Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру



бет80/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру
Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адамға сот оның өтеу кезіндегі мінез- құлқын ескере отырып, жазаның өтелмей қалған бөлігін оның жеңіл түрімен ауыстыра алады.Бұл орайда адам жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.Сот оның жазасын өтеу кезіндегі тәртібін ескере отырып жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыра алады. Жазаның өтелмеген бөлігі оның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адам жаза мерзімінің кем дегенде бір бөлігін нақты өтегеннен кейін ауыстырылуы мүмкін.Жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру кезіндегі сот осы кодекстің 39 бабында аталған жаза түрлеріне сәйкес, осы кодексте әрбір жаза түрі үшін көзделген шекте жазаның кез келген неғұрлым жеңіл түрін таңдап алуы мүмкін.
Жүкті әйелдердің және балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру.
Қ.к.регламентінде көрсетілгендей босатудың жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру түрі гумандық және қылмыстық репрессиялық шара айтылған.
Әйелдердің жүкті және шеше болуға дайындалу немесе балалары бар жағдайда жазаның мақсаты жоқ қажеттіліктері айтылған. Сонымен қатар кейінге қалдыру сот құзырында,яғни жасаған қылмыстың қоғамға қауіптілігінің және жеке айыпкерді бағалап қарастыру.
Жүкті әйелдерге жазаны кейінге қалдыруда олардың жүкті екніне, яғни уақытына қарамайды, яғни алыпты үкімнің немесе жаза өтеу негізінде кейінге қалдырудың нақты түрін сот әр түрлі жазаға қолдана алады.Бұл жазаны кейінге қалдырудың нақты түрін тек қана 5 жылға бас бостандығынан айырған ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін қолданылмайды. Баланың 14 жасқа толғанда немесе өліп кетсе, жүкті әйелдің жүктілігі жарап кетсе сот сотталған адамның тәртібіне қарай босатуы немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыруға немесе сотталушыны арнайы мекемеге жазасын өтеуге шешім шығаруы мүмкін.Жазаны кейінге қалдыру мерзімінің аяқталуы немесе жазаны кейінге қалдырудың басқада болдырмайтын жағдай туған жағдайда сот сотталушының тәртібін қадағалап отырған органмен қосылып келесі сұрақтарды шешеді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет