Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


- ТАҚЫРЫП. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары



бет82/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

21 - ТАҚЫРЫП. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
Дәріс жоспары
1.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсінігі және оларды қолдану негіздері мен мақсаттары
2.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері
3.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату
4.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан кейін жаза тағайындау және жазаны орындағы қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
Дәріс тезистері
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары ҚРҚК-ң 7 бөлімінде көзделген. ҚРҚК-ң 88 б 1 б сәйкес сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын:
А) есі дұрыс емес жағдайда осы кодекстің Ерекше бөліміндегі баптарда көздлген әрекеттер жасаған
Б) қылмыс жасағаннан кейін психикасы жазаны тағайындау немесе орындау болып бұзылған.
В) қылмыс жасаған және алкоголизмнен немесе нашақорлықтан емдеуге мұқтаждеп танылған адамдарға тағайындау мүмкін
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының қылмыстық шараларымен белгілі ұқсастыққа ие. Ол жаза сияқты мынада көрінеді, бұл шаралар мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының түрлері болып табылады және сотпен тағайындалады. Бұл шаралар қылмыстық жаза шарасынан қағидалық айырмашылыққа ие.
Көрсетілген мәжбүрлеу шаралары жазаның мұндай қасиеттерінен айрылған: қанаушылық сияқты соттылықты тартады. Олар мемлекетпен сот атынан оларға қолданылған адамдар қоғамға қауіптіә рекеттің теріс бағасын көрсетпейді. Бұл шаралар көрсетілген адамдардың түзелу мақсатын көздемейді. Тек оларды емдеуге немесе психикалық жағдайын жақсартуға бағытталған, сондай-ақ ҚК-ң Ерекше бөлімінде көзделген жаңа іс-әрекет олармен жасалуын алдын алу. Жазадан айырмашылығы сот-медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тағайындай отырып олырдың ұзақтығын орната алмайды. Өйткені адамның денсаулығын жақсарту немесе емдеу үшін қажетті мерзімді анықтай алмайды. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған адамдарға қатысты құқықтарын шектеу олардың қоғамнан изоляциялануын және психикатриялық емдеу орнына немесе мәжбүрлі амбулаториялық қарауға және психиатр дәрәгердің емдеуінде байланысады. Осы адамдарға емдеу кезінде медициналық мекемеден кетуге, ал жеке жағдайларда жақындарымен және туыстарымен кездесуге тыйым салынады, бірақ 1997 ж 16 сәуірінен ҚРЗаңмен №36-1 «психиатриялық жәрдем және оны көрсету кезінде азаматтардың құқықтарын кепілдеу туралы орнатылған».
Психикалық бұзылуынан зардап шеккен адамдарға қатысты сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану, оларға психиатиялық немесе өзге медициналық жәрдем көрсетуді білдіреді.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшін негіз болып табылады:
а)қылмыс жасалу сәтінен немесе одан кейін психикасының бұзылуы бар болуы немесе алкоголизмнен, нашақорлықтан емдеуге мұқтаж есідұрыс адаммен жасау
б) қылмыстық заңнама мен жауаптылық сол үшін көзделген іс-әрекетті осы адаммен жасау.
ҚК-ң 89 б сәйкес осы кодекстің 88 б 1 бөлігінде аталған адамдарды емдеу немесе олардың психикалық жағдайын жақсарту, сондай-ақ олардың осы кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген жаңа әрекеттерді жасауын болғызбау медициналы сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қоданудың мақсаттары болып табылады.
Психиканың жәрдем көрсетудің сонымен бірге медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының негізіг принциптерімен мазмұны 1997 ж 16 сәуірінің ҚР Заңында психиатриялық жәрдем және осы көрсету кезіндегі азаматтық құқықтарын кепілдеу туралы белгіленген. ҚР ҚК-мен қарастырылған заңға сәйкес білім, мәдениет, денсаулық сақтау министрлігін, денсаулық сақтау комитетімен 1998 ж 1 ақпанда бекітілген:

  1. қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған психикасы бұзылған адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу және өзге шараларды қолдану тәртібі туралы нұсқау

  2. арнайыланған типтері психиатриялық бөлімше туралы ереже

  3. интенсивті қадағалау мен орнымен арнаулы типтегі психиатриялық аурухана туралы ереже

  4. арнайы психиатриялық комиссия туралы ереже

Өзінің мазмұны бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары медициналық шаралары болып табылады, сондықтан олардың бірінші кезекте кезекті мақсаты осы шараларды қолданған адамдарды емдеу. Емдеу – бұл адам психикасы осындай жағдайына жету, ол кезде адам психикасының бұзылуының теріс әсерінен толық босатылады және оның мінез-құлқына байланысты болашақта психиатр мамандар жақсы болжам береді, сондықтан ол қауіпті қоғамға қауіпті болуын тоқтатады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдардың психикалық жағдайының жақсаруы білдіреді, адам аяғына дейін емделген жоқ, бірақ психикадағы жақсарылған өзгеріс күшіне, ал бұрын төнген қауіпті сәтте төндірмейді.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың басты мақсаты шара қолданған адаммен емделу уақытында сондай-ақ оның аяқталуынан кейін жаңа қылмыстар жасауын алдын алу. Осы мақсатқа қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және психикалық бұзылуынан зардап шеккен адамдарды қоғамнан бөлек ұстау жолымен, сондай-ақ емдеу немесе оның психикалық тұрғысын жақсарту жолымен жетеді.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау кезінде сот ҚК-ң сондай-ақ Қылмыстық атқару кодексінің осы шараларды тағайындау тәртібін орнататын сәйкес баптармен басшылыққа алуы тиіс.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындаудың тәртібі ҚР-ң Қылмыстық атқару кодексімен және денсаулық туралы заңдарымен белгіленеді (ҚР ҚК 88 б 3 б).
ҚК-ң 88 б 4 б сәйкес осы баптың бірінші бөлігінде аталған және өзінің психикалық жағдайы бойынша қауіп келтірмейтін адамдар жөнінде сот бұл адамдарды емдеу немесе ҚР-ң денсаулық сақтау туралы заңдарында көзделген тәртіппен психиатриялық-неврологиялық мекемелерге жіберу туралы мәселені шешу үшінденсаулық сақтау органдарына қажетті материалдар жібере алады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері ҚР ҚК –ң 99 бабымен көзделген.
ҚК-ң 90 б 1 б сәйкес сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының:
А) емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу
Б) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу
В) мамандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу
Г) интенсивті қадағаланатын мамандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрлерін тағайындауға мүмкін.
Айтылғандай заң медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларды қолданудың мерзімдерін орнатпайды, өйткені аурудың емделетін немесе оның жағдайының мұндай өзгерунің болуын қоршаған орта үшін қауіп төндірмейтінін ішінде мерзімін алдын ала орнату мүмкін емес. ҚК-ң 93 б көрсетілген шаралардың ұзарту, өзгерту және қысқарту тәртібін орнатады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралардың ұзартылуы, өзгертілуі, қысқартылуы дәрігер-психиатрлар комиссиясы қорытындысы негіздерінде мәжбүрлеу емделуін жүзеге асырылатын мекеменің ұсынысы бойынша сотпен жүзеге асырылады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданған адамға сотқа мұндай шараның қысқартылуы немесе өзгеруі туралы ұсыныс енгізу үшін негіздердің бар болуы туралы ұсыныс енгізу үшін негіздердің бар болуы туралы сұрақты шешу үшін алты айда мерзімінде кем емес бір рет дәрігер-психиатрлар комиссиясымен куәландыру өткізу тиіс. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды қысқарту немесе өзгерту үшін негіздердің жоқ болуы кезінде мәжбүрлі емдеуді жүзеге асыратын мекеменің әкімшілігі сотқа мәжбүрлі емдеуді ұзарту үшін қорытынды береді. Мәжбүрлі емдеудің бірінші ұзартылымы емдеу басталған сәттен алты ай өткен соң жүргізілуі мүмкін, ал келесі кезде ол жыл сайын жүргізіледі.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын өзгерту немесе қысқарту сотпен жүзеге асырылады адамның психикалық жағдайдың мұндай өзгерілуі жағдайында, егер бұрын тағайындалған шараны қолдану қажеттілігі керек болмаса не медициналық сипаттағы өзге мәжбүрлеу шарасын тағайындауға қажетілік пайда болса.
Психиатриялық стационарды мәжбүрлеуді емдеу қолдануын қысқартуын жағдайында сот мәжбүрлік емдеуде болған адамға қатысты денсаулық сақтау туралы заңнамасында көзделген.
ҚК-ң 94 б 1 б сәйкес қылмыс жасағаннан кейін немесе жазасын өтеу кезінде өзі іс-әрекет үшін өзіне есеп беру немесе оларға ие болу мүмкіндігінің айыратын психикалық аурумен науқастанған адамға, егер ескіру мерзімі өтпесе немесе оны қылмыстық жауаптылықпен жазадан босатуға негіз болмаса ол сол сауыққаннан кейін жаза қолдана алады.
Психикасы қылмыс жасағаннан кейін бұзылған адам емделген жағдайда жаза тағайындау немесе оны жаңарту кезінде адамға психикалық стационарда мәжбүрлеп емдеу қолданылған уақыт психиатриялық стационарда болған бір күні бас бостандығынан айруды бір есебімен жазалау мерзіміне есептеледі (ҚК 94 б 2 б).
Жазаны атқарумен біріктірген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану ерекшеліктер қатарына ие. Бұл сұрақ ҚК-ң 95 бабында реттеледі.
Осы кодекестің 88 б 1 б көзделген жағдайда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы – бас бостандығынан айру орнында ол сотталған адам жөніндегі өзге де жаза түрлері женсаулық сақтау органдарының емханалық психиатриялық көмек көрсететін мекемелерде орындалады. Сотталған адамның стационарда емдеуді талап ететін психиатриялық жай-күйі өзгерген кезде сотталған адамды психиатриялық стационарға немесе өзге де емдеу мекемесіне орналастыру ҚР денсаулық сақтау туралоы заңдарында көзделген тәртіппен негіздер бойынша жүгізіледі.
Аталған мекемелерде болған уақыт жазаны өтеу мерзіміне есептеледі. Сотталған адамның аталған мекемелерде одан әрі емделуі қажет болмай қалған кезде көшірме ҚР-ң денсаулық сақтау туралы заңдарында көзделген тәртіп бойынша жасалады.
Жазаны орындауға жасалынған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасының қолдануын тоқтатуды жазаны орындаушы органның ұсынуы бойынша психиатр дәрігерлер комиссиясының қорытындысы негізінде сот жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет