаудың жалпы енгіздері
2.Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлар
3.Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
4.Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау
5.Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау
6.Аяқталмаған қылмыс үшін, қатысып жасалған қылымс үшін және қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау
Дәріс тезистері
Жаза тағайындайтың жалпы негіздері
Қылмыстық жаза тағайындау сот өндірісінің тәмәмдайтын және көбіне жазаның мақсатына жеткізетін қылмыстық заңның ең басты элементі болып табылады. Бұл туралы ҚК 52 айтылғанға сәйкес, қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы кодекстің ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және осы кодекстің жалпы бөлігінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындауға және қылмыс жасаған адамға оның түзелуі сондай-ақ жаңа қылмыстың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Қылмыстық кодекстің 52 бабында көрсетілген негіздер сотқа жаза тағайындаудың жалпы ережелерін белгілейді, яғни соттың нақты іске жаза тағайындау кезінде қолданылуы керек заңмен белгіленген (критерии) ҚК 52 бабына сәйкес жаза тағайындалдың жалпы негіздері 4 критериден тұрады. Сот жазаны орнатады: 1) ҚК ерекше бөлігінің тиісті бабында белгіленген шекте; 2) ҚК жалпы бөлігінің ережелері ескеріне отырып; 3) қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті; 4) қылмыстардың сипатты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі айыпталушының жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететінжәне ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамдардың түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайның ықпалы ескеріледі.
Жоғарыда аталып кеткен критерилерді қарастырыныз.
Бірінші критерий, бәрінен сотқа қылмыстық ізге түсу органдарымен сараланған қылмыстарды дұрыс бағалауды міндет етеді. Сотталушының қандай нормамен жауап беру керек екенін анықтап, сот сол норманың санкциясын басшылыққа алады. Егер санкция альтернативтік болса, онда сот жазаның қандай түрі сотталушыға қолданылатын шешеді, ал содан кейін баптың санкциясында көрсетілген шектерді басшылыққа ала отырып оған осы жазаның мөлшерін тағайындайды. Сот қылмысқа жазаны тағайындай отырып, заңның санкцияларда көрсетілген жаза мөлшерінің ең жоғарғы шегінен шыға алмайды. Қандай ауыр қылмыс болмасын санкцияда көрсетілген жазадан басқа жазаның қатаңырақ түрінде тағайындай алмайды. Бұл талаптарды орындамау заңдылық принципін бұзу болып табылады.
Екінші критерий сот жаза тағайындау кезінде ҚК жалпы бөлімінің ережелерін де басшылыққа алуы керек, мысалы, қылмыстар туралы, оның сатылары, заңның уақыттағы, кеністіктегі әрекеті, қылмысқа қатысу туралы, жазаның ұғымы мен мақсаты қылмыстардың, үкімдердің жиынтығы үшін жаза тағайындалу тәртібі. Осыған орай ҚК жалпы бөлімінің институтарының барлық ережелері ескерілу қажет.
Үшінші критерии сот жаза тағайындайды да ҚК 38б 2 бөлігінде көрсетілген жаза мақсаттарын жүзеге асыруы қажет, қоғамдық әділдікті қалпына келтіру, сондаи-ак сотталушыны түзеу және қылмысты жасауды соталушыға және басқа адамдарға ескерту.
Төртінші критерии, сот жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, қылмыстың ауырлығын ескеруі қажет, осылай қоғамдық қауіптілік сипаты жөнінен тонау, ұрлыққа қарағанда қауіптілігі көбірек, кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіруге қарағанда қауіптілігі көбірек. Осыған сәйкес бұл қылмыстарды жасағаны үшін жаза әр түрлі болуы керек. Ауырлығы көп қылмыстарға қатаңдығы жоғары жазаны еске салады және керісінше басқа мән-жайларға қарағанда ауырлығы төмен қылмыс жасағаны ушін жазаның жеңілірек түрі қолданылуы қажет. Бір ауызбен айтқанда, әр нақты іс бойынша сот арқылы істің мән-жайларының барлық жиынтығы, сипаты, және қылмыстардың ауырлық дәрежесі ескеріледі сонымен бірге қылмыскердің жеке басын сипаттайтын келесі мән-жайлар: өмір сүруі, отбасылық жағдайы, денсаулық жағдайы,есінің дұрыс емес екендігін құрамайтын психикалық аномалиярдың болуы, қылмыс жасаған дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы соттылығының болуы, еңбекке деген қатынасы. Сырқы келбеті, аморальдік және қайырымдылық әрекеттері, коллективтегі беделі және т.б. Сонымен қатар сот жаза тағайындағанда істегі жауаптылықты және жазаны ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайларды ескеруіге міндетті. Кәмелеттік жасқа толмағанға жаза тағайындау кезінде сот қарастырылған мән-жайлардан басқа оның өмір мен тәртібінің жағдайын, психикалық дамуының деңгейін, тұлғаның басқа ерекшеліктерін сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуін ескереді (ҚК 80 бабы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет