Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


Қылмыстың мақсаты мен негізі субъективті жағының негізгі белгілері ретінде



бет56/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

Қылмыстың мақсаты мен негізі субъективті жағының негізгі белгілері ретінде.
Қылмыстың мақсаты мен негізі кінәнің мағынасына кірмейді, бірақ қасақана ниетке құрылуына әсер етеді. Субъективті жағының мағынасына мақсат пен негіз кінә арқылы келмейді (қасақана және абайсыз), сондықтан жеке тәуелсіз белгілері ретінде кіреді. Тығыз байланысына қарамастан мақсат пен негізді айыру қажет.
Қылмыстың негізі - адамның қылмыс жасауына не итерді, не негіз болуын айтамыз.
Қылмыстың мақсаты - тілеген нәтижесін ойлауы, яғнисоған жетуге бағытталған кінәлі адамның әрекеттерін айтамыз.
Қылмыстың негіздері бүкіл жерде нақты болады, тек қана мағынасы бүкіл жерде нақты болады, тек қана мағынасы мен нысаны бойынша әртүрлі болады: қызығушылық, қызғану, өш болу, бұзақылық жағдайлар және т.б.
Ал қылмыстың мақсаты мағынасына қарай сай ажыратылады: байудың мақсаты, қоғамға немесе адамға материалдық моральдық зиян келтіру, ұлттық соғыс қозғау.
Мақсат пен негіздің мәні мынада ерекшеленеді, яғни олар қылмыс құрамынының негізгі белгісі ретінде көрсетіледі, сонымен қатар заңнамашы оларды ҚК-ң нақты бабының диспозициясында көрсетеді. Осыларды қылмыс құрамының қажетті белгілері ретінде тіркейді. Егер қылмыс құрамдарында субъективті жағының қажетті белгісі ретінде мақсат пен негізді көрсетсе, жасалған әрекетте болмаса бұл қылмыс құрамының болмауына немесе басқа қылмыстың құрамына көрсетілуі.
Сонымен бірге осы белгілер қылмыс құрамдарында ауырлататын жағдайлар да болуы мүмкін. (саралану белгілері). Мысалы, қасақана өлтіру құрамында (ҚК-ң 96 б 2 б) - пайда табу мақсатымен; сатудың мақсаты - заңсыз дайындау, қолдану, сақтау, тасымалдау есірткі заттар бойынша қылмыс құрамында болуы. (ҚК-ң 259 б 2 б).
Осыдан басқа мақсат пен негіз субъективтік жағының құрастырушысы белгісі ретінде болмайды, сонымен бірге олар қылмыс құрамында көрсетілмеген, олар тек қана кінәні ауырлататын және жеңілдететін мән-жай болып жазаны тағайынлдау барысында ескеріледі (53, 54 б).
Осыған байланысты қылмыстық құқықтық мәнінің негізгісі барлық субъективті көруінің қылмысқа қатысты нәтижесіне жатпайды, ал тек қана қылмыстық заңда көрсетілген жағдайда. Мысалы, қылмыстың мақсаты - ол елестеу емес, тек заңды мәнге ие, қылмыс құрамының зардабына қосылған. Соған сәйкес негіз де өз бетінше қажет емес, тек қылмыстық заңда көзделген негіздер ғана шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет