Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру



бет69/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру.
ҚК-тің 34-1 б. 1-бөл. сәйкес «өкілетті мемлекеттік органның қызметкерінің немесе осындай органның тапсырмасы бойынша немесе осы органмен бірлесе жұмыс істейтін тұлғаның жедел іздестіру шараларын орындау кезінде жасаған осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтірген іс-әрекеті, егер бұл әрекет тұлғалардың тобымен, алдын ала келісу бойынша тұлғалардың тобымен, ұйымдасқан топпен немесе қылмыстық бірлестікпен (қылмыстық ұйыммен) жасалған қылмыстардың алдын алу, оларды анықтау, ашу немесе тергеу мақсатында жасалса, сондай-ақ заңмен қорғалатын мүдделерге келтірілген зиян аталған қылмыстар келтіретін зияннан аз елеулі болса, және олардың алдын алу, оларды ашу немесе тергеу, сондай-ақ қылмысты жасауда кінәлі тұлғаларды әшкерелеуден басқаша әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін болмаса қылмыс болып табылмайды.
Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері адамның өміріне немесе денсаулығына қауіппен, экологиялық апатпен, қоғамдық апат пен басқа да ауыр салдармен ілесетін әрекеттерді жүзеге асырған тұлғаларға тарамайды».
Қазіргі уақытта жедел іздестіру қызметі саласында қолданылатын негізгі нормативті құқықтық құжат болып 1994 жылдың 15 қыркүйегіндегі «Жедел іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы табылады.
ҚР «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңының 11-бабы былайша анықтайды: «Жедел іздестіру шаралары – бұл осы Заңның 2-бабында көзделген міндеттерді шешуге бағытталған, жедел іздестіру қызметін өз құзыреттерінің шегінде жүзеге асырушы органдардың іс-әрекеттері».
Мұндай шараларға Заң келесі әрекеттерді жатқызады: қызметкерлерді қылмыстық ортаға ендіру; қылмыстық қызметке еліктейтін мінез-құлық моделін қолдану; конспирациялық кәсіпорындар мен ұйымдарды құру; арнайы техникалық құралдарды қолдану; телефон арқылы жүретін және басқа келіссөздерді тыңдау; техникалық байланыс желілерінен, компьютерлік жүйелерден және басқа техникалық құралдардан ақпаратты алу; бақылау, оның ішінде арнайы техникалық құралдарды (аудио-, видеожазуды, кино-, фотоға түсіру және басқа техникалық құралдарды), тұлғаның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін материалдар мен заттарды қолдану арқылы бақылау және т.б.
Заңның 6-бабында Қазақстан Республикының аумағында жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізімі нақты анықталған: ішкі істер органдары; ұлттық қауіпсіздік органдары; Қорғаныс Министрлігінің әскери барлау органдары; қаржы полициясының органдары; Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі; шекаралық әскер органдары.
Жедел іздестіру қызметінің субъектісі дегеніміз – жедел іздестіру заңында және ведомстволық нормативті актілерде көзделген құқықтар мен міндеттеріне ие жеке тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет