1-тақырып. Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері және жүйесі. Қылмыстық құқық ғылымы.
Сабақтың мақсаты:Студенттерді Қылмыстық құқық пәнімен, мақсаттарымен, оның пәнаралық байланыстарымен таныстырып, алынған білім мен дағдыларын бекіту. Сонымен қатар, Қылмыстық құқықтың ғылым ретіндегі мақсаты мен міндеттерін таныту.
Қарастырылатын сұрақтар: 1.Қазақстанның қылмыстық құқығының түсінігі, міндеттері және жүйесі.
2.Қазақстанның қылмыстық құқығының қайнар көздері
3.Қазақстанның қылмыстық құқығының қағидаттары
4. Қылмыстық заң
5.Қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: Студенттер әр сұраққа жеке түрде жауап береді.Тапсырмалардың тақырыбы алдын ала таратылып, сол тапсырма бойынша әңгімелесу жүргізіледі, студенттерге дәріс мазмұнын, қосымша әдебиеттерді міндетті түрде алдын ала оқып шығуға ұсыныс беріледі.
Тапсырмалар. Қолдану тәжірибесінен, ақпараттық құралдардан, мысалдарды табу, келтіру, есеп шығару
Сабақты өткізу формасы – мини-конференция
Әдістемелік нұсқаулар. Интерактивті технологияны қолдана әкелей алғанда «өрнектелген ара» әдісінің элементтерінін қолдану.
«Өрнектелген ара» әдісінің элементтеріне кіретіндер:
Мақсатты бөлу: мақсат немесе мәтіндік материал кейбір құрамды бөліктерге немесе тақырыптарға бөлінеді.
Алғашқы топтар: топтың әрбір мүшесі тақырып алып, өзі оның сарапшысы болады.
Сарапшылық топтар: тақырыптары бірдей студенттер сарапшылық топқа жиналып тақырыптарын талдайды, оны қалай меңгеру керек, қалай жоспарлау керек, қандай түрде дәрістеу керек екендігін қарастырады. Алғашқы топтар: Студенттер өздерінін алғашқы топтарына оралып сарапшылық топтарда үйренгендерін басқаларға оқытады.
2-тақырып. Қылмыстық заң Сабақтың мақсаты: тақырпты толық ашу үшін заң актілері мен арнайы заң әдебиеттерді тізімін анықтап алу қажет. Барлық материалдармен, оқулықтармен және нормативтік құқықтық актілермен танысу. Ауызша жауап беру