8-тақырып. Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі Сабақтың мақсаты: тақырпты толық ашу үшін заң актілері мен арнайы заң әдебиеттерді тізімін анықтап алу қажет. Барлық материалдармен, оқулықтармен және нормативтік құқықтық актілермен танысу. Ауызша жауап беру.
Қарастырылатын сұрақтар: 1.Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық құқық бұзушылық субъектісінің
түсінігі және маңызы.
2.Қылмыстық жауаптылық жасына жету қылмыстық құқық бұзушылық
субъектісінің міндетті белгісі ретінде.
3.Жауаптылық 14 жастан бастап белгіленетін қылмыстық құқық
бұзушылықтар.
4. Есі дұрыстық қылмыстық құқық бұзушылық
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: Студенттер әр сұраққа жеке түрде жауап береді.Тапсырмалардың тақырыбы алдын ала таратылып, сол тапсырма бойынша әңгімелесу жүргізіледі, студенттерге дәріс мазмұнын, қосымша әдебиеттерді міндетті түрде алдын ала оқып шығуға ұсыныс беріледі.
Тапсырмалар. Қолдану тәжірибесінен, ақпараттық құралдардан, мысалдарды табу, келтіру.
Сабақты өткізу формасы – мини-конференция
Әдістемелік нұсқаулар. Интерактивті технологияны қолдана әкелей алғанда «өрнектелген ара» әдісінің элементтерінін қолдану.
«Өрнектелген ара» әдісінің элементтеріне кіретіндер:
Мақсатты бөлу: мақсат немесе мәтіндік материал кейбір құрамды бөліктерге немесе тақырыптарға бөлінеді.
Алғашқы топтар: топтың әрбір мүшесі тақырып алып, өзі оның сарапшысы болады.
Сарапшылық топтар: тақырыптары бірдей студенттер сарапшылық топқа жиналып тақырыптарын талдайды, оны қалай меңгеру керек, қалай жоспарлау керек, қандай түрде дәрістеу керек екендігін қарастырады.
Алғашқы топтар: Студенттер өздерінін алғашқы топтарына оралып сарапшылық топтарда үйренгендерін басқаларға оқытады.
9 – тақырып. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы. Сабақтың мақсаты: тақырпты толық ашу үшін заң актілері мен арнайы заң әдебиеттерді тізімін анықтап алу қажет. Барлық материалдармен, оқулықтармен және нормативтік құқықтық актілермен танысу. Ауызша жауап беру.